2-аралық бақылау сұрақтары Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері


ТРИЗ технологиясы мақсаты



бет6/11
Дата18.04.2023
өлшемі45,77 Kb.
#84019
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
13.ТРИЗ технологиясы мақсаты.
Мақсаты – балалардың ой-өрісін дамытумен қатар, шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін - өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.Тәрбиешілердің қолына балалардың қоршаған ортаның қайшылықтары мен біртұтастығын ұғынуға қабілетті шығармашылық қасиеттерін нақты практикалық тәрбиелеу құралын беру.
Міндеті
балалардың танымдық іс-әрекетін белсендіреді;
шығармашылықтың туындауына ынта береді;балалардың бейнелей сөйлеуін дамыту үшін жағдай жасайды;
барлық тілдік құралдарды меңгерудің тиімділігін арттырады;
ойлау қабілетінің талдау-синтетикалық операцияларыныңикемділігін дамытады.
14.ТРИЗ технологиясының мектепке дейінгі тәрбиедегі тиімділігі.
ТРИЗ – бір рет құрылып, өзгермейтін шығармашылық педагогикалық жұмыстар
жүйесі емес, бұл үнемі дамитын технология.Сондықтан, ТРИЗ-шылар әрдайым ізденісте
болады,балалар мен тәрбиешілердің шығармашылық ойлауын белсендірудің жаңа
әдістерін ойлап табады, дайындайды.Сапалы жаңа білім берудің кепілі – педагогтердің
ынтымақтастық орната білуі, оқу үдерісін бақылауда – ақпараттық-басқару жүйелерін
тиімді қолдануы, білім беру технологиялары саласында мықты дағдыларды игеруі, оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану әдістемелерін меңгеруі педагогтің кәсіби өсуі болып табылады.
15.«ТРИЗ» технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдері.
Топтастыру әдісі
Жүйелік жақындау
Миға шабуыл
Қарамақайшылықты шешу
Салыстыру әдісі
Сиқырлы обьектілер


16.Проблемалық оқытудың мәні.
Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі.


17.Проблемалық оқытудың кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
Проблемалық оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына
байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:
• 1.Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.
• 2.Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.
• 3.Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу.
• 4.Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет