2.Компьютердің мұғалім ретінде атқаратын қызметі.
Ақпараттық технологияларды қолдану тәрбиешілерге балаларды үйрету уәждемесін арттыруға көмектеседі және бір қатар жағымды себептерге әкеп соғады: — балалардың материалдарды меңгеру үрдісін психологиялық жағынан жеңілдетеді; — заттарды тануда жанды қызығушылыққа еліктіреді; — балалардың жалпы ой-өрісін кеңейтеді; — ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне көрнекіліктерді қолдану деңгейі өседі; — еңбекке деген нәтижелігі артады. Сонымен, ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану балаларды айтарлықтай оңай және тиімді ерте жастан дамуына, ескішіл қол жұмысынан босатуға мүмкіндік береді, мектепке дейінгі білім үшін жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Компьютердің мұғалім ретінде атқаратын қызметі: мұғалім мен оқулықты толықтай
ішінара алмастыратындай білімдік ақпарат көзі; мультимедиа және
телекомуникацияның жаңа мүмкіндіктері негізіндегі көрнекті құрал; жеке
ақпараттық кеңістік; тренажер; талдау және тексеру құралы.
Жұмыс құралы ретінде: мәтінді дайындау және есте сақтау құралы; мәтіндік
редактор; сызба, кесте, графиктік редактор; есептегіш машина; нобайлау құралы.
Компьютердің оқыту обектісі ретінде атқаратын қызметі: берілген тапсырмаға
сәйкес бағдарлама түзу,бағдарламалар жинағын жасау.
XXI ғасыр-ғылым мен техниканың жедел дамыған,мәліметтер ағыны толастаған
ақпараттар ғасыры.Үшінші мыңжылдықта
дыбыстық,графикалық,видео,мультимедиалық,интеративтік тақта,гипермәтіндік
элементтерменоқытатын қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану мүмкіндігі
туды.
3.Компьютерлік оқыту бағдарламасының басылымдылығы.
Компьютерлік оқыту технологиясы – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, өздігiнен
шығармашылықпен жұмыс iстей бiлу қабілетін және қызмет барысындағы
іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, қазақ тілін
үйретуде алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді
көздейтін, берілген тілдік материалды жедел әрі сапалы меңгертуге бағытталады.
Компьютердің білім беру үдерісінде кеңінен қолданыла бастауына байланысты «Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы», «ақпараттық технология» деген терминдер пайда болды.Жалпы сабақ барысында компьютерлік технологияны қолданудың ерекшеліктерін қарастыру үшін, алдымен оның негізгі міндеттерін анықтап алған жөн. Ол үшін:
1. Жаңа ақпараттық оқыту технологиялары
ұғымын айқындау қажет;
2. Ақпараттық технологияларды білім беруде
қолдану және оны енгізу ұстанымдарын
нақтылау қажет;
3. Сабақта ақпараттық технологияларды
қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау
қажет.