2. Медициналық эвакуация кезеңдерінде өмірге қауіп төндіретін жағдайлар кезіндегі шұғыл терапиялық көмек Медициналық эвакуация



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата29.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#144950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ввввпппптттт

Клиникалық көрінісі 
• Жедел науқас жағдайының тежелуі; 


• Ажарсыздық, өңсіздік; 
• Тәбеттің төмендеуі; 
• Қанның қоюлығы артады (гемоконцентрация); 
• Гематокрит көрсеткіші (плазма азайып, қан түйіршіктері көбейеді) артады; 
• Қан сұйылуы (гемодилюция), зәрде – белок (протеинурия), эритроциттер (эритроцитурия), т.б. 
заттар кездеседі. 
• Зәрдің тәуліктік мөлшері (диурез) төмендейді. Олигоурия не анурия байқалады. 
• Қанда азот қалдығының көбеюі, зәрдегі азот қалдығының санын анықтау өте пайдалы әдіс (500 – 
600 мг%) болып саналады. 
• Гиперкалиемия және басқа элементтердің бұзылуы (магний, натрий, т.б.). 
• Босатылған аяқ-қол өте ісінген, тіндері тығыз, терісі керілген, кейде қола (бронза) түстес болып 
келеді, теріде кейде көпіршіктер пайда болады. 
Алғашқы көмек 
• 1. Жарақаттанған адамды ауыр заттың астынан шығарып алу. 
2. Жарақаттанған аяқ – қолды төменнен жоғарыға қарай таңғышпен таңып тастау. 
3. Егер адам ауыр заттың астында ұзақ уақыт болса, онда арнайы таңғышпен, немесе жгутпен 
қатты таңып тастау қажет (жарақаттың үстінен). 
4. Арнайы шинаны пайдаланып кеудеге, аяқтарына бинт орағыштарын қатты байлау керек. 
Үшбұрыш тәрізді. 
5. Медециналық көмек келгенше жарақаттың үстінен мұз басып, зардап шеккен адамға көп 
мөлшерде сусын беру керек. 
6. Тыныс алуы қалыпты болмаса – жасанды жолмен тыныс беру керек. 
7. Егер адам ес – түссіз болса, сусынды организмге жасанды дәрі – дәрмек арқылы енгізу керек. 
Кейде арнайы “системалар” пайдаланылады. 
Емдеу 
• Сырқат салынған таңғыш «бұғаумен» жеткізілсе, «бұғаудан» жоғары новокаин ертіндісімен 
жергілікті қапшық (футляр) тәріздес тежеу (блокада) жасайды, содан соң «бұғауды» ептеп 
босатып шешеді. Бұдан кейін екі жақтан бұйрек маңайынан 80-120 мл 0,25% новокаин 
ерітіндісімен А.В. Вишневский тәсілі бойынша тежеу жасайды, антибиотиктер, сіріспеге қарсы 
сарысу (ПСС) еңгізіледі. 
• Қышқылдануға қарсы күрес жүргізіледі – натрий бикорбонаты - 4% -500 мл, зәрді 
қышқылсыздандыру үшін зәр қышқылды диатезге қарсы уротропин, глюкоза, гемодез, Рингер 
ертіндісі, реополиглюкин, альбумин, плазма, зәр түзілткіштер – лазикс, фуросемид, т.б. 
қолданылады. 
• Аяқ-қолды таңу мен салқындату жалғастырыла береді. 
Егер бұл жағдайда ісік қайтпаса, терінің домбығуы, кернеулігі тезірек артса – ұзын тіліктер салу, 
бұлшық еттерді шандыр қабымен тілуді (фасциотомия) жасалады. Жараны ашық ұстап, ішіне 
өткізгіш түтіктер, дәкемен жеңіл тығындау керек, бұл жерге гипертониялық сұйықтар, 
хлоргексидин, диоксидин, протеолиттік ферменттер, т.б. қолданылады. 


• Гипопротеинемия байқалса альбумин, протеин, плазма, қан, белоктар, желатиноль, изогем, 
инфузол, т.б. құю, плазмаферез, жоғарғы қысымдағы оттегі (ЖҚО-ГБО), витаминдер, глюкоза мен 
инсулин, т.б. қолданады. 
• Егер бұл емдеу шарттарына қарамастан жедел бүйрек жетіспеушілігі (Ж.Б.Ж.) басталса 
гемодиализ қолданылады. Кейбір кезде науқастың жағдайының түзелмеуіне байланысты 
жарақаттанған аяқ-қолға ампутация жасауға мәжбүр болады. Егер аяқ-қолдың жаншылуы ауыр 
болып, жалпы емдеу шараларымен науқасты қалыпқа келтіре алмаса, науқастың өміріне тікелей 
қауіп төнуіне байланысты ампутация жасау керек. Бұл сұрақты әр сырқаттың тағдырының 
ауырлығына, өмірге төнген қауіпті жағдайларға байланысты жеке талдап, өзара келісіп шешеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет