1.Сүйектер туралы ілім-Остеология Остеология - анатомияның адамның сүйек қаңқаларын зерттейтін бөлімі. Остеология тәсілдері антропологияда өте жиі қолданылады. Сүйектердің өзара байланысын анықтай отырып, нәсіліне қарай сүйек пропорцияларына, жынысы мен жас айырмашылықтарына сипаттама береді.
Қаңқа немесе скелет – адам мен жануарлар денесіне тірек және оны сыртқы зақымнан қорғайтын қатты тіндерден құралған, бір-бірімен байланысқан дене сүйектерінің жиынтығы. Қаңқа организмде тірек, қимыл және қорғаныш қызметтерін атқарады; минералдық заттар алмасуына қатынасып, кальций, фосфор, т.б. тұздардың жиналатын қоры болып табылады.
Қаңқа, тіректік және қорғаныштық қызмет атқарады. Омыртқасыздардардың қаңқасының құрылымы ригидті, әртүрлі болып келеді және олар эндоқаңқа және экзоқаңқа деп бөлінеді. Эндоқаңқа органикалық фибрилдардан немесе бейорганикалық қосылыс кристалдардан тұрады. Қарапайымдардың эндоқаңқасы аксостильдер, кейбір талшықтылар фибрилдерден, радиолярилар және фероминфералардың эндоқаңқасы бейорганикалық қосылыстардың кристалдары, губкаларда — спикулалар (карбонат кальцийден түзілген инелерден немесе клетка маңындағы фибриллдерден түзілген силиконнан), ал теңіз жұлдыздары — шеміршектәрізді ұлпалардан тұрады.
Денедегі сүйектердің жалпы саны 206 оның 85 жұп 36 тақ сүйектер.
Қаңқаның адам денесі үшін маңызы үлкен. Ол механикалық және биологиялық қызмет атқарады.
Адам қаңқасы негізгі төрт бөліктен тұрады.
Олар 1 ТҰЛҒА 2 ҚОЛ 3 АЯҚ 4 БАС ҚАҢҚАЛАРЫ
2.Бүйрек үсті бездері - екі бүйректің жоғарғы жағында орналасқан кішкентай, үшбұрыш тәрізді эндокриндік органдар.. Бұл бездер метаболизмді, иммундық жүйені, артериялық қысымды, стресстің реакциясын және басқа да маңызды функцияларды реттеуге көмектесетін гормондардың түзілуіне жауап береді.
Бүйрек үсті безі- suprarenalis
Бүйрек үсті бездері екі бөлімнен тұрады: қыртыс және медулла.
Кортекс - бұл бездің сыртқы бөлігі. Ол кортизол және альдостерон гормондарын шығарады. Медулла - бұл бездің ішкі бөлігі. Ол адреналин және норадреналин гормондарын шығарады.
Бұл - бүйректің жоғарғы ұшында орналасқан жұп бездер. Біреуінің салмағы 6-7 грамм, екеуін қосқанда салмағы шашамен 12-14 грамм. Оң жақтағы бүйрекүсті безінің пішіні - үшбұрыш, сол жақтағы пішіні - жарты ай тәрізді. Бездердің сыртын бүйрекпен қоса тығыз майлы қабық қаптайды. Бүйрекүсті бездері сыртқы қыртысты және ішкі боз (милы) қабаттан тұрады. Ішкі қабаты бездің дәл ортасында, шамамен без ұлпасын 10%-ын құрайды. Сыртқы қыртыс қабаты 90%-ын алып жатыр. бБүйрекүсті безднерінен көптеген гармон түзіледі.
Ми заты екі түрлі гормон бөліп шығарады. Олар - адреналин жəне ноадреналин, бұл екеуі де катехоламиндер тобына жатады, олар - жүйке жүйесінің медиаторы.