Әдебиттер:
1. "Қазақстан-2050" Стратегиясы
2. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі
3. Ермекбаева Б.Ж. "Салықтар және салық
салу" - Алматы, 2009 жыл
4. Құлпыбаев С., Ынтықбаева С. Ж., Мельни-
ков В.Д. "Қаржы": - Алматы: 2011ж
5. http://kodeksy-kz.com/nalogovyj_kodeks/
6. http://www.egemen.kz/2013/02/09/
7. http://www.minfin.gov.kz
8. Сахариев С.С., Сахариева А.С. "Жаңа
кезең - экономикалық теориясы",- Алматы: "Да-
некер" 2010 ж
ВЕСТНИК КЭУ: ЭКОНОМИКА, ФИЛОСОФИЯ, ПЕДАГОГИКА, ЮРИСПРУДЕНЦИЯ
26
Б. Билял
КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ КЕЙС ӘДІСІ: ҚОЛДАНУ
ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мақалада өзгетілді аудиторияда кәсіби қазақ тілін оқытудың технологиясы ретінде кейс әдісі қарастырылады.
Аталған әдістің әр кезеңі бойынша тапсырмалар деңгейі айқындалды. Сонымен қатар, тәжірибе жүзінде осы
әдісті пайдаланудың оң нәтижелері көрсетілді.
Түйінді сөздер: кейс жүйесі, кейс әдісі, шығармашылық жаттығулар, кәсіби-жағдаяттық жаттығулар, жағдаяттық
сұхбаттар, іскерлік ойындар.
Әд.5.
Б. Билял
КЕЙС-МЕТОД В ОБУЧЕНИИ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА: ОПЫТ И
ПРОБЛЕМЫ ПРОДВИЖЕНИЯ
В статье рассматривается кейс-метод, как технология обучения профессионального казахского языка в
русскоязычной аудитории. Определены уровень заданий на каждом этапе вышеуказанного метода. А так же
выявлены положительные результаты применения этого метода на практике.
Ключевые слова: кейсовая система, кейс-метод, творческие задания, профессионально-ситуационные
задания, ситуационные диалоги-интервью, деловые игры.
Лит.5.
Bilyal Balken
CASE SYSTEM IN TEACHING OF PROFESSIONAL KAZAKH LANGUAGE
In the article is given the case system as technology of professional Kazakh language ,s teaching in Russian
classroom. The above stated methods are defined the level of tasks on each step.
Keywords: case system, case methods, creative tasks, professional situational tasks, situational dialogue-interview,
business games.
Lit.5.
1
Мәселенің қойылуы. Тәуелсіз Қазақ елінің
соңғы он жылдағы қарқынды даму үрдісі мен
әлеуметтік жағдайы, шетелдермен халықара-
лық байланысының нығаюы, әлемдік қауымда-
стықтағы беделінің артуы, біліктілік деңгейі
әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, бәсекеге
қабілетті жоғары білімді сапалы мамандарды
даярлаудың қажеттігін туғызып отыр. Маман-
дардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсет-
кіштерінің бірі - олардың мемлекеттік тілді
толық меңгеруі мен оны тәжірибе жүзінде қол-
дана алуы міндеттері қойылды.
Қазіргі кезде елімізде болып жатқан әлеу-
меттік, экономикалық өзгерістерге байланысты
жоғары оқу орындары студенттеріне білім беру
мазмұнын түбегейлі өзгерту көзделген. Мемле-
кеттік тілдің әлеуметтік-қатысымдық қызметін
кеңейту мен дамытуда оның ғылымда, өндірісте,
елдің халықаралық байланыстарында қолдану
аясының кеңи түсуі студенттердің болашақ ма-
мандығымен де байланысты екендігін көрсетеді.
ҚҚЭУ-ді бітіруші түлек - Қазақстан Респуб-
ликасының экономика, бизнес саласындағы
маман, болашақ кәсіпкер. Оның білікті маман
болуы өз елінің тілін жоғары деңгейде білуімен
де терең сабақтасады. Бүгінгі күнгі қоғамдық-
әлеуметтік басты мәселелердің бірі - Республи-
камыздағы азаматтарды мемлекеттік тілде
сөйлеуге және жоғары оқу орнында оқитын сту-
денттерді қазақша кәсіби тілде еркін сөйлей
білуге үйрету болып табылады. Осы тұрғыдан
алғанда, ҚҚЭУ-дегі қазақ тілі бағдарламасы
қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, оның қоғам
өмірінде атқаратын міндеті мен қызметін қалы-
пқа түсіру бағытындағы маңызды іске өз үлесін
қосуда.
Заманауи білім беру үдерісі ең алдымен
жеке тұлғаға бағытталып, студенттің іскерлігін,
коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндет-
терімен ұштасып жатқандықтан, қазақ тілінің
білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс
таңдап алу қажеттілігі туындайды. Ол үшін
қазіргі заман талабына сай мемлекеттік тілді
меңгертуде озық технологияларды, ұтымды
әдіс-тәсілдерді пайдалану, білім беру саласын-
да жүйелі жұмыстар атқару - зерттеудің мақса-
ты болып табылып, еліміздегі ең маңызды әрі
кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі
болып отыр.
Соңғы зерттеулер мен жарияланымдарда
талдануы. Соңғы зерттеулер мен жарияланым-
дарда зерттеу, ізденіс және шығармашылыққа
негізделген өздік жұмыс түрлері ретінде
Қ.Қадашеваның "Қазақ тілін оқыту әдістемесін-
де" сонымен қатар белгілі әдіскерлер оқулық-
тарында мыналар қарастырылып жүр.
1 Philologi master, Work Karaganda Economic University of Kazpotrebsoyuz
УДК 342.725(574)
2 (28) • 2013
27
№1 кесте.
Студенттердің өздік жұмыстарының түрлері
Тапсырмалар
Жазбаша бақылау нысандары
Ақпарат
көздерімен
(оқулықтар,
ғылыми
әдебиет,
зерттеулер, Интернет, басқа оқытушылар, т.б.) өздігімен
немесе студенттердің шағын тобы құрамында жұмыс жасау
Конспект, реферат
Бақылау жұмысы
Берілген сұрақтарға жауап
Эссе, Баяндама,
Глоссарий құрастыру
Бейне-,аудио-,
CD-құралдарда
(электрондық
лекция)
берілген материалдарды өздігінше игеру
Конспект, реферат
Берілген
тапсырма
бойынша
аудиторлық
сабақта
презентация дайындау
Сценарий
Семестрлік жоба дайындау
Апта сайын жоба дайындығы туралы есеп
Жоба
Студенттердің бір-бірімен ұйымдастырған іскерлік ойын
(рөлдік ойын) форматында өткізген консультациясы
Жазбаша есеп
Белгілі бір тақырып бойынша ақпарат жинақтау
Ақпарат көздерінің тізімі
Ақпарат көздерінің тізімін презентациялау
Case-study-да берілген ситуацияларды талдап, оларға берілуі
мүмкін жауаптарды бір топ (3-4 адам) студенттердің
талқылауы
Case-study тапсырмаларын орындау туралы
жазбаша есеп
Берілген тақырып бойынша статистикалық мәліметтерді
талдау
Жазбаша есеп
Берілген тақырып бойынша интервью алу
Интервью мәтінін келтіру және оны талдау
Қандай да бір пікір алуандығын туғызатын мәселе бойынша
мамандар
(студенттер,
тұрғындар,
тұтынушылар,т.б.)
арасында сауалнама құрастыру және оны өткізу
Сауалнама
Сауалнама нәтижелерін талдау
Берілген тақырып бойынша жағдаяттарды (жағдаяттық
диалогтарды) дайындау;
Сценарий
Студенттің
өзін-өзі
бағалау
мақсатында
компьютер
сыныбында өткізген тестілеу
Тест нәтижесі
Студенттің болашақ кәсібіне қатысты игерген тілдік-
қатысымдық материалдарын талдау, талқылау мақсатында
сөз сайыс өткізу.
Қысқаша аннотация
Болашақ кәсіптерінің қазіргі заманауи технологияларына сай
жауап бере алатын мамандық екенін дәлелдеу мақсатында
брифинг өткізу.
Қаралған
мәселенің
аннотациясын
дайындау
Жалпы мәселенің шешілмеген жақтарын
айқындау. Студенттерді қазақша кәсіби тілде
сөйлеуге үйретуде тиімді әдістердің бірі - кейс
әдісі. Кейс әдісі латын тілінен шиеленіскен не-
месе ерекше жағдай дегенді білдіреді[4]. Бұл
әдіс көп уақыт пен материалдық шығынды қажет
ете қоймайды. Сонымен қатар бұл мақаланы
жариялану себебі де.
