2-аралық бақылау сұрақтары Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері


Мультимедияның құрамды бөліктері



бет4/11
Дата18.04.2023
өлшемі45,77 Kb.
#84019
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
6.Мультимедияның құрамды бөліктері.
Мультимедиялық технологиялар - бейнелік және аудиоэффектілік әртүрлі мульти-бағдарламалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтардың басқаруымен орындай алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілі. Қазіргі кездегі компьютерлік және инновациялық мультимедиялық технологиялар оқу үрдісін толықтыруға мүмкіндік жасайды.

7.Мультимедияның құралдары.


Мультимедия құралдары - бұл әр түрлі орталарды қолданып (дыбысты, видео, графиканы, мәтінді, анимацияны) адамға компьютермен араласуына мүмкіндік беретін ақпаратты және программалы құралдар комплексі. Компьютерлік техника мен желілерді қолдану негізінде ақпараттық үрдістерді жүзеге асыруға бағытталған.
Акпараттық:
компьютер
интерактивті тақта
принтер
проектор
телекоммуникациялық блок
дыбыс-бейне құралдары


8.Мультимедиялық технологиялардың оқытудағы мүмкіндіктері.
Білім берудегі мультимедия - біріншіден, таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, екіншіден, білм беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын дидактикалық аппаратты-бағдарламалық құрал. Мультимедиялық құралдарды пайдалану білім беру саласын, оқыту үрдісін айтарлықтай жақсарта алады. Бұл зерттеу мидың ақпаратты қалай өңдейтінін түсіндіре алатын мультимедиялық құралдардың тиімділігін түсінуімізге барынша ықпал жасады. Осы зерттеу мультимедиялық құралдарды оқыту мақсатында пайдаланудың тиімді, тиімсіздігін көрсететін бірнеше қағидаларды айқындады. Мультимедиялық құралдарды пайдаланатын оқыту барлық мәселелерді шешпегенімен, он бірінші ғасырда қолданылып жатқан оқыту құралдарының ішінде өзіндік маңызды орнын алары айқын. Зерттеулерге сүйенсек, мультимедиялық оқыту құралдары оқушыларды сабаққа ынталандырудың және оқытудың ең маңызды құралы болып саналады.


9.ДЖИК СО әдісі.


ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясыДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясы - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет