2 курс білім алушыларға арналған практикалық сабақТЫҢ Әдістемелік нұСҚаулығЫ


Синхронды машиналардың түрлері және олардың құрылысы



бет12/14
Дата15.11.2023
өлшемі2,47 Mb.
#123985
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
8-такырып

Синхронды машиналардың түрлері және олардың құрылысы
Синхронды генераторды айналдыратын бірінші реттік қозғалтқыштың түріне байланысты, синхронды машиналарды турбогенераторлар (механикалық энергия көзі - бу турбинасы), гидрогенераторлар (механикалық энергия көзі - гидравликалық турбина) және дизельгенераторлар (механикалық энергия көзі - іштен жанатын қозғалтқыш - дизель) деп бөлінеді. Жылу электр станцияларында (ЖЭС) және атом электр станцияларында (АЭС) турбогенераторлар орнатады, ал гидростанцияларда (ГЭС) – гидрогенераторлар қолданылады.
Гидрогенераторлар Егер қозғалтқыш жетек гидравликалық турбина болса, онда синхронды генератор гидрогенератор деп аталады (2.8.8-сурет).



2.8.8-сурет. Гидрогенератор
1-жүк көтергіш крестовниа, 2-статор корпусы, 3-статор өзегі, 4-статор орамы, 5-ротор полюсі, 6- ротор орамдары, 7-ротор сымдары, 8-шеңбер роторы

Әдетте гидравликалық турбинаның айналу жиілігі көп болмайды (60 – 500 айн/мин), сондықтан өндірістік жиіліктегі (50 Гц) айнымалы ток алу үшін гидрогенераторларда полюстер саны көп болатын ротор қолданылады. Гидрогенераторлардың роторларының құрылысы айқын полюсті болады. Әдетте гидрогенераторлардың білігін тік орналасқан қалыпта жасап шығарады.


Турбогенератор Бу турбинасы үлкен айналу жиілігімен жұмыс істейді, сондықтан турбогенератор деп аталатын (2.8.9-сурет), ол айналдыратын генератор тез жүретін синхронды машина болады. Бұл генераторлардың роторларын не екі полюсті (n1=3000 айн/мин), не төрт полюсті (n1= 1500 айн/мин) етіп орындайды.

2.8.9-сурет. Турбогенератор


1 - қоздырғыш; 2 - корпус; 3 - статор өзекшесі;
4 - сутегімен суытатын секция; 5 – ротор

Турбогенератордың жұмыс істеу үрдісінде оның роторына айтарлықтай ортадан тепкіш күштер әсер етеді. Сондықтан механикалық беріктілік шарты бойынша турбогенераторларда айқындалмаған полюсті ротор қолданылады.


Турбогенераторлар мен дизельгенераторлардың біліктерін көлденең орналастырып шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет