Литературы:
1. file:///C:/DOCUME~1/7B5C~1/LOCALS~1/
Temp/Rar$EX00.203/ Акимова Т.А. Теория органи-
зации.- М., 2003.- 367 c/B4519Part28-131.html
2.
http://www.standard-company.ru/
standard-company43.shtml
3.
http://metaphilosophy.ru/
samoorganizaciya.html
4. http://dic.academic.ru/dic.nsf/enc3p/246322
5. Большой Энциклопедический словарь.
http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0...
6.
http://www.standard-company.ru/
standard-company44.shtml
7. Управление малым бизнесом. http://
forbiznes.ru/str6.html
8. Рикардо Сэмлера "МАВЕРИК: История ус-
пеха самой необычной компании в мире". М.: 2007.
- 203с.
9. И. Адизес. Развитие лидеров: Как понять
свой стиль управления и эффективно общаться с
носителями иных стилей/Пер. с англ. - М.: Альпи-
на Бизнес Букс, 2008. - 259 с.
2 (28) • 2013
21
Ахметжанова Ж.
1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІНЕ ҚАТЫСТЫ ТУҒАН ТАРИХИ ӨЛЕҢДЕР
Тарихи өлеңді айтушылар сол оқиғаның ішінде болып, көзімен көрген адамдар. Тарихи өлеңдердің айтары -
қазақ ұлтының бастан кешкен түрлі деректі оқиғалары, тарихи ірілі-ұсақты ел басына қиын-қыстау күн туғандағы
қайғы-қасіреті, мұң мен шері, қуанышы мен келешек өмірге деген үміті.
Түйінді сөздер: тарихи өлеңдер, 1916 жыл, ұлт-азаттық көтеріліс.
Әд.8.
Ахметжанова Ж.
ИСТОРИЧЕСКИЕ ПЕСНИ, ПОСВЯЩЁННЫЕ НАЦИОНАЛЬНО-ОСВОБОДИТЕЛЬНОМУ
ВОССТАНИЮ 1916 ГОДА
Сказатели исторических песен сами и являются непосредственными участниками описываемых ими событий.
Исторические песни являются неотъемлемой частью фонда казахских народных песен. Имелись объективные
и субъективные причины того, что до сегодняшнего дня они не стали объектом научного специального
монографического исследования.
Ключевые слова: исторические песни, 1916 год, национально-освободительные восстания.
Лит.8.
Zhanar Akhmetzhanova
HISTORICAL SONGS OF NATIONAL-LIBERATION REVOLTS OF 1916
In a basis of historical songs freedom of people and the ground, its dream and a dream lay Historical songs are an
integral part of the Kazakh national songs. There were objective and subjective reasons of that about one today they
did not become object of scientific research.
Keywords: historical songs, nineteen sixteen, national liberation revolts.
Lit.8.
Мәселенің қойылуы. Еліміз тәуелсіздік алғ-
анға дейін қазақ тарихи өлеңдері жекелей алы-
нып, арнайы зерттеу нысанасына айналмауы-
ның объективті және субъективті себептері бар
екендігі мәлім.
Тарихи өлеңдер өз бастауын тым ертедегі
түркі тектес халықтар бірлестігі, Алтын Орда,
Ноғайлы кезеңі, Қазақ хандығының құрылуы,
қалыптасуы жайындағы халық басына түскен
аласапыран оқиғалардан алады. Сол тарихтың
сыр-сипатын, шынайы болмыс-бітімін ашу та-
рихшы, әдебиетші қауымға оңай тимегені рас.
Ал, XX ғасырдағы Кеңес үкіметінің идеология-
сы, партияның пәрменшіл саясаты рухани
құндылықтарды терең тануға түрлі қаулы-
қарарлар тасқынымен тосқауылдар жасап, тап-
тық тұрғыдан қатаң қараудың нәтижесінде
тұралатып келді. Шағын өлеңдер түгіл, кең
көлемді эпикалық жырлардың өзі көзден таса,
халық назарынан бүркемеленіп мұрағаттарда,
кейбір үлгілері аңыз болып ел аузында ғана сақ-
талып қалды. Қазақ халқының басынан кешкен
"Ақтабан шұбырынды..." заманы мен "азаттық
жолындағы күрес" оқиғалары туралы ауыз әде-
биеті шығармаларын ұрпақ санасынан өшіру
мақсаты көзделіп, ұлт мұрасына кереғар сая-
сат жүргізілді. Ақиқаттың дәлелі мен деректері
көптің аузындағы аңыз-әңгіме, өлең-жырларда
екендігі айтылса да, өктем саясат өз дегенімен
қажеттісін қалқып, керек емесін көзден тасалай
білді.
Соңғы зерттеу жұмысын саралау және жа-
рияланымдар. Тарихи өлеңдердің бір шоғыры
ХІХ ғасырдағы тарихи жағдайларға қатысты
туған. Бұл ғасырдағы ел басына түскен азаптың
басы Қоқан мен Хиуа хандықтары болса,
екіншісі, Ресей патшалығының империялық са-
ясаты, үшінші, сол ғасырдағы жұт жылдары
деуге болады. Бұл кезеңдегі өлеңдерді жинас-
тыру ісіне Ы.Алтынсарин, И.Бартольд, И.Бере-
зин, Т.А.Сейдалин, С.А.Жантөрин, М.В.Готовиц-
кий, Қ.Бекниязов, Қ.Есжановтардың үлес қосқа-
нын білдік. Кеңес дәуірінде Абай атындағы
ҚазПИ студенттерінің 1948-1949 жылғы ел ара-
сындағы арнайы экспедициялық жұмыстарын-
да көптеген тарихи өлеңдер жинақталған [1].
Қазақ поэзиясында өзге дәуірлерге қара-
ғанда ертерек қолға алынып, мұқият жинақтау
мен зерделі зерттеулерден өткен 1916 жылғы
ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты халық өлең-
дері деуге болады. Бұл көтеріліс туралы тари-
хи тұрғыдан 1947 жылдан бастап тарихи жинақ
құрастырылып, Б.Кенжебаев, Ф.Н.Киреев, Ш.Я.-
Шафиро, Е.Ысмайловтар түрлі еңбектер жазса,
1916 жыл туралы Д.Ысқақов, Е.Ысмайлов,
Ә.Сәрсенбаевтар арнайы жинақ шығарған, 1916
жылғы көтеріліс тақырыбында М.Жармұхаме-
дов ғылыми еңбек жазса [2], ел тарихына қаты-
сты жазылған көп томдықтарда 1916 жылғы
халық поэзиясы мен тарихи түрлі оқиғалар
қалыс қалмай тексерілген.
XIX ғасырдың бастапқы кезеңдеріндегі
Қоқан хандығының тыныш жатқан қазақ ауыл-
дарына жасаған өрескелдіктері туралы халық
өлеңдері біршама сырды ашып, тарихи
оқиғалардың мән-жайынан хабардар етеді. Бұл
тұрғыда "Ақмешітті алу үшін айқас", "Қоқан
ханы Битемірге Жанкісі ақынның айтқан өлең-
УДК 347.783
ВЕСТНИК КЭУ: ЭКОНОМИКА, ФИЛОСОФИЯ, ПЕДАГОГИКА, ЮРИСПРУДЕНЦИЯ
22
дері" тарихи мәліметтерге толы. Халық өлеңі
қоқандықтардың жеңілуіне себепкер болған
орыс әскерлері екендінгін де жасырмайды:
Қоқандық Сыр бойына таласады,
Әскерге ұрыс-майдан жарасады.
Губернатор хұзіреті барған шақта,
Қазақтар көріп тұрды тамашаны,
Ақмешіт сарттарын харап етіп,
Порт Перовский есімді қала салды [3, 223
б.], -
дейді. Бұның тарихи еңбектерде де айтылғ-
анын салыстыру арқылы көз жеткіземіз [4, 362
б.]. Солай дей тұрсақ та, орыс әскерінің ел ішіне
енуі, бекініс пен қала тұрғызуларының астарын-
да үлкен саясат бар болатын. "Дәурені тасқан-
да көршілерді ықтырып, дәрмені басылғанда
бос жатқан қоныстарға ығысып, әйтеуір, кең
жүріп, кең тұрғанға үйренген түздіктерге ауып
қона салар адыра қоныстар мен бөрікпен ба-
сып алар бос белбеу көшелер де қалмады.
Өзгенікі түгіл, өз жер, өз суы мұң болды. Атақо-
нысының шөлі - сенікі де, көлі - басқанікі, шаң-
дағы - сенікі де, шалғыны - басқанікі, бетіндегі
қылтанақ түгі - сенікі де, астындағы алтын
қойма қазынасы - басқанікі дейтін заман туды.
Күллі ұлысыңмен ұлытып жіберетіндей нағыз
үлкен Зар заман осы болды" [5]. Бұндай шын-
дықтың тарихи өлеңдерде көрініс тауып, ел тағ-
дырының тығырыққа тірелгені сөз өнерімен ба-
рынша әшкереленді.
Қазақ даласына тосын оқиға әкеліп, елді
бүліншілікке салған 1916 жылғы ұлт-азаттық
көтеріліс болатын. "1916 жылғы көтеріліс жыр-
ларын ел ақындары, ең алдымен, ауыз әдеби-
етінің ежелгі дәстүрін тарихи жаңа кезеңге
сәйкес ілгері дамытушылар болды. Бұлармен
қатар бұрын ақындығымен көзге түспеген, бірақ
өлең-жырға азды-көпті бейімі бар кейбір қара-
пайым халық өкілдері де сол жылдардағы
өзінің көрген-білгендерін, әсер-сезімін жырға
қосуды салтқа айналдырған, соның нәтижесін-
де 1916 жылғы көтерілістің әрбір көрініс-кезеңін
өзінше толғайтын, көркемдік сапасы әр қилы
халықтық шығармалардың туып қалыптасқаны
байқалады" [6, 276 б.].
Зерттеудің мақсаты. Қазақ поэзиясында өзге
дәуірлерге қарағанда ертерек қолға алынып,
мұқият жинақтау мен зерделі зерттеулерден
өткен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қаты-
сты халық өлеңдері деуге болады. Бұл көтеріліс
туралы тарихи тұрғыдан зерттеулер жүргізіліп,
әлі де жалғасын табуда. Біздің мақсатымыз 1916
жылғы көтеріліске қатысты туған тарихи өлең-
дерді жинап, саралап, ғылыми айналымға енг-
ізу.
Бұрын-соңды шешімін таппаған бөлімнің
жалпы мәселесі. Тарихи өлеңдегі көңіл-күйге
байланысты өлеңдер жеке бір адамға емес,
бүкіл халыққа арналатыны мәлім. Бұл тұрғы-
да мына пікірдің қисынды айтылғанын көреміз.
"Алайда 1916 жылғы көтеріліс поэзиясын-
дағы бұл жанр тарихи жаңа жағдайға сәйкес
тереңдеп, соны сипат алды. Бұлардың үй-іші,
от басындық қана маңызы бар қоштасу, естірту,
жоқтау лирикалары енді әлеуметтік ірі
оқиғаларды жырлау дәрежесіне көтеріліп, оның
жанрлық сипаты мен қоғамдық қызметі өзгерді,
тәрбиелік мәні арта түсті" [7].
Шындығында ел аузындағы "Қоштасу",
"Жұбату", "Дәметкеннің зары", "Аманкелді
өлімі", "Қайғылы ахуал", "Молдаштың хаты-
нан", "Губернатор келгенде", "Татырда", "Ыза-
лы кек", "Наборға іліккен жігіттің мұңы" т,б, ту-
ындылар авторлары ұмытылып, халық поэзия-
сының үлгісі ретінде фольклорлық мұраларға
айналып кеткен. Мәселенің бір негізі халық по-
эзиясының дәстүрлі үлгісінде десек, екінші жа-
ғынан аталған өлеңдердің әлеуметтік кезеңнің
сыр-сипатын жеткізе алатындығында екендігі
назар аударарлық. Мысалы: "Наборға іліккен
жігіттің мұңы" қоштасу сипатында айтылады:
Қош болып тұр көріскенше ағайын,
Көкіректе бар мұңымды шағайын,
Күйіп, жанып өлемін мен өртеніп.
Тілек қабыл болмай кетсе, құр ғайып.
Құрдас, құрбым, аға, іні, қарындас,
Сендерді ойлап құриды ғой ғазиз бас,
Еңірегенмен, зарлағанмен, ата-ана,
Енді саған ғаріп бала табылмас [8, 167 б.].
немесе:
Айырылдың, қайран қазақ, Есіліңнен,
Қаракет, жиған-терген кәсібіңнен.
Тірідей боз баланы жау әкетті,
Болды екен әлдекімнің кесірінен? [8, 75 б.],
-
деген өлеңдердегі қоштасу ел мен жерге
деген ыстық махаббаты, патшаның ісіне қатыс-
ты өрескелдікті барынша ашады. Сонымен қоса
майданға аттанған ерлер, қазақ даласында қару
алып, қарсылық көрсеткен Аманкелді, Бекболат
туралы жоқтаулар ел аузына тез тарап үлгер-
ген. Халықтың осы күйзелісіне ерлікпен жауап
берген қаһарман батырларға арнау өлеңдер
шығарылып, эпикалық тұрғыдан дәріптеуге
ұласқандығын Аманкелді, Бекболат жырлары
дәлелдейді. Бірден көлемді жырға айналмай,
алғашқыдағы ерлігіне қатысты туған "Қамал-
ды бұзған қаһарман" атты ел аузындағы Аман-
келдіге арналған тарихи өлең бұны барынша
анықтай түседі: Мысалы:
Қазақта әскер алу болды талап:
19-31 мен түгел санап.
Патшаға қарсы болмай беріңдер - деп,
Халыққа үйен жарлық келді тарап.
Бас қосып ел ерлері ақылдасты,
Біреулі байлар, болыс мақұлдасты.
Патшаның қаламыз деп қарғысына,
Беруге адам жинап жақындасты.
Торғайға қараушы еді он екі
Ежелден мекен еткен ата қоныс.
Он сегіз мың межесі үй саны бар,
Қалада айдап тұрад ноғай, орыс.
Екі ата: Арғын, қыпшақ қазақтары
Қарайды бір Торғайға санақтары.
Болысқа әскер беру ауыр емес,
Кезекті табылған соң тамақтары.
2 (28) • 2013
23
Он тоғыз бен отыз бір сұрағаны
Зарланып кімпір-шалдың жылағаны.
Сендерсіз бізге дүние не керек?, - деп
Қан аққан көздің жасын бұлағаны.
Отырды Аманкелді қаулап жанып,
Түрленіп құбылады ойға қалып.
Қосақтап малша жасты бермейміз деп,
Орнынан тұра келді айғай салып [8, 183 б.],
-
деген шумақтарды төмендегі тарихи есте-
ліктер де нақтылайды: "1916 жылғы 25 үйінде
19 бен 31 жастағыларды майдандағы қара
жұмысқа алады дегенді естіген соң-ақ, Торғай
үйезіне қараған Арғын, Қыпшақ руларынан
тұратын 12 болыс ел дүрліге бастаған. Ақыры
орыс патшасының қол астынан көшуге, не қарсы
тұрып, соғыс ашуға бел байлаған. Әйтеуір жұрт
жігіт беруге қарсы, жігіттер майданға баруға
қарсы болған. Ағұстың 25-інде Торғай өзенімен
жанаса ағатын Қабырға өзенінің бойына сегіз
мың кісі жиналған. Ішінде ақсақалдары да бар.
