таппадым мен тапқаным жоқ, қайтпаймын мен қайтпандегендердің мағыналары, жұмсалу аясы, қызметі бірдей емес. Бұл сұрағымызға айтарлықтай дәлелді жауап таппадым мен бұл сұрағымызға айтарлықтай дәлелді жауап тапқаным жоқ деген сөйлемде мағынасы бірдей болғанымен, жұмсалу аясы бірдей болып тұрған жоқ. Айтқаным айтқан, Ақбөпені қатын қылып алмай қайтпан.(Әлихан Қалдыбаев. Шертпектен шеке зардап шекпейді). Осы мысалдағы сөйлемді айтқаным айтқан, Ақбөпені қатын қылып алмай қайтпаймын деп өзгертер болсақ, сөйлемді жеткізу қызметінің бәсеңдеу үнмен жеткізілгенін байқаймыз.
жазушы Сейдахмет Бердіқұловтың спортшылар туралы жазған көркем шығармасының бірінде «велосипедшілер құйысқан тістесіп бара жатты», тағы бір тұсында «екі велосипедші үзенгі қағыстырды» деген сөйлемдерді оқимыз. Егер фразеологизмдерді орнымен қолдану нормасына келетін болсақ, үзеңгі қағыстыру мен құйысқан тістесу тіркесі салт атты адамдардың шабысына қатысты қолданылуы қажет, себебі велосипедтерде құйысқан да, үзеңгі де болмайды, бұл дәлелге қарамастан, автор тілінде норманы берік ұстану емес қағидасы емес, стильдік мақсат алға шығып тұр: жазушы бұл «қазақы» фразеологизмдерді қазіргі техника көлігіне сай етіп қолданып, жаңақолданысты тіл жұмсау кезінде пайдалану арқылы оқырман сезіміне оң әсер ететін образды жасап шыққан. Велосипедші қазақ жігіті – Тұйғынның жарыстағы сезімі, күресі, күйі, психологиясы дегендерге «қазақы» үн берген, бұл жердегі ұлттық бояу осы шығарманың тұтас өн бойындағы көркемдік стиліне сай келеді, яғни дәл осы қолданыс осы шығармада ұтымды, қолайлы деп танылған. Бұл жерде стилистика тұрғысынан сөз қолданыстың нормаға сай дұрыстығы емес, қолайлылығы, ұтымдылығы көзделген.
Сөздің барлық жанрларында тілдік норманың дұрыстығын немесе талаптарын бұзатын лексикалық, орфографиялық, орфоэпиялық қателіктер мен тыныс белгілердің дұрыс қойылмауы секілді тілдік нормаға кереғар әрекет ететін тілдік қателерді құрылымдық лингвистикада жан-жақты зерттеу табиғи заңдылықтарын сақтауға жол ашады, қателіктерді жасамауға ықпалын тигізеді. Бұдан шығатын қорытынды, сөз қателіктерінің қыр-сыры – күрделі құбылыс. Мысалы, М.Әуезовтың «Абай жолы» романында:
1. « – Бүйткенше, қаңғытып қусашы, бұл қор болған Бөкенші Борсықты! – деп көпшілік тағы ашу жия бастап еді». Берілген мысалда «қусашы» деген сөз тілдік нормаға сай емес. Сонымен қатар, «ашу жия бастап еді» деген сөз тіркесі еш жерде кездеспеген, ешкім қолданбаған тіркес. 2. «Бірақ Құнанбай қайысар емес» деген сөйлемде Құнанбай берілер емес, қайтатын емес деген ұғымды білдіріп тұр. 3. «– Мекенің қайырлы болсын! – десіп жабырлап құттықтап жатыр деген сөйлемде «жабырлап құттықтап жатыр» деген тіркес жалпылдап немесе жамырап құттықтап жатыр деген ұғымды білдіреді. Бұл мысалдарда ауызша айту барысында кездесетін сөздерді қолдану автор жағынан бірнеше аспектіде қарастыру арқылы түсіндіріліп, зерттелінеді. Зерттеудің басында айтып кеткеніміздей, кейбір зерттеушілер жазушының өзіндік стильді жасау үшін тілдік талғамдағы дағдылы емес, ережеге сай келмейтін стильдік бояуға ендіру мақсатында пайдаланған шеберлігі деп бағалайды. Бірақ мәдени қарым-қатынас саласында қойылған критерийлерді орынды пайдалану қажет екенін естен шығармау керек.