Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Әдебиеттің халықтығы ғалымдар пікірталасында
Әдебиеттің ұлттық сипаты.
Көркем шығарманың қоғамдық мәні.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әдебиет өнері тірі, жанды сөз құдіреті арқылы өмір –
болмыстың сыртқы сипатын ғана танытпай, сол құбылыстардың, заттардың, жағдаяттардың ішкі мәніне, сырына да терең бойлайды, олардың себебін ашып көрсетеді. Адамның күрделі жан әлеміне еніп, оны тірі пенде ретінде жанды қимыл-қозғалысымен, ішкі толғаныс-тебіренісімен, шаттық-мұңымен жан-жақты нақты танытады. Тіршілік, табиғатты бір күйде емес, өсу, даму, өшу секілді әр күйде, алуан сапада алып, өзгеріс үстінде суреттейді. Бұлай суреттеу өмірді, адамды толық таныту десек, бұл тек сөз құдіретінің арқасы. Өзге өнер түрлері нені болсын тек белгілі бір қырынан таныта алса, сөз өнері ғана құбылыстарды, өмір-болмысты, оның иесі – адамды әр алуан жағдайларда алып суреттеп, сыртқы-ішкі болмысын қамти отырып бар қырларынан кеңінен танытатын мүмкіндікке ие.
Әдебиет те өзге өнер түрлері сияқты қоғамға қызмет етеді. Ол уақыты, дәуірі күн тәртібіне қойып отырған қоғамдық мұрат-мақсаттардан қалыс қала алмайды. Оның өнерлік сипаты мен мән-маңызы да осы әлеуметтік шындықты таныту арқылы қоғамға, адамзатқа қызмет етуімен айқындалады. Шынайы өнер туындысы өмірдің күрделі мәселелерін алуан характерлі адамдардың арманы мен күрес-тартысын белгілі бір уақыт пен кеңістік аясында суреттей отырып, қоғамның, адамдардың өмір-тіршіліктің сырын тереңірек ұғынуына, көзқарас-танымдарының қалыптасуына ықпал жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |