М.Әуезовтiң «Көксерек» әңгiмeciнeн алынған үзiндiде қасқыр жайында айтылып, көп мүшелi номинациялық тiзбек құрылады, ең бipiншi элемент әңгiменiң атын білдiредi.
Ол әңгiменiң нeгiзгi тақырыбын белгiлейдi. Тiзбектi бiрден объект номинациясы - қасқыр iнi - бастайды. Ары қарай құрылысы жалғасады: ескi iн -(жақын елге мәлiм) - екi қасқыр мекен emmi – үш үлкен ін болатын - жаңа iн- ақжүндерi - қыстан қалған mүбimi - қысқы жүнi әбден түлеп болмаған ақ қасқыр – көк күшiктерi - жас қызыл қозы – көк шолақ - қозы... дар-дар айырылды - қапаш-құпаш қорқ-қорқ emin қомағай қанды ауыздар асайды - аунап-аунап, керілiптұрып жегендерiн құса бастады - алдымен туған көзi ашылған күшiктер – ең соңғы туған екi күшiктi - оларды бауырына алып емiзе бастады. Осы номинациялык тiзбекте қайталаманың әр түрлi қолданысы: жай (қасқыр iнi - ескi iн), турленген түрi(ескi iн– үшүлкен iн -- тағы бip жаңа ін), есiмдiктенген(екi күшiктi - оларды),эллипстiк(екi қалыңсасыр -- сасыр, қызыл қозы – қозы), антоним(ақ қасқыр – көк шолақ, алдымен туған - соңғы туған). Номинациялықтiзбектер - қысқы жүнi әбден түлеп болмаған аққасқыр және көк шолақ -- әңгiменiң семантикалькбекiткiшi болады.
Kiшi формалы шығармаларда (қысқаша әңгiме, эссе, өлец) мәтiннiң негiзгi тематикалық дiңгегiн құрайтын екi-үш номинациялық тiзбектермен берiледi, ол мәтiндiк тұтастықтың семантикалық ұйымдасуына тән. Олардың шеңберiнде топиктiк тiзбектер орналасады, жеке-жеке микротемалар соларда iске асады. Бұл топиктер мәтiннiң тек белгiлi бip бөлiгiн ғана қамтиды, кейде олар бip сөйлем көлемiнде топталyы мүмкiн. Ә.Кекiлбаевтың «Тасбақаның шөбi» әңгiмесiнен үзiндi келтiрейiк:
Сол жылғы күзде Оңбай басқармалыққа сайланды. Бiр аяғы үзеңгiде, екi балдағы ердiң артында өңгерулi. Шолақ аяқ басқарма ойда жоқта төбеден түсе қалады. Жұрттың көрмесiн көрiп, бiлмесiн бiлin отырады. Ол дегенде бұрын аузын ашып, көзiн жұматын ел ендi жағаларын ұстайды. Орақшы әйелдер басқарма үстiмiзден шығып қала ма деп, бұрынғыдай шөмеле түбiнде бipiнiң бipi басын қарап бepemiндi қойды. Қырманшы шалдар астық бастырып бiткен күнi қырман түп деп ырым қып жұрттың етегiне бip-бip уыс бидай түйin жiберетiндi тоқтатты. Кеңседегiлер де аяқтарының ұшынан басады. Ауданда заемды бipiншi боп орындайтын Оңбайдың колхозы. Тiптi бойдақ салық екеш бойдақ салық та Оңбай келгелi бipiншi боп орындалады. Оңбайдың тұсында жыл он екi ай бос жататын ала қырға мал жайылды. Оңбайдыц тұсында арқар мен киiктен басқа аяқ баспаған бөpiлi түздерге орақ түcmi. Оңбайдың тұсында сай-сайдың аяғына тоған тұрғызылып, арпа, бидай, тары егiлдi. Оңбайдың тұсында бұл ауылдан алдына ат салдырмаған бәйге жирен шықты. Оңбайдың тұсында еңбеккүнге ақша берiле бастады. Оңбайдың тұсында қабырға газет екеш қабырга газет те уакытылы шығып тұрушы едi. Оңбайдың тұсында Қарабала екеш Қарабала да жиналысшыл болып алып едi. Басқарманың мүшесiсiң дейдi ме, әйтеуiр, күнара кеңсеге шақырып жатыр деп бiр қара сирақ шауып келедi де тұрады. Бiрақ ауыл түгіл бүкiл ауданды дүбiрлеткен «шолақ аяқ басқарманың» дәуренi бәpiбip келте болды.
Бұл үзiндiде басты кейiпкер Оңбай басқарма туралы айтылады. Автор кейiпкердiң сыртқы бейнесiн «шолақ аяқ басқарма» деп қана оқырманға таныстырып өтедi, бiрақ оның өзi тiкелей ic-қимылға араласпайды, оның жұртқа не жасағаны, қандай тыйым салғандығы басқалардың (орақшы әйелдер, қырманшы шалдар, кеңседегiлер) әрекетi арқылы берiледi (бұрын-ендi, аузын ашып-көзiн жұматын елжағаларын ұстайды), тағы да басқа детальдармен толыға түседi (заем,бойдақ салық, мал жайылымы, орақ mүcipy, бәйге, ақша, қабырғагазет), осылар әңгiменiң семантикалық ұйымдасуына қызмет етедi.
Кез келген мәтiндiк бүтiн төменгi деңгейдегi семантикалық және синтаксистiк тұйықталған құрылымның мейлiнше ең жоғарғы деңгейдегi құрылымға кipiryiнiң жалпы принциптерi бойынша қалыптасады. Мәтiннiң құрылымдық бiрлiктерi туралы мәселе әрқашан айтыс туғызса да, мәтiннiң ең кiшi өз алдына дербес бipлiri сөйлем екендiгi белгілi. Мәтiндiк бүтiннiң схемалық құрылымын былайша көрсетуге болады: сөйлем абзац - тарау – бөлiм –мәтіндік бүтін. Абзацтағы сөйлемдер және абзацтар өзара тек қана логикалык және тематикалық деңгейде емес, сонымен қатар тiлдiк деңгейде де байланысты болады. Мәтiндегi сөйлемдер арасындағы нақты тілдiк байланыс тәсілдерi арнаулы әдебиетте айтылады. Абзац iшiндeri сөйлемдер арасындағы және абзац арасындағы байланыстың iске асуының жалпы принциптерiне ғана токталайық.
1.Шынжыр бойынша байланыс. Шынжыр бойынша байланыста әр сөйлем келесi сөйлеммен сөйлем құрылысының тiлдiк элементтерiнiң бipi арқылы iлiгeдi. Мысалы: Ол кезде мен бала едiм. Апам жастау едi. Әке-шешемiз қиыр жайлап, шет қонып мал соңында жүретiн де, айында-жылында ғана болмаса, бет-жүзiн үнемi көре бермейтiнбiз. Соғыстан кейiнгi жылдарда есiн жиып, езiлген еңсесi көтеріле бастаған елдiң берекелi де бейбiт тipлiгi жар жағасында отырған жалғыз үй әрине бiзге де ортақ. Қoc бөлмелi шатырланбаған