Кейс әдісін интерактивті әдістің бір нұсқа-
сы ретінде немесе кәсіби әрекеттің белгілері бар
шағын іскерлік ойын ретінде қарастыруға да
және жаттығулар жүйесі де бола алады. Бұл тех-
нологияда оқу материалы тіл үйренушілерге
проблемалық жағдаяттар арқылы ұсынылады,
студент қазақша кәсіби тілде сөйлеуге шешім
қабылдау барысында белсенді зерттеу және
шығармашылық әрекеті арқылы үйренеді.
Кейстерді құрудың келесі негізгі сатылары
белгіленген:
- мақсаттарды анықтау;
- әр түрлі жағдайларға критерийлерді та-
ғайындау;
- қажет ақпарат көздерін белгілеу;
- кейстегі алғашқы материалдарды жинау,
сараптама жасау, oны қолдану бойынша әдісте-
мелік материалдар дайындау.
Оқу үдерісіндегі кейстермен жұмыс жасау
технологиясы келесі сатылардан тұрады:
1) кейс материалдарын зерттеушілердің
жеке өзіндік жұмысы (мәселені сәйкестендіру,
негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған
әрекетті немесе шешімді ұсыну);
2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешу-
ге байланысты шағын топтармен жұмыс.
3) жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегін-
де) шағын топтардың тұсаукесерлері және
тәжірибе нәтижелері.
Кейс жаттығулар жүйесі үш түрге бөліп
қарастырылды:
1. Машықтандыру жаттығулары.
2. Шығармашылық жаттығулар.
3. Кәсіби-жағдаяттық жаттығулар[1].
Кәсіби қазақ тілін үйретуге арналған ма-
шықтандыру жаттығуларымен жұмыс жүйесі.
Машықтандыру жаттығулары - студент
үйренген сөздік қорын ұтымды пайдаланып,
оны кәсіби тілдік қатынаста шеберлікпен қол-
данудың амал-тәсілдерін берік меңгеруін әбден
қалыптастыру мақсатында орындалатын
жұмыс. Жоғары оқу орындарының студенттері-
ВЕСТНИК КЭУ: ЭКОНОМИКА, ФИЛОСОФИЯ, ПЕДАГОГИКА, ЮРИСПРУДЕНЦИЯ
28
не қазақша кәсіби тілді машықтандыру жаттығула-
ры арқылы меңгертуде қолданылатын жұмыстар
жүйесі екі түрге бөліп қарастырылды:
Зерттеудің негізгі нәтижелері. 1. Кәсіби лекси-
камен жұмыс. Студенттер қазақша кәсіби сөздерді
меңгерумен бірге, қазақ тіліндегі кәсіби ұғымдар-
ды, олардың табиғаты туралы мәліметті де бойына
сіңіреді. Нақтылы мамандыққа байланысты таңдап
алынған лексиканы меңгерту үшін, біріншіден, тіл
үйренушіге жаңа сөзді қолдануға жағдай туғызу;
екіншіден, сөздің мағынасын айқындап, оны дұрыс
қолдану амалдарын игерту; үшіншіден, сөздер мен
сөз тіркестеріне қатысты грамматикалық ережелерді
байланыстыра үйрету; төртіншіден, сөздердің қаты-
сымдық бағыттылығын ескеру керек. Кейін бұл
сөздер басқа да жаттығу түрлері мен шағын сұхбат,
мәтін ішінде келесі сабақтарда да қайталанып бер-
іледі. Сөйтіп сөз студент санасында әбден бекіп, оны
кәсіби жағдайда тілдік қатынаста қолдану дағдысы
қалыптасады.
Студенттердің кәсіби сөздік қорын байытудың
бір арнасы мақал-мәтелдерді меңгертумен байла-
нысты. Тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді үйре-
туді жүйелі түрде жеңілден күрделіге қарай
біртіндеп жүргізу қажет.
Студенттерді болашақ мамандығына байланы-
сты кәсіби тілде сөйлеуге үйретудің тиімді жолы -
мәтінмен жұмыс. "Экономика деген не?" деп атала-
тын сабақта мәтінді бермес бұрын оның құрамын-
дағы кәсіби сөздердің мән-мағынасын, оларды
тілдік қатынаста қолдану дағдысын қалыптастыруға
арналған мәтінге дейінгі машықтандыру жаттығу-
лары жүзеге асырылды.
Кәсіби мәтінмен жұмыстың мақсаты: мәтін
ішіндегі мамандыққа қатысты терминдердің мағы-
насын түсіндіріп, меңгерту арқылы студенттердің
кәсіби сөз қорларын молайту, мәтін мазмұнын
дұрыс түсінуге машықтандыру.
Кәсіби мәтінмен жұмыстың тиімділігі: студен-
ттер мамандығына сәйкес терминдермен, кәсіби
ұғымдармен жұмыс істеуге үйренеді, мәтіннің маз-
мұнын өз сөзімен айтуға дағдыланады, маман-
дыққа байланысты ой-пікірін қазақша еркін жеткі-
зуге үйренеді.
Сабақ барысында мәтінмен жұмыстың алдын-
дағы жаттығуларды орындау арқылы студенттер
оның мазмұнын түсінуге дайындалады. Берілген
сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру арқы-
лы олар өз кәсібіне сай белгілі бір ойды байланыс-
тырып айту, жаза білуге үйренеді, мәтін мазмұнын
түсінуге мүмкіндік алады. Мәтіналды жұмысы жаңа
сөзді тыңдатып, қайталату, сосын мағынасын
түсіндіруден, оның баламасын көрсетіп, синоним,
антонимдер арқылы мағынасына сипаттама беру,
аудару, олармен сөз тіркесін, сөйлем құрастыру дағ-
дысын қалыптастыру бағытында жүргізілсе, енді
кәсіби мәтінмен жұмыс жасау кезеңі мәтінді тыңда-
ту, тыңдағанын оқытудан басталады.
Мұнда тыңдалым тұрғысында негізгі мақсат
студенттердің кәсіби мәтіннің мазмұнын түсінікпен
тыңдау, тыңдалған мәтін бойынша қойылған ауыз-
ша сұрақ пен айтылғандарды түсіну дағдыларын
қалыптастырдан тұрады.
Оқылым тұрғысынан мәтінмен жұмыс сту-
денттің оқу техникасын одан әрі жетілдіруге, мәтінді
түсініп оқу, талдау дағдылары жетілдіруге,
мәтінмен өз бетімен жұмыс жасау іскерлігіне ма-
шықтандыруға бағытталады.
Айтылым тұрғысында негізгі мақсат студент-
тердің кәсіби мәтін мазмұнын өз сөзімен жеткізу
дағдысы мен іскерлігіне машықтандырудан тұра-
ды.
Жазылым тұрғысында студенттердің жазылым
техникасын жақсарту, орфографияның негізгі ере-
желерін меңгерту; сөйлемдерді дұрыс құру, қара-
пайым мәтін құрастыру іскерлігін қалыптастыру
жұмыстары жүргізіледі.
Тілдесім бойынша студенттер мәтін мазмұны
бойынша ұсынылған жағдаяттардың біріне маман-
дығы жайында әңгемелеу, сұхбат құру дағдысын
қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды орын-
дайды.
2. Кәсіби қазақ тілін үйретуге арналған шығар-
машылық жаттығулармен жұмыс.
Шығармашылық жаттығулар - студенттердің
кәсіби мәтін мазмұны бойынша кәсіптанымдық
ақпараттарды саралап, зерделеу арқылы, өз
пікірлерін микротоптың басқа мүшелерімен тал-
дай алу, өзара бірлесе ізденушілік іс-әрекет жасау
дағдыларын қалыптастыру, соның нәтижесінде
кәсіби тілдік қатынасқа еркін түсу қабілетін жетілд-
іруге бағытталған жұмыс түрі.
Студенттерге қазақ тілін мамандыққа қатысты
кредиттік технология арқылы үйретуде шығарма-
шылық жаттығулардың келесі түрлері қолданыла-
ды:
Мысалы, "Экономика" мәтінімен келесідей
жұмыстар жүргізілді. Жаттығудың мақсаты: студен-
ттердің сөздіктермен жұмыс жасау қабілетін жетіл-
діру, кәсіби сөздің мағынасын өз беттерімен ізденіп,
түсіне келе, оларды тілдік қатынаста еркін қолдану
дағдысын дамыту.
Жаттығудың тиімділігі: студенттер кәсіби
сөздердің мағынасын ашу арқылы мәтіндегі негізгі
ойды түсінеді, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтып
беруге дағдыланады, сөздерді кәсіби тілдік қатынас
жағдаятында еркін қолдануға үйренеді.
Бірінші кезеңде, мәтін бойынша ассоциограм-
маны құрастырудың негізгі міндеті -ұғым мен кәсіби
сөздердің тіркестік байланыстары арқылы кәсіби
сөздердің мағынасын көрсетіп ашу.
Екінші кезеңде, студенттер ассоциограмманы
құрастыру үшін баспалық мәтіндер, аудиожазба,
бейнефильмдерді де қолдана алады. Олар мәтін
мазмұнымен сәйкес келетін суреттерді іздестіріп
әкеліп, олармен әртүрлі жаттығу (суреттердің атау-
ын атап, мағынасын түсіндіру; сөздерді тіркестіру;
мағыналас немесе қарсы мағыналы сөздерді табу,
т.б) жұмыстарын орындайды. Одан кейін студент-
тер микротоптарға бөлініп, материалды талқылай-
ды, мәтінді тағы бір рет тыңдап, оның мазмұны бой-
ынша маңызды ақпаратты анықтап, баяндайды.
3. Кәсіби қазақ тілін мамандыққа қатысты мең-
гертуге арналған кәсіби-жағдаяттық жаттығулар-
мен жұмыс
Кәсіби-жағдаяттық жаттығулар - қатысым жа-
2 (28) • 2013
29
саушылардың бір-бірімен нақтылы бір тақырып,
кәсіби жағдайға байланысты өзара пікір алысу, ойын
жеткізу, мәлімет алу, қазақша қатынасқа түсу,
сұхбаттасу дағдысын қалыптастыру мақсатында
орындалатын жұмыс түрі[5].
Кәсіби-жағдаяттық жаттығулар:
1. жағдаяттық сұхбаттармен жұмыс;
2. іскери ойындармен жұмыс жүргізу арқы-
лы жүзеге асады.
Жағдаяттық сұхбаттармен жұмыс біріншіден,
нақтылы кәсіби өндірістік жағдайдың, ондағы ма-
мандар арасындағы кәсіби тілдік қарым-қатынас-
тың нәтижесінде туындап, студенттердің табиғи
кәсіби жағдаяттық тілдесімге қатысу дағдысын
қалыптастыруға бағытталады. Екіншіден, нақтылы
бір кәсіп туралы сюжетті сурет, аудио және видеома-
териал, теледидар мен радиодан естіген хабар ту-
ралы тұлғаның өз ойын, пікірін айтқызу арқылы
тілдесімге қатысу дағдысын қалыптастыру бағытын-
да жүзеге асады.
Іскерлік ойындарға негізделген жаттығулар
дегеніміз әртүрлі кәсіби жағдайға негізделген іске-
ри көріністегі рөлді ойнаудағы іс-әрекеті арқылы
студенттердің мамандыққа қатысты меңгерген
кәсіби сөздерді практикалық тұрғыда дұрыс қолда-
ну, сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлем
құрастыру, ойын жүйелі түрде дұрыс жеткізу дағ-
дысын олардың ішкі сезім - санасы, психикасы, кәсіби
ойлауы мен іс-қимылымен қатар қалыптастыру
мақсатындағы жұмыс түрі.
Аталған бағытта жүргізілген зерттеу жұмысы-
ның нәтижелері мен перспективалары. Кейс әдісі
арқылы студенттің бойында келесі дағдыларды да-
мытуға болады:
1. Аналитикалық дағдылар. Оларға келесілерді
жатқызуға болады: деректердің мәліметтерден ай-
ыру шеберлігі, ақпараттарды маңыздылығына
қарай айыра білу, талдау, елестету және оларға қол
жеткізу, байқалмай қалған ақпараттарды тауып,
оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б. Нақты
және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат
сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды. (Жас-
тар және мемлекеттік қызмет, Бағаның түрлері,
Салық деген не, Халықаралық экономикалық қаты-
настар, Ақшаның қызметі, Экономика, Банк жүйесі
т.б.).
2. Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген
нақты жағдайларымен салыстырғанда мәселенің
күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теориялар-
да, әдістер мен принциптерде қолданылатын
тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді.
(Мамандығы бойынша тақырыптарда, Банкте, мар-
кетингтік зерттеу жасау не жарнама,)
3. Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жа-
лғыз Кейспен мәселе шешілмейді. Мұнда, логика-
лық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу ге-
нерациясының шығармашылық дағдылары өте
маңызды. (Аударма шеберлігі, көсемсөз шеберлігі).
4. Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен
төмендегілерді атап айтуға болады: Қаржы, эконо-
мика, банк жүйесі, Ақшаның қызметі мен оның
қазіргі жағдайдағы дамуы, Банкте, Мейрамхана ісі
және қонақ үй бизнесі т.б. тақырыптарында
пікірталасты жүргізу шеберлігі, ойын дәлелді
жеткізе білу. Көрнекі құралдарды және басқа
медиа материалдарды қолдану - топтарға
бірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің
көзін жеткізу, қысқа да нұсқа есеп дайындау.
5. Әлеуметтік дағдылар. Талқылау бары-
сында Кейсте нақты әлеуметтік дағдылар
қалыптасады: студенттің сыни көзқарасын
қалыптастыру, тыңдай білу, дискуссияны қол-
дау немесе қарама-қарсы көзқарасты дәлелдеу,
яғни, көпшіліктің алдында өзін-өзі ұстауы және
т.б. Кәсіби қазақ тілін оқыту кезінде тақырып-
тар бойынша баяндама жасау, презентациялық
слайдтар жасап оны көпшілікке ұсыну, тақы-
рыптар бойынша термин-сөздіктер жасау т.б.
жұмыстар.
6. Өзіндік талдау. Пікірталас кезінде келіс-
пеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете
түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туын-
даған моральдық және этикалық мәселелер
оларды шешудің әлеуметтік дағдыларын
қалыптастыруды талап етеді т.б.
Кейс әдісін қолдану тек оқытумен ғана шек-
телмейді, бұл әдіс зерттеу әдісі ретінде де бел-
сенді қолданылады. Сонымен қатар, білім және
ізденіс мазмұнын біріктіру арқылы студенттің
кәсіби құзыреттілігін көтеруге болатындығы
белгілі. Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу
әдістерімен оңай байланысуы мүмкін.
Кейс стади әдісі интерактивті әдістің бір
түрі ретінде студенттер үшін өте тиімді әдіс
болып саналады [2]. Бұл әдістің көмегімен сту-
денттер өз беттерінше теорияны меңгере оты-
рып, практикалық дағдыларға да үйренеді, со-
нымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне
де ие болады. Студент ситуацияға талдау жасау
арқылы болашақ маман ретінде қалыптасып,
сабақты қызығып оқуға тырысады.
Кейс стади әдісі - оқытушының креативті ой-
лауын дамытып, сабақтың мазмұнын ерекше
құруға шығармашылық мүмкіндігін кеңейту-
ге жағдай жасайды.
Әдебиеттер:
1. Вильгельм фон Гумбольдт. Избранные
труды по языкознанию. "Прогресс" баспасы,
2000., 20-21 б.
2. Ю.Н.Караулов. Показатели национально-
го менталитета в ассоциативно-вербальной сети
// Языковое сознание и образ мира/отв. Ред.
Н.В.Уфимцева.- М.: РҒА Тіл білімі иституты,
2000.-120 б.
3. Л.А.Фурс. Принципы и методы исследо-
вания синтаксиса в когнитивном аспекте/Прин-
ципы и методы когнитивных исследовании язы-
ка. Тамбов қ., ТМУ, 2008. 149-155 б.
4. П.И.Образцов, О.Ю. Иванова. Профессио-
нально-ориентированное обучение иностранно-
му языку на неязыковых факультетах вузов: Оқу
құралы / Ред.алқасы П.И. Образцова.- Орел:
ОМУ, 2005. - 114 б.
5. Дистверг А. Избранные педагогические
сочинения. М.: Учпедагиз.1956. -374б.
ВЕСТНИК КЭУ: ЭКОНОМИКА, ФИЛОСОФИЯ, ПЕДАГОГИКА, ЮРИСПРУДЕНЦИЯ
30
И.Бисалиева
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ ҚАҒИДАТТЫРЫҢЫҢ
ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗІ
Мақалада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі қағидаттарының тұжырымдамалық негізі
қарастырылған. Мемлекеттік қызмет қағидаттары мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі қалаушысы ретінде
авторлық көзқарас білдірілген.
Түйінді сөздер: қағидат, Конституция, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік басқару.
Әд. 7.
И.Бисалиева
КОНЦЕПТУАЛЬНЫЕ ОСНОВЫ ПРИНЦИПОВ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
В статье рассмотрены концептуальные основы принципов государственной службы Республики Казахстан.
Дана авторская точка зрения, что принципы государственной службы имеют основополагающее значение в
системе государственного управления.
Ключевые слова: принцип, Конституция, государственная служба, государственное управление.
Лит. 7.
Indira Bissalitva
CONCEPTUAL BASES of PRINCIPLES of PUBLIC SERVICE
of REPUBLIC KAZAKHSTAN
In clause conceptual bases of principles of public service of Republic Kazakhstan are considered. The author's
point of view is given, that principles of public service have basic value in system of the government.
Keywords: a principle, the Constitution, public service, the government.
Lit. 7.
Достарыңызбен бөлісу: |