Әдебиеттер тізімі
1. Асанов Қ.Д. Сөз өнері және журналистика: Оқу құралы / Қ. Д. Асанов. - Алматы: "Эверо", 2020. - 176 с Экземпляры: всего:40 - Ч5(2), А6(18), ХР(202.
2. Абишева В.Т. Электронные СМИ: язык и стиль : учебное пособие для студентов, обуч. по спец. 050504 "Журналистика" / В. Т. Абишева. - Алматы: Эверо, 2020. - 212 с Экземпляры: всего:50 - Ч5(2), А6(18), ХР(30)
3. Бекболатұлы Ж. Стилистика және редакциялау: ресми-іскерлік стиль : оқу құралы / Ж. Бекболатұлы, Н. Асқаров ; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. - Алматы: Қазақ университеті, 2018. - 178 с Экземпляры: всего:1 - ЧГ(1).
4. Медеубекұлы С.Журналистік шеберлік:таным мен талғам.2 том.500б.2018
5. Утегенова, Г.Ж. Стилистика және тіл мәдениеті пәнінен дәріс жинағы : «6В03220 - «Журналистика» / Г. Ж. Утегенова. - Шымкент: ОҚУ, 2021 o=эл. опт. диск (CD-ROM). всего:1 - КЦ(1)
3-дәріс
Стилистика ғылымының ұғымдары мен категориялары туралы
Мақсаты: Стилистикалық ұғымдар мен категорияларға түсінік бере отырып, функциональдық стильдердің түрлерін жіктеу.
Жоспары
Тіл мәдениеті және сөз мәдениеті, сөйлеудің тиімділік теориясы.
Стилистика, тіл мәдениеті, сөз мәдениеті, әдеби тіл теориясы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Тіл мәдениетінің негізгі салалары. Тіл мәдениеті, орфографиялық норма, орфоэпиялық норма, грамматикалық норма.
Стилистикалық қате белгілі бір сөйлеу жағдайына сай келмейтін, стилистикалық нормадан ауытқудың салдарынан болатын қатенің түрі. Тілді жұмсауда күнделікті өмірде түрлі нормадан тыс ауытқулар болып жатады. Мысалы, лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық тұлға-бірліктерді өзінің негізгі мағынасына сәйкес өз орнымен қолданбаудан болатын қателіктер т.б. Бұлардың барлығы әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық нормаларының сақталмауынан болатын тілдік қатенің түрлері. Стилистикалық қате көп жағдайда тілдік талғамның төмендігінен болады. Тілдік талғам - тілді, сөзді жұмсап үйрену, жаттығу арқылы қалыптасатын қасиет. Стилистикалық қатенің өзге қате түрлерінен басты ерекшелігі де осында - тілдік талғамсыздықтың көрінісі болуында. Сол себептен де стилистикалық қатенің болмауын қадағалайтын стилистикалық норма тілдің қатысымдық сапаларының қатарына жатады.
Тілді білу, оның күллі байлығын игеру, дұрыс жазып, айта алу - қоғамның кез келген мүшесіне қойылатын талап. Білген нәрсені орынды және ұтымды жеткізу, тіл байлығының ішінен тек өзіңе керегін ғана таңдап алып, ұтымды пайдалана білу, бұл - өнер. Ал, өнер дегеніміз - шеберлік. Сөз жұмсау шеберлігіне қол жеткізу стилистикалық қателермен мақсатты түрде күресудің барысында қалыптасатын, асқан шыдамдылық пен төзімділікті қажет ететін шығармашылық процесс.
Стилистикалық қателердің алдын алып, олармен үнемі күрес жүргізіп отыру жалпы халықтың сөйлеу мәдениеті мен стилистикалық сауаттылығын көтереді. Халықтың тілді қолдана білу мәдениеті күллі қоғамның рухани сауаттылығының көрінісі әрі өлшемі болып табылады.
Тілде неғұрлым жиі ұшырасатын нормадан тыс ауытқулардың алдын алу үшін стилистикалық және стилистикалық емес қате түрлерін ажыратып алу қажет [12]. Стилистикалық емес қатенің түрлеріне лексикалық, фразеологиялық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік нормалардың сақталмауынан болатын ауытқулар жатады. Стилистикалық қатенің түрлеріне стильдік тұтастықтың сақталмауынан, сөз және грамматикалық құрылымдар мен формалардың сөйлеу мәнеріне, сөйлеу мақсатына сай болмауынан, сөйлеу түрі мен жанрдың формалық ерекшеліктерін ескермеудің салдарынан жіберілетін қателер жатады. Стилистикалық сауаттылықтың сатылары мен соған байланысты болатын стилистикалық қатенің түрлері былайша топтастырылады:
1) қазақ тілінің стилистикалық ресурстарын толық білмеудің салдарынан болатын стилистикалық қателер;
2) тілдік-стилистикалық талғамның төмендігінен болатын стилистикалық қателер;
3) функционалды стиль нормаларының сақталмауынан болатын стилистикалық қателер.
Достарыңызбен бөлісу: |