2-день Педагогический инструментарий инклюзивного образования



бет1/9
Дата25.10.2022
өлшемі8,02 Mb.
#45257
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2-күн ИНО каз

2-күн Инклюзивті білім берудің педагогикалық құралдары


1. Инклюзивті мектеп: мектеп мәдениеті және құндылықтары. Жағымды оқу ортасы. Сыныптағы ахуал

2

2. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды саралап оқыту тәсілдемесі

2

3. Оқу мақсатына сәйкес тапсырма түрлері

2

4. Практикум: білім алушының жеке білім алу траекториясын жобалау

2

Мақсаты және күтілетін нәтижелер

Мақсаты: әрбір оқушының әл-ахуалын қамтамасыз ететін мектеп мәдениетінің құрамдас бөліктерін қарастыру.

Күтілетін нәтижелер:

  • Инклюзивті ортаның құрамдас бөліктерін айқындайды.
  • Саралап оқытудың мазмұнын, оның түрлері мен тәсілдерін талқылайды.
  • Жеке білім алу траекториясын құрастыру алгоритмін қарастырады.
  • Тапсырмалардың түрлерін атайды және олардың оқу мақсаттарына сәйкес екендігін анықтайды.
  • ЕБҚ (ерекше білім беру қажеттілік) бар бір оқушы үшін жеке білім алу траекториясының жобасын әзірлейді.

1-сабақ Жалпы мектептік стратегиялар: мектеп мәдениеті. Барлық оқушылар үшін өзара сыйластық ахуалы мен дамытушы ортаны қалыптастыру. Жағымды оқу ортасын қалыптастыру: қауіпсіз, жағымды, ынталандырушы орта. Сыныптағы ахуал

Күтілетін нәтиже:

  • Инклюзивті ортаның құрамдас бөліктерін айқындайды

«Жануарлар мектебі» мысал әңгімесі

«Жануарлар мектебі» мысал әңгімесі

Бірде жануарларға арналған мектеп ашылды. Оның мұғалімдері өздерінің оқу жоспары барынша түсінікті деген сенімде болды, бірақ белгілі бір себептермен оқушылардың оқуы сәтсіздіктерге ұшырады. Үйрек суда жүзуде алдына жан салмайтын, бірақ оның ағашқа өрмелеуі мүлдем сәтсіз болды. Маймыл ағашқа өрмелеуде керемет табысқа жетті, бірақ жүзуден үштік баға алды. Тауықтың балапандары дәндерді іздеп табуға өте қабілетті болғанымен, ағашқа өрмелеу сабақтарына жиі қатыспайтындықтан, оларды күн сайын директордың кабинетіне шақыратын. Қояндар жүгіруден айрықша жетістіктерге жеткенімен, жүзу бойынша жеке нұсқаушыны жалдауға мәжбүр болды. Ең қиын жағдай тасбақалардың жағдайы болатын, олар көптеген диагностикалық сынақтардан кейін «дамуға қабілетсіз» деп танылған болатын. Сондықтан олар арнайы сыныпқа, шалғайда орналасқан саршұнақтың ініне жіберілді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет