тоқал ағаш тамның маңайы қысы-жазы жыбырлаған, айғайлапшулаған балалардың базарына айналатын. Бiздiң үйден тас лақтырым жерден арқырап ағып жатар ағыны қатты Бұқтырма - жаз шыға суға шомылған, қыста сырғанақ тепкен баланың жер-көктi шарқ ұрып шарласа таба алмас қызыққа толы мекенi едi. Тоң боп қатқан пимасын, сүңгілесе су болған көйлек-дамбалын бiздiң үйге келiп кenmipemiн. Сонда Апам менiң ғана емес, мұым ауыл балаларының абзал анасы сықылданатын (О.Бөкеев).
Бiр абзацтан тұратын осы бүтiнде бipiншi сөйлем екiншi сөйлеммен одан әpi (мен - апам - әке-шешемiз) арқылы байланысып, келесi тiзбек (жалғыз үй - бiзге) тематикалық ілеспе сөздер (қос бөлмелi шатырланбаған тоқал ағаш там), содан ағыны қатты Бұқтырма - қызыққа толы мекен, осылардың бәpi ортақ «абзал ана» жалпы семасына келiп бipiктipiлeдi. Шынжырлы байланысқа 1) езiлген еңсесi көтерiле бастаған ел - балалар базары; 2)жаз шыға - қыста түрлерi (соңы - келесi сөйлемнiң басы), ал келесi абзацтың басы алдыңғы абзацта бар бip элемент болуы мүмкiн.
2. Параллель байланыс. Сөйлемдер арасындағы байланыстың екiншi принципi - жарыспалы байланыс. Бұл байланыста сөйлемдер бiр-бipiнe iлiктеспейдi, конструкциялардың лексикалық толымдылығына сәйкес қарама-қарсы қойылады. Мысалы: Қауынды көп жейтiн Тарбан қатты қызылсыраған. Бiр күнi шекесi шағып, ыстық iздегенде, eciнe көк серкесi mүcmi. Көк егiн ақырамаш болған соң соймақ бордақсысы едi.
Ендi тым ерте союға iшi қимай, дағдарысқа ұшырады. Тамның көлеңкесiнде шекесiн ұстап, ұзақ ойланып отырды. Таяқ тастам жерде өзен ағып жатты.
Осы өзен бойын бұл атырап «ылди» атайды. Ал өзеннiң үстiнен қарайтын сонау дөңдi «қыр» атайды. Ылдида - диқандар да, қырда - шаруалар.
Осы екеуiнiң, ылди мен қырдың арасы бiр-ақ көштiк болса да, процестерi басқа. Tipлiгi түрлiше! (Т.Әлiмкұлов).
Бүтiн мәтiн (әңгiмеден алынған үзiндi) жарыспалы байланыс принципiне құрылған. Әрбiр абзацтағы бip сөйлемнiң келесi абзацта параллель құрылымы бар. Олар: Бiр күнi шекесi шағып, ыстық iздегенде, есiне көк серкесi mүcmi. Тамның көлеңкесiнде шекесiн ұстап, ұзақойланыn отырды. Бұлар бағыныңқы сабақтас сөйлемдердiң басыңқы сөйлемдерi. Келесi абзацтарда параллелизм күшейе түседi, абзац басындағы «осы» сiлтеу eciмдiгi оған мағына үстейдi. Осы өзен бойын бұл атырап «ылди» атайды. Ал өзеннiң үстiнен қарайтын сонау дөңдi «қыр» атайды сөйлемдерi лексикалық құрамына қарай сәйкес және бip-бiрiне қарама-қарсы қойылған, ол жердi мекендеушiлердiң тұрмыс-тіршілiгi де түрлiше деп автор қорытындылайды.
Сонымен, қарама-қарсы қою қатынасы мен қарама-қарсы қоюшылық жеке сейлемдердi де, сол сияқты абзацтарды да байланыстырады. Параллель байланыс ең алдымен синтаксистiк тәсiлдер арқылы iске асады. Сөйлем не абзац басындағы анафора, жартылай немесе тұтастай лексикалық құрам сәйкестiгi, жеке сөйлемдер арасындағы жалпы байланыс принципi, бiрыңғай уакыттық меже немесе шақтық формалардың орналасуындағы симметрия мәтiн құрылымындағы параллелизмдi күшейте түседi.
Параллель байланыстың бip түрi қарама-қарсы қоюшылық, болымсыздық, жоққа шығарушылық мағына беретiн сөздердi, есiмдiктердi параллель құрылымдарға енгiзу, құрылымды антонимдiк элементтермен лексикалық толтыру, айтылатын ойдың модальдылығын қарама-қарсы қою арқылы iске асады.
Мәтiн құрылысында байланыс принципiнiң осы екi түрiнiң тiркесуi жиi кездеседi. Олар бiр абзац iшiнде немесе абзацтар арасында байланыс тәсiлдерi ретiнде тiркесiп келуi мүмкiн. Кейде абзацтар өзара параллель байланыспен келiп мәтiндiк құрылым түзедi, ал абзац iшiнде шынжыр бойынша байланыс басым түсуi мүмкiн (керiсiнше, болуы сирек кездеседi).
Мәтiн прагматикасы жөнiндегi қaзipri кездегi зерттеулер коммуникация актiсiнiң нeгiзгi автор – мәтiн - оқырман үш элементтерiнiң ара қатынасына арналады, соның iшiнде мәтiн, көркем мәтiн кейiпкерлерi туралы кең ауқымды зерттелген теориялар бар, ал коммуникацияның тiкелей қатысатын мүшесi оқырман туралы айтылмақ мәселелер көптеп саналады.
А.Толстой: «Оқырман ол менiң ic-тәжiрибемнен, бiлiмiмнен туындайтын әлдекiм, ол менiң шығармамның тақырыбымен бiрге пайда болады. Оқырманның мiнез-құлкы және оған деген қатынасы суреткер шығармашылығының пiшiнi мен үлес салмағын шешедi. Оқырман - өнердiң құрамдас бөлiгi», - деген.
Дүкенбай Досжан: «Көркем, тipi сөз - адам мiнезiн ашумен, тағдырын таратып суреттеуiмен ғана құнды. Мiнез айнасы болмаса - ол жазғаның көпсiген сөз ғана. Сол мінез иелерi заманына сай ма? Қаншалықты терең ашылды? Тағылымы неде деп қарасақ қана – көркем сөздiң қажеттiгi, өмiршеңдiгi келiп туындайды. Қай-қай жазғандарымда қарапайым, аңғал, кеңқолтық, намысқой, мәрт,
еңбекқор, өз тағдырын өзi жасаған мiнез иелерi шүйiркелесiп табысып жатса - оқырмандарымның көңiлiнен шыққаным, - деп ағынан жарылады.
«Әдебиет - адам мiнезiнiң айнасы. Сол мiнезден туындайтын шаргездiк, шырғалаң көркем шығарманың өзегi болып жатады. Ал, темiрқазық идея дегенiмiз қолға ұстаған компас секiлдi, қазақшалап айтсақ - жол нұсқау. Шығарма идеясыз жазылмайды».
