Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Тест
1. Мазмұнның пішінге, пішіннің мазмұнға айналу заңдылығы жайлы пікір иесі:
А) Гегель
В) А.Байтұрсынов
С) Гете
Д) М.Горький
Е) Плеханов
2. Шығарманы оқу арқылы ғана тануға болатын көркем мазмұн:
А) Сюжет
В) Фабула
С) Идея
Д) Пішін
С) Тақырып
3. Көркем шығарма мазмұны мен пішінінің бір біріне сай келуін өнердің әмбебап заңдылығы санаған әдебиетші ғалым?
А) М. Бахтин
В) Л. Тимофеев
С) Г. Плеханов
Д) А.Байтұрсынов
Е) В. Хализев
4. Автордың түпкі ойына сәйкес шығарманың құрылымын айқындап, көркемдік детальдан бастап шығарма атауына дейін қамтитын тақырыптық мазмұнды белгілейтін ұғым
А) Проблематика
В) Символ
С) Композиция
Д) Мазмұн
Е) Образ
Сұрақтар:
1. Мазмұн мен пішінге қатысты қандай ғылыми ой-тұжырымдар қалыптасқан?
2. Мазмұнның пішінге көшу процесі қалай жүзеге асады?
|