Патша жарлығына қарсы болғандардың дені -
осы сегіз мың кісі ішінде. Неше күндей Кеңесіп,
ортасынан Әбдіғапар Жанқожалұлын сарыала
ту бие сойып, ақ киізге салып хан көтерген. Жи-
налған жұрт Әбдіғапар не айтса, соған көнуге
келісімін берген. Сардар ретінде Аманкелді
Үдербайұлы, көмекшілері болып Кейкі мерген,
тағы басқа жігіттер белгіленген" [8, 75 б.].
Міне, Аманкелді батырдың тарихи
көтерілісі осыдан басталып, ерлігі елге аңыз
болып тарап, жыр болып жатталған еді. Ел ара-
сына таралу барысында бірінің шығарушысы
ұмытылып, келесісі қаз-қалпында кейінге жетті.
Белгілі авторлары бар мол дүниеміздің өзі ауыз
әдебиетінің заңды дәстүрін сақтаған. Оның ба-
сты дәлелі сол сұрапылды көзбен көріп, көңілге
түйген Құсайын, Болман, Есқайыр, Омар,
Сүлеймен, Күдері, Досмұқан, Жамбыл, Кенен,
Сартай, Нармамбет, Есдәулет секілді жыр жам-
поздары, айтулы ақындар болатыны зерттеуш-
ілер тарапынан толық қуатталған.
Зерттеудің негізгі тұжырымдары. "Июнь
жарлығынан" кейін дариядай толқыған қалың
елді ақ патшаның зеңбірегін сүйретіп, от қару-
ын арқалаған жазалаушы әскері қоғадай жапы-
рып, талап-тонады. Бала-шаға, шал-шауқан ат
тұяғының астында қалды. Азаматын атты, асты.
Сібірге де айдады, қара жұмысына да алды.
Арқаға тірелген қара мылтықтың күшімен
жат ел, бөгде жұртқа еріксіз кетіп бара жатқан
қазақ жігітінің мына бір өлеңі артта қалған ата
жұртқа дұғай сәлем болып жетті:
Самал тау, өскен елім, шалқар көлім,
Не болар солдат болып көрген күнім,
Есіме қайта-қайта түсе бердің,
Кір-жуып, кіндік кескен туған жерім...
Әуелетіп басталатын осынау ащы әуен -
қайда, неге және не үшін бара жатқанын түсіне
алмаған қазақ жігітінің кеудесін жарып шық-
қан, өз тарихын өзі баяндайтын кең құлашты
деректі өлең. Қайырмасы:
Атты емеспіз, жаяумыз,
Жаяудан да баяумыз,
Он бес сөтке жүргенде,
Омскиге-ей таяумыз.
Әке-шешем бар еді,
Жасы жеткен кәрі еді,
Осынау әнге салдырған,
Он алтының зары еді, -
деп, жігерді құм қылған өкініш, өксікпен
аяқталады.
Бұл бағыттағы жүргізілген зерттеу жұмы-
сының нәтижесі. Қазақ фольклорындағы тари-
хи өлеңдердің шығу тегі мен дамуын жан-жақ-
ты саралап, өзге халықтардың тарихи өлеңдер-
імен салыстыра қарап, жанрлық сипатын анық-
тау және поэтикалық ерекшеліктерінің алғаш
рет арнайы ғылыми-зерттеу нысанына алынуы
- тақырыптың сонылығын сипаттайды.
Тарихи өлеңдерді дәуірлік жағынан ендігі
уақытта былайша тақырыптарға бөліп қарасты-
рған жөн:
1. Тарахи өлеңдердің көне дәуірдегі хатқа
түскен үлгілері.
2. Қазақ хандығы кезеңіне байланысты та-
рихи өлеңдер.
3. "Ақтабан шұбырынды" оқиғасына қатыс-
ты туған тарихи өлеңдер.
4. ХІХ ғасырдағы туған тарихи өлеңдер
5. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс өлең-
дері.
Біздің мақаламыздың тақырыбы 1916 жы-
лғы ұлт-азаттық көтеріліс өлеңдеріне қатысты
болғандықтан осы дәуірдегі өлеңдерді терең
талдауға тырыстық.
Әдебиеттер:
1. ОҒК - қоры. 1077 бума.
2. Жармухаметов М. Восстание 1916 года в
казахской народной поэзии. (Автореферат на
соиск. учен. степени канд. филолог. наук). -
Алма-Ата, 1962. -20 с.
3. Березин И. Турецкая хрестоматия. -Т. ІІІ.
Спб., 1980. -320 с.
4. Қазақ ССР тарихы. -Т. 1. -Алматы: Ғылым,
1957. -360-366 б.
5. Кекілбай Ә. Күй тәңірі. /Егемен Қазақстан.
-1993. -16 қазан.
6. Қазақ тарихи жырларының мәселелері. -
Алматы: Ғылым, 1979. -312 б.
7. ОҒК - қоры. 1165 бума.
8. 1916 жыл. Әңгімелер, өлеңдер мен дас-
тандар. -Алматы: Рауан, 1966. -207 б.
ВЕСТНИК КЭУ: ЭКОНОМИКА, ФИЛОСОФИЯ, ПЕДАГОГИКА, ЮРИСПРУДЕНЦИЯ
24
А.С Ашимова
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ
ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Мақалада Қазақстан Республикасындағы салық саясатын жетілдіру мақсаттары қандай бұл экономикадағы
салық жүктемесін төмендету, мемлекеттік міндеттемелерді реттеу, басымдылық міндеттерді шешуде қаржы
ресурстарын шоғырландыру, бюджеттік кірістердің әлемдік бағалар коньюнктурасынан тәуелділігін төмендету,
мемлекеттік қаржыларды басқаруды құру және бюджетаралық қатынастардың тиімді жүйесін қалыптастыру
болып табылады.
Түйінді сөздер: Қазақстан Республикалық салық саясатын жетілдіру,қаржы ресурстарын шоғырладыру
,бюджетаралық қатынастардың тиімді жүйесі.
Әд. 8.
А.С. Ашимова
СИСТЕМА НАЛОГА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАНА И СТРОКИ
ЕГО УСОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ
Cтатья Республика Казахстан налоги политика совершенствую цель какой этот экономика налог нагрузка
снижаю, государственный обязательство упорядочиваю, приоритет обязанность решаю финансы ресурс
заставляю собраться, бюджетный входящий всемирный цена коньюнктуры риска снижаю, государственный
финансы управляю создание и бюджетные отношение выгодный система формирую являюсь.
Ключевые слова: Казахстан совершенствовать Республиканскую политику налога, ресурсы финансов,
бюджетный выгодная система отношений.
Лист. 8.
Altynai Ashimova Saltanatovna
SYSTEM OF TAX REPUBLIC KAZAKHSTAN AND LINES OF HIM IMPROVEMENT
The article Kazakhstan republic tax politics perfects aim what this the economy ғы tax loading reduces, state
obligation puts in order, priority is a duty decides finances resource compels to gather, budgetary entering world
price коньюнктурасынан тәуелділігін reduces, state finances manages creation and Budget relation advantageous
system forms is.
Keywords: Kazakhstan perfects Republican politics of tax, resources of finances advantageous system relations.
Lit. 8.
