2 Гамильтон теңдеулерін қорытып шығарыңдар: Жалпыланған импульс үшін, Гамильтон функциясы үшін


) Денелердің өз ара әрекеттесуінің механикалық концепциясына түсініктеме бер, теңдеулерін жазыңдар



бет15/23
Дата06.01.2022
өлшемі482,94 Kb.
#12207
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
1) Денелердің өз ара әрекеттесуінің механикалық концепциясына түсініктеме бер, теңдеулерін жазыңдар:

- Потенциальды күштерге.

- Әрекеттесудің скалярлық өлшемі – потенциалдық энергияға.

- Потенциалды энергияны табу әдістеріне.

- Механикалық жүйелердегі әсерлесулеріне.

Электрстатикалық өрістің потенциалы -скаляр шама, өрістің берілген нүктесіндегі бірлік оң нүктелік зарядтың потенциалдық энергиясына тең және өрістің энергетикалық сипаттамасы болып табылады:



. (11.19)

Өріс күшінің потенциалы (1-нүктеден) потенциалы(2-нүктеге) q0 зарядтың орнын ауыстыруға жасайтын жұмысы



. (11.20)

өрнегімен анықталады.

Нүктелік q зарядтың электрстатикалық өрісінің одан r қашықтықтағы нүктедегі потенциалы:

. (11.21)

Радиусы R, заряды бетінде бірқалыпты таралған шардың электростатикалық өрісінің потенциалы шардан тыс нүктелерде шардың центріне орналастырылған нүктелік q зарядтың өріс потенциалымен бірдей болады. Шардың ішіндегі өріс потенциалы



, (11.22)

бірақ шардың ішіндегі өріс кернеулігі нөлге тең.

Электрстатикалық өрісті күш сызықтарымен қатар графиктік түрде эквипотенциалдық беттер арқылы да кескіндейді. Эквипотенциал бет деп барлық нүктелеріндегі потенциалдың мәндері бірдей болып келетін бетті айтады. Эквипотенциалдық беттердің қасиеттері: а) эквипотенциалдық беттің кез келген нүктесінде кернеулік оған перпендикуляр болады және потенциалдың кему жағына бағытталады; б) электр заряды бір эквипотенциалды бет бойымен орын ауыстырғандағы істелінетін жұмыс нөлге тең болады.

Өрістің күштік сипаттамасы кернеулік және оның энергетикалық сипаттамасы – потенциалдың арасында электрстатикалық өрістің потенциалдылығына негізделген байланыс бар. Потенциалды күш өрісінде потенциалдық энергия мен күш арасындағы байланыс мына түрде берілген



, (11.23)

мұндағы –набла операторы, оның түрі:



(11.24)

осыдан


. (11.25)

Мұндағы "минус " таңбасы векторының бағыты әрқашан да потенциалдың кемуіне қарай бағытталатындығын көрсетеді.

Біртұтас ретінде қарастырылатын материялық нүктелер (денелер) жиынын механикалық жүйе дейді.

Қарастырылып отырған механикалық жүйеге кірмейтін денелерді сыртқы денелер дейді. Жүйеге сыртқы денелер тарапынан әсер ететін күштер сыртқы күштер деп аталады. Ал ішкі күштер дегеніміз қарастырылып отырған жүйеге кіретін бөлшектердің өзара әсерлесу күштері.

Механикалық жүйе сыртқы депнелермен өзара әсерлеспесе (немесе оған сыртқы күштер әсер етпесе) , онда ол тұйықталған немесе оқшауланған жүйе деп аталады

Материялық нүктелердің (денелердің) бір –біріне әсері өзара әсерлесу сипатта болады.



Ньютонның үшінші заңы: Материялық нүктелердің бір-біріне әсер ету күштері модулі бойынша әрқашан тең, бағыты жағынан қарама-қарсы және осы нүктелерді қосатын түзу бойымен әсер етеді : Ғ1,2 = - F2,1.

Бұл күштер әр материялық нүктеге түсірілгені, әрқашан жұбымен әсерлеседі және табиғаты бір болып табылады. Ньютонның үшінші заңы жеке материялық нүктелер динамикасынан кезкелген материялық нүктелер жүйесі динамикасына өтуге мүмкіндік береді, үйткені кезкелген өзара әсерлесуді материялық нүктелердің жұпталып өзара әсерлесуі ретінде қарастыруға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет