2-дәріс Тіл мәдениеті туралы түсінік Мақсаты



бет2/12
Дата30.09.2024
өлшемі93,2 Kb.
#146121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Документ Microsoft Word

б) кipicтipy (гиперо-гипонимдiк) қатынасымен байланысты сөздер қолданысы:
Әуелi майда шiлiк қиылды. Содан сүмбiл тал, мәжнүн тал, сөгетi тал сөгiлдi (Ендi киiз үйге уық-кереге қайдан болсын!). Артынан ақ терек, көк терек қырқылды. Ал айналасы тып-типыл жалаңаштанып, жалғыз өзi аспандап қалган Байшынарға балта шабуға ешкiмнiң батылы бармады (Ш.Мұртаза).
в) тематикалық немесе семантикалық ортақтығына қарай байланысқан сөздер қолданысы:
А.йдардың қолынан бәpi де келетiн боп шықты. Сыңар iшекпен шертiп танго ойнады, қос iшектi кезек ұрғылап фокстрот тартты, үш iшектi бiрдей безiлдетiп вальске басты. Ал көңiлдерi өскен жастарға не тартылса да кұп едi. Бiреулерi вальсте жүрсе, бipeyлepi чарльстон, твиске көшкен. Музыка әуенiмен үйлесе ме, жоқ па оған ешкiм қарамайды. Әркiмнiң өз қалауы (М.Мағауин).
г) антонимдер қолданысы:
Қолын жазып шалқасынан жатты. Қыз ойланған да жоқ, қымсынған да жоқ. Жiгiттiң кеудесiнен құшактап, төсiне басын сүйеп, бiр жамбастай қисайды. Жiгiт аспанға қарады. Бұлтсыз, бозғыл көк. Жұлдыздардың өңi қаша бастаған. Таң жақын (М.Мағауин).
6. Перифраз-топик элементi:
Өстiп екеуi ауылдан ұзап кете беретiн.
Ол кезде шалдың тағы бiр пipi - Сапарбектiң қарадомалақтары едi. Олар да ылғи «аталап» елпiлдеп тұрушы едi, бала көңілi де бiрдеңенi сезе ме, Аппаққыздың қазасынан кейiн тiптi шалды көрсе, айрылмайтын болған (Қ.Найманбаев).
Топиктiк қарым-қатынастағы (номинациялык тiзбектер)
түзлiстерде нeгiзгi рөлдi зат есiм, есiмдiк және зат есiмнен жасалған сөз тiркестерi атқарады. Осыны мысалмен түсiндiрсек:
Ұзын кең өлкенi қаптай басқан қарағанның ортасында терең, құз жар бар. Соның бас жағында итмұрынды қалың жыныстьң арасында қасқыр iнi бар. Жақын елге мәлiм ескi iн. Жазға салымнан берi сонны екi қасқыр келiп мекен еттi. Бұрын итмұрын жанындағы кiшкентай алаңда кеңдiгi кici сыйғандай үш үлкен iн болатын. Биыл жас топырағы жағасында дөңкиiп, тағы бip жаңа iн шыққан. Бәрiнiң ауданы бip, жер астынан қатынасы бар.
Маңайы қасқырдың ойнағы. Жас шөптер басылып, тапталып қалған. Жақындағы қарағандарда қасқырдың ақ жүндерi көрiнедi. Қыстан қалған mүбimi қазiр де әр жерде сөйтiп жұлынып қалып жүр. Iндердiң орта жерiнде екi қалың сасыр шайқалып өсiптi. Қазiр де соның түбiнде қысқы жүнi әбден түлеп болмаған ақ қасқыр жатыр. Баурында кiшкентай көк күшiктерi қыбырлайды. Жарқыраған қызулы күн бойын ерiтедi. Көзi бip сығырайып ашылып, бip жұмылып қалғуға кетедi. Иiген емшектерi жыбыр-жыбыр тартылады. Төбесiнде сасыр шайқалып ырғалады. Маңайдағы қараған мен итмұръгн бастары қозғалақтайды.
Бiр мезгілде бас жағынан сатыр-сұтыр, сырт-сырт сынған ши, тобылғы, қу шөмшектер дыбысы келдi де, eciн жинағанша бiрдеме қасына тасырлатып келіп қалды. Атып тұрды... Баурында көк күшiк шашылып-төгiлiп, ұмар-жұмар домалап қалды. Тұрғанда «арс» етiп, ақ тiстерi ақсиып, ырылдай түрегелдi.
Дәл сол кезде түп қарағаннан аса бере, алдына жас қызыл қозы топ ете түстi. Соның артынан секiрiп шыққан – көк шолақ. Ентiккен, көбiк аққан тұмсығымен ақ қасқырды айнала иiскеп, әр жерiн жалап алды. Содан соң жерде үйелеп қалып, тыпырлап жатқан қозыны көре сала «ырр» етiп барып бас салды.
Қозы екi қомағай ауыздың кергiсiнде қан жоса болып дар-дар айырылды. Сырт-сырт emin жас сүйек сынды. Қапаш-құпаш қорқ-қорқ emin қомағай қанды ауыздар асайды. Тұмсығы мен бастары, мойын жүндерi қып-қызыл болған қа.сқъгрдың жасыл көздерi от шашады.
Аз уақытта екеуi қозының орнын ғана иiскелеп қалды. Ендi бiразда көк шөпте әрлi-берлi аунап-аунап, керiлiп тұрып, жегендерiн құса бастады.
Алдымен туған, көзi ашылған күшiктер жемденiп жатыр. Eң соңғы туған екi күшiк бауырын көтере алмай, тырбаңдап жатыр едi, ендi оларды бауырына алып емiзе бастады (М.Әуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет