22.Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың əрі формасы, əрі əдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу əрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі əрекеті – ойын болса Оқыту үдерісінде ойынның атқаратын қызметі
, оқу-тəрбие үдерісінде олар біртіндеп ойын əрекетінен оқу əрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойынның мақсаты – Ойын технологиясы арқылы 5-6 жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Міндеті – баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар – балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді жəне нақты міндетті шешеді.Ойын:
- сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.
- сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.
- сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
23.Ойын арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі. Ойын арқылы оқыту технологиясы
Жоспарлау;
Мақсаткерлік;
Мақсатты іске асыру;
Тұлғаның әрекеті ретінде ойын құрылымына мыналар жатады:
Тұлға өзін субъект ретінде толық көрсететін нәтижелерді талдау сияқты кезеңдер
жатады.Үрдіс ретінде ойын құрылымына:
Ойнаушының өзіне таңдаған рөлдері;
Сол рөлдерді іске асыру құралы ретіндегі ойын элементтері;
Нәрселердің ойындық қолданылуы, яғни шынайы нәрселердің шартты түрде не ойын түріне ауыстырылуы;
Ойнаушылар арасындағы шынайы қарым-қатынастар;
Сюжет (мазмұн) – ойын барысында шартты түрде алынатын шындық саласы.
Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат)
Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты
(«шығармашылық аясы»).
Әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат»).
Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.