Біріншіден: Мемлекеттің тұрақты экономика-
сын құруда салықтар маңызды орын алады. Салық-
тар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты
құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші
рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық
үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Стратегия-2030
қабылданғаннан бері 15 жыл ішінде мемлекетіміз
әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді.
Нәтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша
ІЖӨ-нің көлемі жағынан біз әлемнің экономикасы
жағынан ірі 50 елдің қатарына кіреміз.
Бизнес деңгейіндегі болашақ салық саясаты
ішкі өсімді ынталандыруы және сыртқы нарықта-
рға отандық экспортты, ал азаматтар деңгейінде
олардың қорларын, жинақтарын және салымдарын
ынталандыруға тиіс. [1]
Бюджет кірісінің негізгі үлес салмағын салық
түсімдері алады. Нақтырақ айтқанда, салық
түсімдері бюджет кірісінің 94,9 пайызын құрайды.
Екіншіден: 2013 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш
бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістері 101,5 пай-
ызға, салық түсімдері 101,9 пайызға орындалды.
Негізгі кіріс көздері бойынша жоспар толық орын-
далды. Тек корпоративтік табыс салығы бойынша
жоспар 96,3 пайыз мөлшерінде қалыптасты. Корпо-
ративтік табыс салығы түсімдері азаюына әсер еткен
негізгі себептердің бірі, әлемдік рыноктағы металл
бағасының тұрақсыздығы болды. Мәселен, 2012
жылдың 11 айында қорғасынның бағасы 22,4 пайы-
зға, мырыш - 12,7, мыс - 11,2, алюминий - 16,4, фер-
рохром бағасы 11 пайызға төмендеп кетті. Бірақ
мұндай себептерге қарамастан 2013 жылғы салық
түсімдері алдыңғы жылдармен салыстырғанда
әлдеқайда жоғары.
Сурет - 1. 2005-2013 жылдардағы мемлекеттік бюджетке түскен түсімдердің құрылымы (млрд.тг.)
0
100
200
300
400
500
600
700
2005
2007
2009
2011
2013
Салық түсімдері
Салықтан тыс түсімдер
Негізгі борышты өтеу
УДК 336.2.027(574)
2 (28) • 2013
25
2012 жылы қосымша құн салығы бойынша
бюджетке түскен түсім 914,4 млрд.теңге немесе
жоспардың 103,1 пайызын құрады. Кеден одағы
елдерінен импортқа салынатын қосымша құн
салығының жоспары 101,3 пайызға орындалды,
оның артығымен орындалуына бұрнағы жыл-
мен салыстырғанда, осы елдерден келетін им-
порттың 10,5 пайызға өсуі себеп болды. Жеке
табыс салығы бойынша жоспар 106 пайызға,
әлеуметтік салық бойынша жоспар 104,7 пайы-
зға орындалды. Сөйтіп, 2011 жылмен салысты-
рғанда өткен жылы бюджетке түскен түсімдер
тиісінше 62,3 млрд. және 44,2 млрд. теңгеге
ұлғайды. Бұл көрсеткіш сонымен бірге, тұрғын-
дарды жұмыспен қамту саласында қол жеткіз-
ген оң үрдістерді көрсетеді.
Салық түсімдерін кесте түрінде көрсететін
болсақ.
Кесте-1. 2011-2013 жылдардағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің түсімдері.
Қортынды
2011
2012
2013
Түсімдер
4 249,3
4 365,2
4 770,2
ІЖӨ-ге %-бен
17,9
18,8
18,7
Кірістер,оның ішінде:
4 147,9
4 257,4
4 660,3
Салықтық түсімдер
2 750,2
2 879,3
3 260,5
Капитал мен операциялардан
түсетін кірістер
10,8
15,3
16,2
Салықтан тыс түсімдер
81,7
60,6
62,7
2011 жылғы салық түсімдерін 2013 жылғымен
салыстырғанда неғұрлым көп. Бұл экономиканың
дамып және салық жүйесінің тұрақтанғанының
бірден бір дәлелі деуге болады.
Үшінші: 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап
"Электронды үкімет" дамыту мақсатында салықтық
әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі мен респуб-
ликалық төлем жүйесі Жеке Сәйкестендіру
Нөмірлері/Бизнес Сәйкестендіру Нөмірлеріне
(ЖСН/БСН) көшті және штаттық режімде жұмыс
істеуде. 2012 жылы салық органдары 4 млн. адам-
ның ЖСН-дерін жан-жақты тексеруден өткізді.
Қазіргі кездегі ең маңызды мәселе болып салық-
тан қашу жолдарының алдын алу болып табылады.
Оның себебі, біріншіден-заңдылықтың дұрыс бол-
мауына, екіншіден, бақылаудың әлсіздігі есебінен
міндетті тұлғалар салық төлеуден әдейі бас тарта-
ды. Бұл өз кезегінде жауапсыздыққа, нормативті
актілерді орындамауға либералды түрдегі қатына-
сқа, бетімен жіберушілікке, тіпті сыбайластық пен
жемқорлыққа және салық жүйесінің құлдырауына
әкеледі.
Бұндай жағдайды шешу тек қылмыс заңдылы-
ғының құралдарын қолданатын қатаң әкімшілік
әдістермен реттеу арқылы бола алады.
Салық жүйесінде әлі күнге дейін нашар жина-
латын салықтар көлемі өте үлкен көлемде, ол кәсіпо-
рындағы шаруашылық қызметін нашарлатады, бұл
өз кезегінде бизнестің дамуына кері әсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасындағы салық саясатын
жетілдіру мақсаттары қандай бұл экономикадағы
салық жүктемесін төмендету, мемлекеттік міндет-
темелерді реттеу, басымдылық міндеттерді шешу-
де қаржы ресурстарын шоғырландыру, бюджеттік
кірістердің әлемдік бағалар коньюнктурасынан тәу-
елділігін төмендету, мемлекеттік қаржыларды бас-
қаруды құру және бюджетаралық қатынастардың
тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Жалпы алғанда еліміздің салық жүйесін жеті-
лдірудің негізгі бағыттары болып мыналар табыла-
ды:
-
салық жүйесінің тұрақтылығын қамтама-
сыз ету;
-
салық жүйесін максималды түрде ықшам-
дау;
-
салық ставкаларын төмендету мақсатында,
салық прессингін әзірлеу;
-
салық прессингін әлсіздендіру;
-
салықтарды алудың парасатты деңгейін
қамтамасыз ету;
-
тікелей және жанама салықтарды оңтайлы
түрде байланыстыру;
Қазақстанда мемлекеттіміздің экономикасын
өркендетіп, шаруашылықты дамытатын салық
жүйесі керек.
Солардың бірі - салық жүйесінің тұрақтылығы.
Салық жүйесінің құрамы, яғни салықтар мен
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және
тағы басқалары бірнеше жыл ішінде тұрақты болып
тұруы керек. Салық салу жүйесін тұрақты деп са-
науға болады, егер де санкциялар мен жеңілдіктер,
салық жүйесінің құрамы, салық салудың принцип-
тері өзгермей кәсіпкерлік қызмет үшін өте қолайлы
болса. Осы аталғандардың барлығы салық жүйесін
дамытуда өте үлкен рөл атқарады. [8.7-13 бб.]
Төртінші: Қорыта айтқанда ұсынып отырған
осы бағыттарды қаржы және салық саясатын жетіл-
діруде мақсатты түрде жүзеге асыру үшін, қаржы
ағынында мемлекеттің реттеуші және бақылаушы
рөлін дамыту керек. Бұл өз кезегінде мемлекеттің
экономикалық қауіпсіздігін нығайтуды қамтамасыз
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |