Проблемалық сұрақ: Берілген анықтамалардың қайсын қабылдаймыз?
Тұжырым:Оқыту әдістері-белгілі бір мақсатты көздеген оқытушылар мен білім алушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет. 3. Оқыту әдістерін топтастыру. Слайд №2 М.Н. Скаткин, И.Я.Лернер, М.Данилов, Т.А.Ильина, Ю.К.Бабанский т.б оқыту әдістерін классификациялау пікірлеріне талдау.
Тұжырым: Жаңартылған білім мазмұнында қолданылатын кең тараған оқыту әдістері: проблемалық түсіндіру, кластерлер, слайдтар, тұсаукесер, іскерлік ойындар
3.Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады.Слайд№3:
пассивті – оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру);
активті (белсенді) оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс);
интерактивті – inter (өзара), akt (әрекеттесу). Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.
4. Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқыту. Слайд №4 5.Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары:Слайд№5
6. Интербелсенді оқу/оқыту жоғары оқу орындарында келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:Слайд№6 - бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның),
- жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары,
- рөлдік және іскерлік ойындар,
- пікірталастар,
- ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, құжаттар, мұражай, т.б.),
- шығармашылық жұмыстар,
- кейс-стади,
- презентациялар,
- компьютерлік оқыту бағдарламалары,
- тренингтер,
- интервью,
- сауалнама, т.б.
2
Дәріс 11-12 Қазақ әдебиеті сабақтарында оқытудың жаңа технологияларын қолдану
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. «Оқыту технологиясы» ұғымының анықталуы
2. Жаңа оқыту технологияларының түрлері мен талаптары
3. Қазақ әдебиеті сабақтарында қолданылатын технологиялар
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезде дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Республикамызда білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы педагогика теориясымен оқу-тәрбие процесіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парагдигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаң көзқарас, басқаша қарым-қатынас өзгеше менталитет пайда болуда.
-білім мазмұны жаңа процестік білімдермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шщығармашылық және нарық жағдайынағы білім беру бағдарламаларының нықтылануымен байи түсуде;
Ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша жән ежазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы комьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
- баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
- мектеп, отбасы және қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуды;
-қоғамдық білімнен бара – бара педагогикалық технолдогияның кеңінен қолдануына және ғылымның роліне мән берілуде.
-В.П. Беспальконың анықтамасы бойынша «Педагогикалық технология-дегеніміз тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс – тәсілдер құрамды бөлігі ғана» [21]. Педагогикалық жүйе ретінде ол оқушының жан-жақты қалыптасуына ықпал ететіндей оқытудың әдіс, құрал процестерінің мақсатты жиындығын қарастырады.
Б.Т. Лихачев – педагокикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта баламен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді. Педагогикалық технологияның мәні-шығармашылық қабілетін дамуы үшін қажетті жағдай туғызу [21].
В.В. Воронов педагогикалық технология-бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт деп есептейді.
В.М. Шепель «Технология- бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» десе, М. Чошанов: «Технология-бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі» -деп анықтама береді [22].
Жоғарыда аталған авторлардың пікірі бір-бірімен онша алшақтамағанмен олар педагогикалық технологияның біршама әртүрлі белгілеріне назар аударуды ұсынады.
Осылардың кейбіріне тоқталар болсақ М.Н. Скаткин: «Бастауыш сыныпта оқушыларға өз беттерімен танымдық міндеттерді шештіруді, сабақ мазмұнындағы берілетін материалдарды проблемалық мәселе ретінде ұсынуды құптайды. Сабақта берілетін білім мазмұны жан-жақты ашу үшін, оқушыларға тек соңғы нәтиже айтылып қоймай оның қалай жүзеге асатын жолдары түсіндірілуі тиіс»- дейді [23].
Ғалым дидактик В.В. Давыдов, М.Н. Скаткиннің оқыту үрдісінде жаңа әдістердің, енгізілуін мақұлдап, оқушылардың теориялық түсініктерін қалыптастыру мүмкіндігін, бала психикасын дамыта оқытудың тиімді шешімін табуды алға қояды. Осы тұжырымдарды мұғалімдердің өзат тәжірибесімен ұштастыра отырып, қазіргі бастауыш сыныптарда білім мазмұны мен әдістерін жетілдіру мәселелердің шешімін күтуде [24] .
В.В. Давыдовтың пікірі бойынша, төменгі сынып оқушыларына танымдық міндеттерді шештірудің жолын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады. Соның нәтижесінде білім, білік және дүниеге көзқарас, қатынас қалыптасады. Осы жағдайда бастауыш сыныптарда тәрбиелеу мен оқыту баланың жеке бас қасиеттерін дамытады [25].
Бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер, ғалымдардың пікірінше, оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру.
В.В. Давыдов дамыта оқыту қағидасын бүтін жүйе ретінде қалыптастыруды ұсынады. Оқу қызметі оқу мақсаттары мен міндеттерінен, оқыту әдістерінен тұрады [25].