2. Медициналық эвакуация кезеңдерінде өмірге қауіп төндіретін жағдайлар кезіндегі шұғыл терапиялық көмек Медициналық эвакуация



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата29.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#144950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ввввпппптттт

Бірінші дәрігерлік көмек
-жараланғаннанкейінгі5сағат ішінде, жаппай қыру қаруы 
қолданылғаннан кейін уланудың (интоксикация) алғашқы белгілері біліне бастаған сәттен бастап 
2-4 сағат ішінде көрсетіледі. 
-
Кәсіби медициналық көмек
жараланғаннан кейінгі- 8-12 сағат ішінде жарақаттан кейін, ЖҚҚ-
нан кейін интоксикация біліне бастаған сәттен бастап 6-8 сағат ішінде көрсетілетін көмек. 
Медициналық эвакуация кезеңдері қызметін анықтайтын әртүрлі жағдайларғақарамастаноларға 
медициналық эвакуация кезеңдерінде орындайтын келесі міндеттер жүктеледі: 
-Ауруларды қабылдау және тіркеу, медициналық іріктеу жүргізу. 
-Жаралылар мен ауруларды санитарлық тазалықтан өткізу, киімдері мен қару-жарақтарын 
дегазация мен дезактивизациялау. 
-Медициналық эвакуацияның осы кезеңіне белгіленген көлемдежаралылармен ауруларға 
медициналық көмек көрсету. 
-Медициналық эвакуацияның осы кезеңіне тиісті белгіленген мерзімде жаралылар мен ауруларды 
госпитализациялау. 


-Медициналық эвакуацияның кейінгі кезеңдерінде эвакуацияға жататын жаралылар мен 
ауруларды орналастыру. 
-Инфекциялық ауруларға қаупі бар, қасындағы адамдарғақауіпті жаралыларменауруларды 
уақытша оқшаулау, оларға медициналық көмек көрсету.
Медициналық эвакуация кезеңі бөлімшелерінің нақты орналасуы әр түрлі әскери және 
медициналық жағдайларға байланысты болады. 
Медициналық эвакуация кезеңі құрамында сол сияқты басқару элементтері де орналасады: штаб, 
аптека, зертхана, кухня-асхана, қоймалар, жеке құрамға арналатын орын. 
Медициналық эвакуация кезеңі жайылатын жерге қойылатын талаптар нақты әскери және 
медициналық жағдайға байланысты болады. 
Әскери қимылдар жер сипатына және жаудың оқ құралдары әсері мүмкіндігіне байланысты тиісті 
медициналық қызмет бастығының өкілімен медициналық эвакуация кезеңдері әскердің алғы 
шебінен әр түрлі қашықтықта орналасады. 
Медициналық эвакуация кезеңдерін орналасыруға орын таңдағанда ең алдымен жаралылар мен 
ауруларды тез жеткізуге, медициналық көмек көрсетуге қолайлы жер таңдалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет