Әдебиет сабақтарында шығармашылық жұмыс жүргізу жолдары Ғалымдардың (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин т.б.) зерттеулерінде дамыта отырып оқытудың ішкі мәні оқушыны шығармашылық іс-әрекетке қатыстыру екендігі дәлелденген.
Тұлғаның өзіндік, шығармашылық белсенділігін қалыптастыру – күрделі және көп жақты процесс. Сонау 1592-1670 жылдары өмір сүрген чех халқының атақты педагог-әдіскері Я.А.Коменский де кезінде «Қай бланың қалай болып туылатыны бөгде адамның бірде-бірінің ықтиярында емес, бірақ дұрыс тәрбие арқылы оларды жақсы адам ету – біздің билігімізде» деп оқушының қабілетін жетілдіру жұмысын арнайы басқарып отырудың қажеттігі туралы айтып кетекн болатын. Бұл қағида кейіннен Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталлоцци, К.Д.Ушинский т.б. идеяларында көрініс тапты.
Қазақ ойшылдары Әл Фараби, Ж.Баласұғын т.б. еңбектерінде шығармашылық тұлға бойындағы сапалық белгілер; ерекше қабілеттілік, белсенділік, батылдық, қайсарлық, табандылық, қайраттылық, еріктілік, т.б. аталып, олардың бала дамуындағы рөлі көрсетілген. Қазақ баласы табиғатының өзі шығармашылыққа бейім екендігі туралы Ы.Алтынсариннің, А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, т.б. тамаша пікірлері бар. Мысалы, М.Жұмабаев «қазақ баласының атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы, қазақ баласы қиялды көп керек қылатын ғылымдарға ұмтылуға тиісті» деп өте орынды айтқан. Бұл көзқарас психолог-ғалымдардың (Л.С.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев т.б.) мидың жүйке саласының құрылымында туысатын нерв қызметінің ерекше түрі, яғни нышанның болатындығын дәлелдеген теориясымен ұштасады.
Шығармашылық қабілеттің қалыптасу, дамуы туралы бұдан басқа оның қоршаған орта мен тәрбиеге тәуелділігін (Гельвеций, У.Эшби) сондай-ақ қабілеттіліктің дамуында іс-әрекеттің құрал ретіндегі рөлін (П.Я.Гальперин, А.Н.Леонтьев т.б.) көрсетуге арналған зерттеулері бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу процесін ілгерілетеді. И.Я.Лернердің еңбектерінде шығармашылық жұмыстың генезмисін түсіндіруде жетекші рөл проблемалық жағдаяттарға беріледі.
«Проблемалық жағдаяттардың негізін құрайтын субъектінің тәжірибесі мен фактілер арасындағы қайшылықтарды шешуде осы тәжірибенің жеткіліксіздігі шығармашылық тапсырмалардың мәні болып табылады». Проблемалық оқыту теориясын жасаушылар (А.М.Матюшкин, Т.В.Кудрявцев, М.И.Махмутов, И.Я.Лернер) проблемалық оқытудың мақсаы –ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту екендігін баса айтады. Бұдан дамыта оқыту мен проблемалық оқытудың көздейтін мақсатының бір екенін аңғаруға болады және біздің «проблемалы дамыту оқыту» деуімізге негіз бар.
Проблемалы дамы отырып оқыту талаптарын жүзеге асыру, яғни бастауыш сынып оқушысын шығармашылыққа баулу процесін арнайы ұйымдастыру, осы бағытта оқытуға әдістемелік білімдер элементтерін енгізу С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, Ә.Қоңыратбаев т.б. әдістемеші – ғалымдардың педагогикалық қызметтерінен бастау алып, бүгінгі күні әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымында өзіндік із қалдырған ғалымдар Т.Жаманбаева, С.Тілешова, Т.Жұмажанова т.б. зерттеулерінде, еңбектерінде практикалық түрде шешілу жолдары көрсетілген.
Көптеген еңбектердің авторлары танымдық ізденімпаздылық пен белсенділік ұғымдарының арасындағы байланысты әрқайсысы өзінше түсіндіреді (біріктіреді немесе бөлектейді). Сонымен қатар зерттеулердің авторлары танымдық ізденімпаздық ұғымының мазмұнына түрліше мағына береді. Бір зерттеушілер танымдық ізденімпаздықты жеке тұлғаның қасиеті, екіншілері қабілеті, ал үшіншілер оны қажетсіну мен бейімділігі деп түсіндіреді, т.б. Авторлар танымдық ізденімпаздықтың қалыптасу жолдарын да түрліше, яғни ізденімпаздық жұмысты ұйымдастыру, танымдық әректтің тәсілдерін қалыптастыру және т.б. арқылы қарастырады.
Шығармашылық қабілет ұғымы халықаралық терминдерде креативтілік ұғымымен пара-пар. Психология ғылымында «креативтілік» ұғымы тек 50-ші жылдары ғана Дж.Гильфордтың шығармашылыққа қабілет мәселесін көтеруден туындайды. Дж.Гилфорд креативтіліктің бастапқыда 4 одан соң алты параметрін көрсетеді:
Мәселені табу және мәселені қоюға деген қабілет.
Саны жағынан көптеген идеялар құруға қабілет
Әртүрлі бейнелі идеяларды жасауға қабілет.
Айрықшалық.
Қосымша бөліктер арқылы объектіні жетілдіру қабілеті.
Мәселені шешу, яғни аналыиз бен синтездеуге деген қабілет.
Т.Рибо өзінің «Шығармашылық қиял» деп аталатын еңбегінде қиялдың 2 түрін қарастыру керек екенін көрсетеді: бір жағынан қайта жаңғыртушылық, екінші жағынан шығармашылық немесе қайта жасау қиялы В.В.Давыдов шығармашылықтың негізгі - продуктивті қиял болып табылады деп, шығармашылықтың консепциясын ұсынды:
Продуктивті шығармашылық мынаған сүйенеді:
Бұрыңғы бөліктерді тұтастай етіп көре алу ептілігі;
Бір заттан бірнеше қасиеттерді немесе функциялардыойша бөле алу және оларды басқа затқа өткізе алу ептілігі.
Қазіргі кездегі психология ғылымының зерттеулері көрсеткендей, адамның психикалық функциялары мен қасиеттерінің генезисі – моторлы әрекет (А.В.Запорожец), қабылдау (А.Н.Леонтьев, В.П.Зинченко, Л.А.Венгер, Ю.В.Гиппенрейтер) эмоция (А.В.Запорожец) мағыналы құрылу (А.Н.Леонтьев ) және т.б. проблемалық тапсырмалардың өзіне тән шешімі іштей шешетін продуктивті қиялдың механизмдері мен қамтамасыз етіледі
1
Дәріс 9-10. Орта мектептердің қазақ әдебиеті сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдану жолдары
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Педагогика ғылымында оқыту әдістері мен тәсілдерінің анықталуы
2. Қазақ әдебиеті сабақтарында қолданылатын оқыту әдістері
3. Қазақ әдебиеті сабақтарында жүргізілетін шығармашылық жұмыстар
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік «әдіс» — мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет»- деген анықтама береді.
Оқыту әдісі — білім алушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында оқытушы мен студенттердің бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары.
Оқыту әдістері — оқытушы мен білім алушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, студенттердің дүниетанымдылығы мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері — оқытушы мен мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.
Оқыту әдістері — оқытушы мен білім аушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.