Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаттары:
балалар өмірін сақтау және денсаулығын нығайту;
баланың жеке басын үйлесімді орнату;
баланың қоғамдық- әлеуметтік, табиғи ортада өмір сүруі мен жемісті әрекеттенуіне мүмкіндік беретін қабілеттерін дамыту;
баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басым бағыттары:
Мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру
Ерте жастағы балалардың дамуы
Әлеуметтік дағдылар мен өзін – өзі оқыту дағдыларын дамыту
Қалыптастырушы дағдыларын дамыту креативтілікті, сыни ойлауды дамыту, тіл табысуға дайын және командада жұмыс істей білу.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің 2021-2022 оқу жылындағы негізгі міндеттері мынадай бағыттарды қамтиды: - әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде орта құруды; - балаларды қызықты ойын түрінде (шаршауды болдырмау үшін) тәрбиелеу, оқыту және дамытуды; - баланы білім беру процесіне толыққанды қатысушы (субъект) деп тану; Педагогтердің назарын тәрбиелеу - білім беру қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидаларына аударамыз: құндылықтарын қалыптастыруына негізделген, яғни әр баланың құндылықтарын мойындауға және дұрыс білім алуға көзделген. Мектепалды даярлау бағдарламасы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыруына бағытталған, балалардың заманауи мектепте білім алуда алдыңғы қатарлы болуына септігін тигізеді.
Бағдарламаның стратегиялық мақсаты:
Баланың жалпы дамуына әсер ету, біртұтас әлемнің бейнесін қалыптастыру. Мектепалды дайындығының мақсаттарына жету үшін балалардың білімдерін дұрыс қалыптастыру, бастауыш сатыда білім алуы табысты болуына қажеттісі:
*Өз бетінше жұмыс жасау;
*Белсенділік;
*Жауапкершілік;
*Шығармашылық;
*Пәндік құзіреттілік;
*Коммуникативтік.
Мектепалды даярлық сыныптарында тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзреттілігін қалыптастыруға бағытталған.
Бұл мақсат «Денсаулық», «Қатынас», «Таным» , « Шығармашылық» , «Әлеуметтік орта » салалары бойынша жүзеге асырылады. Мектепте ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінің саны оқытудың жас ерекшеліктеріне сәйкес базалық оқу жоспарында белгіленген, ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің санына сай 20 сағат бөлінген. Жұмыстық оқу жоспары 2 бөлімнен тұрады: инвариантты және вариативті. Қазақ тілінде оқыту инвариантты бөлім 17 және вариативті бөлім - 3 сағат. Орыс тілінде оқыту инвариантты бөлім 18 және вариативті бөлім - 2 сағат
Достарыңызбен бөлісу: |