Оқудың қозғаушы күші-шығармашық қуаныш, өзінің өсуін сезіну, білімін жетілдіру, өзіне сенім арту.
Сабақтағы жұмыс әдісі-түсіндіру, қайталау, жаттығу, жаттау, үлгі бойынша әрекет ету.
Жұмыс әдісі - біріккен қызмет, іздену,эвристикалық әңгіме, пікірталас, оқытушы мен оқушының ынтымақтасу
мүмкіндігі.
Дәстүрлі сабақты ұйымдастыру, жалпы жұмыс аса жүктемелі болған ретте сатыларға жіктеу: сұрау, оқушыны жаңа материалды қабылдауға дайындау, оны қорыту, түсіну деңгейін анықтау (проблемалық сұрақтар), пысықтау.
Озық сабақты ұйымдастыру : оқушымен біріккен мақсатқа жету, сұрақтарға жауап іздеу, әр түрлі өмірлік міндеттерді (практикалық және ғылыми) шешу, ұжымдық мақсаттың орындалуын жақындату үшін кезеңдердің бірінде барлығын қысқа мерзімді жалпы жұмысқа енгізу арқылы, топтық және жеке жұмыстың басым болуы.
Оқытушының рөлі- билікшіл, білікті, беделді және оқушының тағдырына белгілі дәрежеде
ықпал ететін басшының ролі.
Ынтымақтастық педагогикасы негізінде оқытушыға қойылатын талап – шеберлікті игеруде, шындық іздеуде көмекші, үлкен дос, ақылшы және серіктес болу.
Оқытушының бірінші міндеті- білімді тез меңгеретіндей және есінде ұзақ та жақсы сақталатындай түрде жеткізу. Оқушының міндеті–сөз және көрнекі құралдар арқылы берілген білімді шапшаң қорыту, оны оқытушыға баяндап, одан баға күту.
Оқытушының бірінші міндеті – оқушыны танымдық және практикалық оқу міндеттерін шешудің белсенді процесіне ұйымдастыру және тарту. Оқушының міндеті – ұжымдық еңбекке белсенді араласу, айналадағы ортаны және өзін үнемі жетілдіру.
Оқытудың соңғы нәтижесі–оқушының емтиханда, сауалнамада анықталған білімінің,икемділігінің дағдысының бағдарланған стандартқа сәйкес келуі, үлгі бойынша әрекет етуге
қабілеті.
Қайта құрылып жатқан жоғары мектептегі оқытудың басты нәтижесі – оқушының өз бетінше игерген білімін жаңа жағдайларға пайдалана білуі, өзін түсінуі және жетілдіруі.
Дәстүрлі сабақты ұйымдастыру – жалпы жұмыстың басымдылығы жағдайында сатыларға жіктеу, сұрау оқушыларды жаңа материалды қабылдауға даярлау, оны қорытындылау, түсінік деңгейін анықтау(проблемалық сұрақтар), пысықтау.
Озық сабақты ұйымдастыру – оқушылармен бірге мақсаттарды анықтау, сұрақтарға жауаптар іздеу, әр түрлі өмірлік міндеттерді (практикалық және ғылыми) шешу,кезеңдердің бірінде барлығын қысқа мерзімді жалпы жұмысқа енгізу арқылы, топтық және жеке жұмыстың басым болуы.
Қазіргі заман демократияшыл дидактика өзінің келесідей ерекшеліктерімен сипатталады:
1.Бұл жүйе негізін объектив заңдылықтар құрайды. Осының арқасында қазіргі заман дидактикасы оқу процесін түсіну мен талдауда біртараптылық көзқарастан құтылды. Дидактиканың қазіргі күндегі тұжырымдамасы оқу процесіне жүйелі бағытта қатынас жасауға негізделген, яғни осы жүйеліліктен сезімдік қабылдау, білімдерді түсіну және игеру, игерілген білімдер мен ептіліктерді тексеру танымдық процесте, оқу іс- әрекетінде табиғи біртұтастыққа келтіріледі. Танымда да осы сезім, ойлау және практикалық іс-әрекеттердің өзара бірдей уақыттағы ықпалдастығына байланысты талаптар да іске асып барады. Қазіргі дидактикалық бағыт өткендегі дидактикалық жүйелерге тән теория мен практика, білімдер мен ептіліктер, баяндау қабілеттері иен болмысты өзгерту, сондай-ақ тікелей мұғалімнен алынатын білімдер көлемі мен оқушылардың өз бетінше жинақтайтын білімдердің арасындағы қарама-қарсылықтарды жойды.
Дидактикалық жүйе түзуде комплекстік бағыт-бағдар қажеттігі жөніндегі түсінім бекіді. Мұғалімдер де, ғалымдар да балалар жөніндегі білімдер, оларды оқыту механизмдері, танымдық іс- әрекеттері, мақсаттары мен мотивтері бірлігіне сүйенген дидактика ғана тұлғаның жан- жақты және үйлесімді дамуына пайдалы болатынын түсінді.
2.Бүгінгі дидактика жүйесіндегі оқудың мәні оқушыларға дайын білімдерді ұсыну, қиыншылықтарды өз бетінше жеңу және оқушылардың өзіндік жаңалықтар ашуымен шектелмейді. Оны түбегейлі ажырататын сипат: педагогикалық басқарудың оқушылардың ынтасы, дербестігі және белсенділігі мен саналы байланыс, қатынастарына негізделуі. Бүгінгі дидактиканың мақсаты- көзделген оқу деңгейіне оқушы уақытын, күшін, оқу құрал-жабдықтарын өз орнымен пайдаланып, балалардың оқу жүктемесін жас сатылары мен мүмкіндіктеріне қарай белгілеп, денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп жеткізу.
3. Оқу мазмұнын анықтау бағыты да өзгерді, оқу жоспарларын, бағдарламаларын және оқу пәндерін құрау принциптерінде оқытудың атқаратын қызметіне ерекше көңіл бөлінді.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Оқыту үрдісінің анықтамасы
Оқыту заңдылықтары мен ұстанымдары
Сабақтың түрлері
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар
Дәстүрлі және жаңаша оқытудың арақатынасы
2
Дәріс 5. Орта мектептердегі «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша бағдарламаның жаңа мазмұны: құрылымы, ұстанымдары, басымдықтары
Еліміздегі білім беру саласы жаңа жүйеге көшу барысында ұлтымыздың болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеудегі басты фактор ретінде қарастырып отыр. Әлемдік білім беру жүйесінің көшінен қалмай, дамудың басым бағыттарын негізге ала отырып, өркениетке аяқ басу білім беру жүйесіндегі жаңарулар, ең алдымен, жастардың мәдени, эмоцияналдық, зияткерлік, әлеуметттік және рухани жағынан даму мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталуда. Жаңартылған білім-болашақтың кепілі.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына, еліміздің дамуына, жеріміздің көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген белді азаматтардың барлығы да ауыл мектептерінен білім алып, ауылда тәрбиеленгендер. Қоғамның дамуына байланысты ауылдарымыз да күннен-күнге жаңарып, жақсарып жатыр. Соның бірі – ауыл мектептерінің жағдайы. Ғылым мен технологияның дамыған заманында білім беру саласы да қарқынды дамуда. Қазіргі таңда ауыл мектептері жаңа технология құралдарымен жабдықталып, ұстаздар білім берудің жаңа әдіс-тәсілдері бойынша білімдерін жетілдіру үстінде. Ендеше заманына қарай амалы, демекші бұрыңғы кездегідей қарапайым дәстүрлі сабақтың мәні де сәні де кеткен уақыт. «Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі»,-деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы – жас буынды заманына сай лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса, мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр екені баршаға мәлім. Қоғамның дамуындағы ең маңызды мәселе білім беру жүйесі. Қазіргі таңдағы негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны яғни еліміздің патриотын қалыптастыру.
Жалпы білім беру мазмұнын жаңартудың қажетілігі неде? Оның негізгі мақсаты мен перспектикалары қандай, білім мазмұнын өзгешілігі мен ерекшелігі жайында бүгінгі күннің басты тақырыбы. Ендеше, оны қарастырып талдайық.Ең біріншіден, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін қойып отыр. Ел экономикасының қарқынды дамуы ол білім беру жүйесіне тікелей байланысты.Екіншіден, бүгінде біздің қоғамда білім алу ғана емес, сондай – ақ алған білім-біліктілігінді қоғамдық өмірде пайдалана алуды көздейді. Сол себептен оқушының функционалдық сауаттылығына басты назар аударылады. Бүгінгі күні экономикалық ынтықмақтастық елдер осыдан бірнеше жыл бұрын білім берудің жаңартылған үрдесіне көшті. 1997 жылдан PISA білім жүйесін бағалаудың бірыңғай стандарды бойынша балалардың білім сауаттылығы анықталып келеді.Үшіншіден, Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76,79, 89-қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында білім мазмұнын кезең-кезеңмен жаңа форматка көшу жұмыстары басталды. Елбасы Н.Назарбаев «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз»,-деген болатын өз сөзінде. Сондықтан бүгінгі күні білім беру жүйесін жаңа сатыға көтеріп, сапалы білім беру ең басты мәселелердің бірі болып табылады. Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:
Пәннің маңыздылығы;
2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3. штілділік саясатты іске асыру;
4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
7. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Оқыту үрдісінің анықтамасы
Оқыту заңдылықтары мен ұстанымдары
Сабақтың түрлері
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар
Дәстүрлі және жаңаша оқытудың арақатынасы
1
Дәріс 6-7. Орта мектептегі қазақ әдебиеті сабақтары
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Кембридж оқу бағдарламасының мақсаты — Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін үйрену.Басты міндеті —қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.
Бағдарлама жеті модульден тұрады:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Осы 7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырады. Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастады.
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдердің ішінде диалогтық оқыту тәсілі де тиімділігін көрсетеді. Ол ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Бұл тәсілмен оқыту топпен әңгімелесу, сұхбаттасу, “миға шабуыл” логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асады. Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау арқылы өзін-өзі таныған, ақыл-ойын жан-жақты дамытқан өзіндік “Мендік” пікірі қалыптасқан оқушы тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттер жүктейді.
Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады. Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан , сындарлы оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп сол курста негізге алынған жеті модуль туралы қысқаша тоқталайын.
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөлін айшықтап көрсетіп береді.Мұғалімдер,өз кезегінде ,өзінің сабақ беруіне емес,оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек,соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай,оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады.
Диалог бойынша оқыту
Тапсырманы орындауда сыни тұрғыдан ойлануды үйренеді.
Зерттеушілік әңгіме барысында бір-бірінің идеяларын талқылайды,баға береді,бірлескен түсінік қалыптасады
Өз идеясын ортаға салып,басқалардың пікірін тыңдайтын болады.
Топтық тапсырмаларда постірді орындауға белсене қатысатын болады.
Таланты мен дарындылығын анықтауда берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындай алады.
Жоғарғы балл жинағандар арасында пресс-коонференция өткізгенде «көшбасшы» анықталады.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –әлемнің түпкір-түпкірінен жыйылған білім берушілердің бірлескен еңбегі,ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже,Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде сындарлы оқыту және бағалау маңызды болып отыр.Бағалау формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық болып екіге бөлінеді.Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқушылар арасындағы «дарынды және талантты балалар деген кімдер?» деген сұрақ туындайтыны рас. «Дарындылық мазмұны әр түрлі болып келеді»деп жазады мұғалімдерге арналған нұсқаулықта Ренцулли мен Райс (1985)» дарынды және талантты балалар күрделі қабілеттердің иелері,әрі олар адам қызыметінің кез келген құнды саласында өз қабілеттерін көрсетуге бейім»деген пікір білдіреді.Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.
7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді. Курста үйренген әдіс-тәсілдерді, жеті модуль бойынша алған жаңа білімімді өзімнің іс-тәжірибемде толығынан қолдандым.. Осы 7 модульді апарып сабақтарыма қолданған кезде сыныптағы көрініс, оқушылардың көзқарасымен оқу үрдісіне қатысты оын алған өзгерітерге тоқталғым келеді.
Сыныпқа ынтымақтастық Топқа бөлу
атмосфераны қалыптастыру кезеңі
Топ ережесін құру Постерді қорғау
Оқушылар өзін - өзі бағалауда Рефлекция
2
Дәріс 8. Қазақ әдебиеті сабақтарында қолданылатын белсенді оқыту әдістері: шығармашылық жұмыстар