Мәтiн, оны оқу және оны оқитын оқырман әрекетгерiнен бөлек те iске асады деген және оқырман ол өзiнен-өзi түсiнiктi сияқты
болып келген пiкiр қалыптасып кеткен. Алайда соңғы кезде «оқырман» феноменi тек қана психологгер мен психолингвистердiң ғана емес, сонымен қатар мәтiн-лингвистерiнiң де назарына iлiгe бастады. Сөйтiп, таным-бiлiмнiң жеке саласы болды, оның мақсаты оқырман тарапынан қайтаратын жауап, әpeкeттi зерттеу, «оқырман» ұғымын түсiну, оныц перспективасын, мәтiндегi орнын анықтау үшiн жасалатын белгiлi бip әрекеттер болып табылады. Талданып отырған нысанға байланысты зерттеушілердiң терминдерiнiң әртүрлiлiгi зерттеу критерийлерiнiң әртүрлiлiгiне байланысты түрлiше термин ұсынған, «имплициттi оқырман» (У.Бут, В.Изер) десе, Дж.Каддер – «өте оңды оқырман» дейдi, М.Риффатер – «оқырман үстiндегi оқырман» (надчитатель), Х.Джосс – «нақты оқырман», В.Изер – «гипотетикалық оқырман» (оқырманнан асқан оқырман), У. Эко – «оқырман – модель», Р.Брук-Роуз – «кодталған оқырман», С.Фиш – «құлақтандырылған оқырман», Ч.Гибсон – «жалған оқырман», Дж.Принц – «баяндауды қабылдаушы оқырман», Н.Холланд – «көркем мәтiн оқитын оқырман», Э.Вольф – «оқырман» т.б. түрлерiн ажыратады. Көркем мәтiндегi оқырман перспективасын анықтауда зерттеушiлердiң ұстанған теориялық бағыттарының көп тараған спектрi, Л.Виттгенштейннiң бейнелi айтуынша, физикалық сипаттамалары жағынан әр түрлi болса да, бiр-бipiнe әйтеуiр ұқсайтын отбасы мүшелерi сияқты деп түсiндiредi.
Сонымен, «оқырман» мәселесінен айналысатын ғылыми категориялар көп жағдайда сәйкес келедi, кей жағдайларда зерттеу мақсаттарына қарай түсiнiксiз немесе жеткiлiктi нақты болмауы мүмкiн.
С.Р. Сулейман «Мәтiндегi оқырман» деген еңбегiнде «оқырман» категориясын зерттеудегi алты амалды атайды: риторикалық, семиотикалық, феноменологиялық, психологиялық, социологиялық және герменевтикалық, осылардың әрқайсысы өзiндiк ерекшелiктерi бар және басқаларымен байланысты болады.
Мәтiн мен оқырман, олардың арасында пайда болатын өзара әрекет және осыларда оқырманның эстетикалык реакциямен байланысты құрылатын әдеби коммуникацияның теориясына негiз қалайды. Мәтiннiң өзiнен туындайтындықтан, ол эстетикалық деп аталады, оқырманның информацияны қабылдауы және одан алған әсерiн қайта өңдеуден өткiзу процесiне түсуiне мәжбүр ететiн әрекет оқырманды адаптацияға түсуге және өзiнiң әлем тануын айыра бiлуiне әкеп соғады. Сол себептi В.Изер ұсынған эстетикалық әрекет теориясы мен эстетикалық қабылдау теориясының ара-жiгiн ажыратып алу қажет. Эстетикалық әрекет теориясы мәтiнде берiлген ситуацияларды өңдеуден өткiзу мен түсiну мәселелерімен шұғылданады. Ал қабылдау теориясы әрқашан да нақты бар оқырманмен байланысты, соларға қатысты болады.
Мәтiнде ic-әрекетке жауап қайтарылатын теорияның тамырлары болады, қабылдау теориясы оқрманның ойталқы жасау негiзiнде iске асады. Көркем мәтiндi талдау теориясы оқырмансыз мүмкiн емес. Жоғарыдағы терминдердi атағанның өзiнде, ол қандай оқырман деген сұрақтың туындауы өзiнен-өзi түсiнiктi. Шын мәнiндегi және оқырманнан асқан оқырманмен байланысқан теорияны қолданатын мүмкiндiктердi бұзатын әр түрлi ұғымдар өз бойларында белгiлi бiр шек сақтайды. Мәтiн арқылы пайда болатын көркем шығарма эффектiн және оқырманның жауап ретiнде қайтаратын реакциясын анықтау және түсiну үшiн оқыман туралы ұғымды енгiзу керек, берiлген әсердi қамтамасыз ете алатындай алғы шарттары бар, ол сыртқы ортаның эмпирикалық жолмен пайда болмаған алғы шарты болуы, керiсiнше, мәтiннен туындаған алғы шарт болуы керек, мiне, тек осындай оқырманды мәтiнде құрастырылған имплициттi оқырман ұғымы сипатталатын сияқты, ол нақты оқырманнан айырмашылығы бар, ондай оқырманға үзбей оқиты н қауымды жатқызуға болады.
Кiтап оқу процесiнiң басқа коммуникация түрлерiнен көзге түсетiнi және басты ерекшелiгi - бетпе-бет қарым-қатынас ситуациясының болмауы, бұл басқа коммуникация түрлерiне қарағанда ерекше көзге түсетiнi және басты ерекшелiгi. Мәтiн қарым-қатынасқа түсетiн әр оқырманның ыңғайына қарай икемделе алмайды. Сөйлеушiлер бip-бipiнiң қалай түсiнгендерiн бiлу мақсатында тiкелей қарым-қатынаста сұрақтар қоюға мүмкiндiгi болады, ал оқырман өзiнiң түciнiгiнiң нақты не нақты еместiгiне мәтiннен бiле алмайды. Сонымен қатар тiкелей қарым-қатынастың үнемi реттеп тұратын мәнмәтiнi болады. Мәтiн мен оқырман арасындағы қарым-қатынаста осындай жөн сiлтейтiн материал болмайды, керiсiнше, қарым-қатынасты реттеп тұратын кодталган сигналдар бip ортаға бағытталып, тұтастыққа жинақталып немесе реципиенттiң көру суретiн қалыптастыру үшiн көп жағдайда қайта құрастырылуы мүмкiн болған болар едi. Реципиенттiң бар екенiн көрсетiп анықтайтын, мәтiндiк құрылыста имплициттi оқырман ұғымы не дегенге жауап беретiн және мәтiндi түсiнуге көмектесетiн элементтер жүйесi де осылар.
Шын мәнiндегi нақты оқырманға белгiлi бip рөл бөлiнедi, ол «имплициттi оқырман» ұғымының мәнiн бiлдiредi.
Көркем мәтiн негiзiнен автордың әлем көpiнici перспективасын көрсетедi. Сонымен бipгe оқырман нeнi елестете алатынын сезiп бiлуге жол ашады және автор көзқарасын бiлдiретiн бiрнеше перспективалардан құралады. Әдетте, төрт түрлi негiзгi перспектива түрлерiн атауға болады: баяншы, кейiпкер, сюжет және жалған оқырман, маңыздылық дәрежесiне қарай бip-бipiнeн айырмашылықтары арқылы ажыратылады, бipaқ мәтiн мағынасымен ұқсаса алмайды. Олар (перспективалар) мәтiндi әр түрлi бағыттан (баяншы, кейiпкер т.б.) әрекетке араластыратын көрсеткiштермен қамтамасыз етедi, олар бiр-бipiнe еркiн өте отырып, мәтiннiң мағынасын бiлдiретiн барлығына ортақ бip жерде түйiсетiн нүктесi болады. Сонымен, оқырман рөлi үш басты компоненттермен: әр түрлi перспективалармен, оқырманның оларды бiрiктiретiн басым бағытымен және олардың мәтiнде бiрiктiрiлетiн нүктесiмен анықталады. Осы модель бiр мезгiлде мәтiнде көрсетiлген оқырман мен жалған оқырман рөлiнiң тең еместiгiн әйгiлеп көрсетедi. Жалған оқырман рөлiнiң құрамды бөлiгiнiң тек бөлшегi ғана бола алады, оның көмегiмен автор болжаулы оқырманның басқа перспективалармен өзара қарым-қатынасқа ыңғайын ғана аша алады. Мәтiн ұсынатын рөлдi iске асырушы ретiнде имплициттi оқырман ұғымы ешуақытта шын оқырманның абстракциясы бола алмайды, керiсiнше, автор мен оқырман арасында толық түсiнушiлiктi орнататын құбылыс екенiн көрсетедi. Егер оқырман проекциясы мәтiнге өз үстемдiгiн көрсетпесе, сонда ғана осы әрекет өзгерiске түседi, «адасқақ көзқарас» (В.Изер терминi) дәрежесiн қабылдап, үнемi өзгерiске түседi, ол ешуақытта перспективалардың бipiнe де телiнбейдi оның мәнi тек осымен түсiндiріледi, керiсiнше, олардың арасында әрекетке шығып тұрады, нәтижесiнде осы перспективалардың қосындысын бередi. Белгiлi бip көркем шығарма оқу фазасында оқырман көзқарасы кейiпкерлердiң бipeyiнiң iшкi перспективасында сақталып, содан ол автор перспективасына ауысады, бipaқ ол басында кейiпкер перспективасымен берiледi, осы екеуiнiң көзқарастары қиысып, оқырман перспективасын құрайды. Соңғылары нағыз оқырманға қажет мәтiндi түсiнуге көмектесетiн алғы шарттарды қалыптастырады.
Оқылым бұл мәтiн арқылы басқарылатын әрекет, ол оқырман арқылы iске асады, ал мәтiн осы процестiң нәтижесiне байланысты, соған тәуелдi. Мәтiн мен оқырман арасындағы өзара әpeкeттi суреттеу қиын, бiрақ атқарылатын процесс, ол қарым-қатынасты басқарудың жалпы принциптерiне, сонымен қатар мәтiн мен оқырман ара қатысының спецификалық сипаттамаларына да байланысты.
Көркем шығарма оқу арқылы оқырман әдебиеттiң мол қазынасына кiрiп, әдеби жетiстiктердi бағалап, бойында құрметтеу қасиетi қалыптасады. Мәтiндер әлеуметтiк-бағыттық, елтану және кәсiби тақырыптарға арналуы мүмкiн, сондықтан оларды талдау коммуникативтi-стилистикалық, лингвистикалық елтану және филологиялық сипатта болады.
Тек қана тiлдiк информация емес, сюжеттi информация алу үшiн және жазушының шеберлiгiне тәнтi болу үшiн бейненiң iшiнe «бойлау» керек, яғни сол бейне сомдаған басқа. уақытты, басқа мәдениеттi өз бойынан өткiзу керек. Шет ел лингвистерiнiң айтуынша, әдебиеттi оқып-зерттеу үш негiзгi тип модельдерiнде жатады: 1. мәдени; 2. тiлдiк; 3. «дара жекенiң өсiп-жетiлуi» моделi.
Мәдени модель бойынша оқырманнан уақыт және кеңiстiк жағынан алыс мәдениет пен идеологияны түсiну амалдары, ой ойлау, түйсiну және көркемдiк формаларының дамуын көремiз. Автор туралы бар тенденциялар мен бағыттар, терминология жөнiнде бiлу, фондық танымдарды бiлу үлкен рөл атқарады. Екiншi және үшiншi модельдер өзара байланысты және интербелсендi, ол оқырманның жеке басына байланысты қалыптасады. «Жеке дараның өсiп-жетiлуiне» келсек, ол - күрделi культурологиялық құбылыстарды өз ой елегiнен өткiзiп, соған беретiн бағасы. Осы модельдiң мағынасы - оқығандарынан белгiлi бip мөлшерде жан-жақты эмоционалды, эстетикалық ләззат алу болып таблады.
Көркем шығарма тiлi әр түрлi шексiз қабаттардың тipi қосындылары, құрылыстар, тiркестердiң түзiлiстерiнен тұрады. Осылар көркем шығарма құпияларын құрайды. Сөз көркем шығарма мәтiнiнде бейнелi-эстетикалық қызметте жұмсалып, ұлттық мәдеииеттiң эмоционалдық және мәнерлiлiк белгiлерiн көрсетедi. С.Маршак сөзiмен айтсақ, сөз өз мағынасымен ғана сөйлеп тұрған жоқ, ол өзiнiң барлық дауысты, дауыссыз дыбыстарымен де сөйлемейдi, өзiнің ара қашықтығы және салмағы, бояуы арқылы бiзге сол дәуiрдi, өңiрдi, тiршiлiктi сезiніп-түйсiнуiмiзге ықпал етедi.
Мәтiндi прагматикалық батытта талдауда концепт пен авторлық прагматикалық шарт синоним ретiнде қызмет етедi.
Шығарманың имплициттi немесе эксплициттi берiлген идеясы оның концептiн құрайды. Көркем сөзге қатысты айтсақ, тез айқындалып көрiнетiн темасы жоқ, сюжетсiз шығарма болса да, концептсiз шығарма болмайды. Сондықтан да «автор – мәтiн – оқырман» коммуникативтi актiсiнде оқырманға автордың прагматикалық талабын ашу мiндетi жүктеледi.
Баяндауды «дауыстау», сөйлеушi субстратпен өзара әрекетке түсудi елестету, қайта жаңғырту мақсатында автордың талпынысынан туындайтын тәсiлдер, кейiпкерлердiң iшкi көңiл-күйiн бiлдiру ниетiнде кейiпкерлердiң ауызекi сөйлеуi арқылы көркем мәтiндi сөйлеу тiлiнде пайдалану мүмкiндiгi мәселенi шиеленiстiрiп, нақты сөйлеу тiлiнде көркем шығарма кейiпкерлерiнiң тiлiн суреттейтiн жаңа тәсiл-амалдарды белгiлеудiң қажеттiлiгi туындайды.
Зерттеушi назарына iлiккен кез келген лингвистикалық нысан оны тек қана имманенттi құрылым ретiнде ғана емес, сонымен қатар оның тiлде қолданыста болу нәтижесiнде анық көрiнетiн тipi организм сияқты қызықтырады.
Сөйлеу тiлiнiң экстралингвистикалық сипаты тiлдiк актiнiң дайындықсыз iске асуы, қарым-қатынастың еркiн өтуi, олардың коммуникацияға түсуi, тiлдiң ауызша сипаты, оның кенеттен iске асатынына, конституативтiлiгi, апперцепциялық негiзiнiң жалпылығы және қарым-қатынастың вербалды емес амалдарының болуына әсер ететiндiгiн Л.П. Якубинский еңбегiнен көремiз.
Сөйлеу тiлiнiң пайдаланылyының қажеттiлiгiн қамтамасыз ететiн басты экстралингвистикалық факторлар ретiнде қарым-қатынастың еркiндiгi, сөйлеу тiлiнiң ауызша сипаты, қарым-қатынастың ешнәрседен қысылмай-қымтырылмай iске асуы жатады.
Бipiншi бағыт өкiлдерi ауызша сөйлеу тiлi көркем мәтiнде оның басты типологиялық ерекшелiктерiн көрсететiн және мүмкiндiктерiн толық ашатын, яғни ауызша сөйлеудегi әлеует немесе ауызша сөйлеудiң көркем мәтiндегi типизациясы деп есептейдi.
Басқа бағыт ұстанушылар В.В. Виноградов, О.Б. Сиротинина т.б. тiлдiк кейiпкерлер сөзiн табиғи тiлдiң стилизациясы ретiнде қарастырады.
Типизация - автордың көркем бейнелеуi бойынша бip не басқа көркемдiк тұтас элементiнде бар мүмкiндiктi сарқа пайдалану арқылы ашылатын құбылыстың көpiнici.
«Стиль тезi (стилизация) деген терминдi осылай қазақшаладық, дәлiрек айтсақ «белгiлi бip стиль тезiне түсiру» деген дұрысырақ дегенiмiз көркем шығарманың тiлдiк материалдарын белгiлi бiр әлеуметтiк ортаға немесе белгiлi бip тарихи кезеңге, әдебиеттiң белгiлi бip бағытына, жанрына т.б. қарай үйлестiрiп, таңдап қолдану. Айталық, романды (әңгiменi, повестi) тарихи стиль тезiне салып (түсiрiп) жазғанда, автор өзi суреттеп отырған тарихи кезеңге тән зат, бұйым, құбылыс, әрекет атауларын келтiруге тиiс, кейiпкерлерiн мүмкiндiгiнше сол кезеңдегi тiлдесу процесiмен сөйлетуi керек, оның өзiнде де әр кейiпкердi өзiнiң әлеуметтiк орнына, тәрбие-танымына, жасына, жынысына қарай «сол кезеңше» сөйлеткенi тiптi абзал», - дейдi академик Р.Ғ. Сыздық. Әбiш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романынан үзiндi келтiрсек: