18.Проблемалық оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы. • Проблемалық оқыту айырмашылығы бар.
Әдісінің екі түрлі
• Біріншісі, оқыту мақсатына байланысты, мұнда
оқу материалының мазмұны зерттеледі, ол белгілі бір дәрежеде қорытылады. Нәтижесі
практикада сыналып, оқу программаларына, оқулықтарға және қосымша оқу құралдарына
жазылады.
• Екіншісі, педагогикалық процесті ұйымдастыру принципі тұрғысынан
қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім мазмұнының
көшірмесін қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді.
19.Проблемалық оқытудың маңыздылығы. Ғылыми білім логикасының түп-төркіні проблемалы жағдайлардың логикасы болып табылады. Проблемалы жағдайлар мазмұнның белгісіздігіне қарай, проблемалықтың
деңгейіне қарай, ақпарат сәйкессіздігінің түріне қарай, басқа да әдістемелік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Проблемалы оқыту технологиясы – бұл роблемалы жағдайларды,оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға
негізделген технология. Педагогикалық проблемалы жағдай белсенділікті оятатын әрекеттердің, таным обьектісінің жаңалығын, маңыздылығын, сұлулығын және басқа да
ерекшеліктерін айқындайтын мұғалім сұрақтарының негізінде туындайды. Психологиялық – проблемалық жағдай жасаудың өзіндік жеке ерекшеліктері бар. Тым қиын не тым жеңіл танымдық міндет оқушылардың ойында проблемалық жағдай
туғызбайды.
20.Денсаулық сақтау технологиясының мақсат, мәндеттері.
Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты:
- Мектеп жасына дейінгі баланың денсаулығын сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ету - СӨС туралы қажетті білімін, білігін және дағдысын қалыптастыру - Алған білімін күнделікті өмірде қолдануға үйрету
21.Денсаулық сақтау технологиясы мүмкіндіктері. Балабақшаның денсаулық сақтау жүйесі
- Әртүрлі сауықтыру тәртібі (бейімделуге,демалыс кезеңіндегі);
- Шынықтыру шаралар кешені (ауада шынықтыру,денсаулық кілемшелерімен жүру,жалпақтабандылықтың алдын-алу;
-Балалардың таза ауада ұзақ болуын қамтамасыз ету,сергіту жаттығулары;
- Әртүрлі үлгідегі дене шынықтыру оқу қызметі;
- Қимыл тәртібін оңтайландыру: балалардың дәстүрлі қимыл әрекеті(таңғы жаттығу,дене шынықтыру оқу қызметі,қимылды ойындар,серуен) және сауықтыру мен шынықтыруға арналған инновациялық технологиялар (ритмопластика,логоритмика,түйсіну
кілемшелері);
- Рационалды тамақтануды ұйымдастыру;
- Балалар мен ата-аналармен медициналық-прафилактикалық жұмыс;
- Педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда Сан-Эпид талаптарын
сақтау;
- Педагогтардың психологиялық денсаулығын сақтаудағы ісшаралар кешені