2. ДӘріс тезистері


Критериалды бағалаудың маңыздылығы ,ол үш жақты болмақ



бет6/8
Дата21.12.2022
өлшемі135,31 Kb.
#58770
1   2   3   4   5   6   7   8
Критериалды бағалаудың маңыздылығы ,ол үш жақты болмақ:
Мұғалімдер үшін маңыздылығы:
Әрбір оқушылардың өзгешелігін ескере отырып жеке білім алу траекториясын құру .Оқушымен және оның ата-анасымен тығыз байланыста болу.
Оқушылар үшін:
Берілген бағалау критерийлерін түсіну, қолдану, өзінің және өзгенің жұмысын бағалай білу.
Ата-аналар үшін:
Баланың білім алуындағы өсу деңгейін қадағалау.
Критериалды бағалау жүйесін енгізуден кейінгі күтілетін нәтижелер :

  • оқушылардың оқудағы жетістіктерін объективті бағалау; 

  • әр оқушының қабілетін ескере отырып даму траекториясын анықтау

  • оқытудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылардың білік дағдыларын дамытуға ынталандыру; 

  • оқыту сапасын жақсарту; 

  • оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен оқу материалын сапалы меңгеруін анықтау үшін мұғалімнің, оқушы мен ата-ананың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу. 

  • оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Мүмкін болатын қауіп-қатерлер 
1. Мұғалімдердің критериалды бағалау мен нәтижені талдау үшін қажетті материалдарды дайындауда формалды түрде қарауы;
2. Критериалды бағалауды енгізуде оқушылардың бейімделу кезеңінің жүруі.
3. Критериалды бағалау жүйесіне байланысты ата-аналар тарапынан түсінбеушіліктердің туындауы.
4. Критериалды бағалау туралы кейбір мұғалімдердің теориялық білімінің жеткіліксіздігі, бұл жүйені енгізудегі тәжірибелік дағдылардың болмауы.
5. Критериалды бағалауды енгізуде әкімшілік тарапынан тиісті қолдау мен бақылаудың болмауы. 
Қауіп-қатерлердің алдын алу жолдарында қарастырып қою қажет
Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңыздылығын
іске асырсақ осындай қауіп –қатерлердің алдын алатынымыз анық:
- Біліктілікті арттыру курстарынан өту, алған білімді іс-әрекетте қолдану
-Оқушыларға ,ата-аналарға жақсы көз-қарас қалыптастыру
-Ата-аналармен тығыз байланыста болу қажет
-Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін сабақта жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану
- Оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасын арттыру
- оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритімін белгілеу



1

Дәріс 14. Жаңартылған білім мазмұнындағы Блум таксономиясы

Блум таксономиясын (Bloom & Krathwohl, 1956) түрлендірген көптеген жұмыстардың арасында Андерсон мен Кратволдың (2001) жұмысы танымдық саланы Танымдық үдеріс өлшемі мен Білім өлшемінің қиылысуы ретінде сипаттайды. Бұл мақалада танымдық саланың қайта қаралған таксономиясының үш өлшемдік көрінісін ұсынады.
Танымдық үдеріс пен Білім өлшемдері иерархиялық қадамдар ретінде көрсетілгенімен, санаттар арасындағы қашықтық үнемі соншалықты түсінікті бола бермейді. Мысалы, тұжырымдамалық білімдерге қарағанда, рәсімдік білімдер міндетті түрде абстрактілі деп айта алмаймыз; сондықтан талдау мен бағалауды қамтитын мақсат талап ететін ойлау деңгейінің күрделілігі жасау деңгейінде талап етілетін ойлау дағдыларынан еш кем емес. Жалпы алғанда, төмен деңгейлі ойлау дағдылары іске қосылып, жоғары деңгейлі ойлау дағдыларының іске қосылуын қамтамасыз ететіні түсінікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет