4-параграф. Тамақ өнiмдерiн кәдеге жарату процесiнде
(сатысында) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тәртiбi
1393. Тамақ өнiмдерiн кәдеге жарату және/немесе қауiп төндiретiн тамақ өнімін жою Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысымен бекiтiлген Адамның өмiрi мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған орта қауiп төндiретiн тамақ өнiмдерiн кәдеге жарату және жою ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
1394. Кәдеге жарату процесiндегі (сатысындағы) ветеринариялық-санитариялық сараптамаға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнiмдерi жатады.
5-параграф. Етке ветеринариялық таңба басу тәртібі
1395. Ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлардың барлық түрінен, оның ішінде құстардан алынған ет пен ет өнімдеріне (субөнімдеріне) мiндеттi түрде ветеринариялық таңба және мөртабандар қойылуы тиiс.
1396. ЖАО бөлімшесінің, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің басшысы ет таңбалауды жүзеге асыратын ветеринариялық дәрігерлерге жеке нөмір бере отырып, олардың тізімін қалыптастырады.
Ескерту. 1396-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1397. Белгіленген нысандардағы және өлшемдердегі ветеринариялық таңбалар мен мөртабандар ет бетінде анық таңбалануы үшін белгіленген тәртіппен ЖАО бөлімшесі басшысының жазбаша келісімімен, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО бөлімшесі басшысының жазбаша келісімімен терең ойылған жиекті цифрлардан және әріптерден жасалады.
Ескерту. 1397-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1398. Ветеринариялық таңбалар етті таңбалауға құқық алған ветеринариялық дәрігерде олардың заңсыз пайдаланылуын мүлдем болдырмайтын жағдайларда сақталады.
Ескерту. 1398-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.01.2020 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6-параграф. Ветеринариялық таңбалар мен мөртабандар
1399. Сопақша және тік тікбұрышты нысандағы ветеринариялық таңбаларда, сондай-ақ ветеринариялық мөртабандарда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ақпарат қамтылады.
Ескерту. 1399-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1400. Етті, ет өнімдерін (субөнімдерін) таңбалау үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ветеринариялық таңбалар мен мөртабандар белгіленеді.
Ескерту. 1400-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1401. 1-нысандағы сопақша ветеринариялық таңбаны сою пункттерiнде немесе ет өңдейтiн кәсiпорындарда өндiрiстiк бақылау бөлiмшелерiнiң немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының ветеринариялық дәрiгерлерiнің ветеринариялық-санитариялық сараптама қорытындылары бойынша қояды. Сопақша ветеринариялық таңбаның болуы ветеринариялық-санитариялық сараптаманың жүргiзiлгенiн және өнiмнiң қауiпсiз екендiгiн растайды.
1402. "Алдын ала қарап тексеру" тiкбұрышты ветеринариялық таңбасын сою алаңдарында жануарларды сою алдындағы қарап тексеру және сойылғаннан кейiн ұша мен мүшелерді тексеру қорытындысы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар бөлімшелерінің мемлекеттік ветеринариялық дәрiгерлерi қояды.
1403. "Алдын ала қарап тексеру" тiкбұрышты ветеринариялық таңбасы қойылған ұша мен мүшелер ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізуге жiберiледi.
1404. Жүргізілген ветеринариялық-санитариялық сараптаманың қорытындысы бойынша тiк бұрышты ветеринариялық таңбаның қатарына ветеринариялық-санитариялық сараптамалық зертхананың ветеринариялық дәрiгерi 1 нысандағы немесе 2 нысандағы сопақша ветеринариялық таңба қояды.
1405. Залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) және өңдеуге жататын ет пен ет өнiмдерi Заңға сәйкес ет және ет өнiмдерiн пайдалану тәртiбiн көрсететiн ветеринариялық мөртабандармен таңбаланады.
1406. Субөнімдерді, қоянның және құстың етiн таңбалауға көлемі шағын сопақша ветеринариялық таңба қолданылады.
1407. Ет өңдейтiн кәсіпорындарда, құс фабрикаларында электрлік таңба қолдануға болады, 1 немесе 2 сандары (құс етiнiң санатына қарай) жиектелмей, құстың аяғының сыртқы жағына қойылады. Ұшаны полимерлi пакеттерге қаптағанда түрi мен санатын тікелей пакет сыртына типографиялық тәсілмен қояды.
1408. Ет пен ет өнiмдерiн сатуға тек сопақша нысандағы ветеринариялық таңба болған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |