2. орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық актілері


Мектеп информатика курсы бойынша оқу бағдарламаларына және оқулықтарға талдау



бет4/13
Дата10.06.2023
өлшемі134,56 Kb.
#100391
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
иоә

4. Мектеп информатика курсы бойынша оқу бағдарламаларына және оқулықтарға талдау

Мектеп информатика курсы бойынша оқулықтарға талдау.


Информатика пәнінің ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету бағытына сәйкес информатика пәнінің оқу-әдістемелік құралдарына қойылатын талаптарды анықтауды жалпы оқулықтарға қойылатын дидактикалық талаптар басшылыққа алынады.


Информатика оқу-әдістемелік құралдың құрамы мен құрылымына, мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды пәнінің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып анықтау — осы пәнді оқытуды жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі деуге болады.


Информатика пәні оқулығының маңызды ерекшелігі бұл өскелең өмір талабына сәйкестігі болып табылады. Оқулықтың мазмұны мен құрылымын А.Құсайынов, Ұ.Асылов, Қ.Молдабек т.б отандас ғалымдар аша білді. Ал білім мазмұнының мәні, зерттеу нысаны, оған қойылған дидактикалық талаптар мен ұстанымдар, әдіснамалық мәселелер М.Скатин, И.Лернер, В.Краевский, Ю.Бабанский, Б.Лихачев, В.Леднев, А.Хуторский ғылымдардың зерттеулерінде орын алды. Мектеп оқулықтарының пәндік мазмұнын жетілдіруге Қ.Аймағамбетова, Г.Уәйісова, Т.Оспанов, Ш.Құрмнәлина, С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Ж.Қайыңбаев, К.Ерешов т.б ғалымдарымыз өз үлестерін қосып келеді.


Оқулыққа қойылатын талаптар:


— Ұлттық ғылым саясатына сәйкестігі;


— Бағдарламаға сәйкестігі;


— Мазмұнының ғылыми мәнділігі және нақтылығы;


— Әлеуметтік-мәдени құндылығы;


— Ұсынылған материалдың тарихилығы;


— Оқушылардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің ескерілуі;


— Мазмұнының жүйелігі, бірізділігі;


— Сабақтастық принципінің сақталуы;


— Еліміздің экономикалық даму ерекшеліктерінің сәйкестігі;


— Мектептердің компьютермен жабдықталуының ескерілуі;


— Компьютерлік оқытушы программалар пайдалануының ескерілуі;


— Практикалық тапсырмалардың тақырыпқа сәйкестігі;


— Тапсырмалардың жүйелі түрде таңдап алынуы;


— Оқытудың әр түрлі жаңа технологияларын пайдалануға ыңғайлылығы.


Осы талаптарды ескере отырып дайындалған оқулықтың сапасы жоғары болып, оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі.


Оқулық пен оқу құралдарын сабақ барысында тиімді қолдану, экономикалық білімді игеруді білім, білік, дағдыны қалыптастыру, өзіндік жұмыстарды қалыптастыру, теориялық материалдарды қайталауға берілген сұрақтарға тиімді жауап беру тәсілдерін көрсету жайында әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі.


Әрбір сыныпқа арналған әдістемелікте сол сыныптағы информатикадан берілетін білім мазмұны және оны оқып үйретудің өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ сабақ барысында сол ерекшеліктерді жүзеге асыру жолдары қарастырылады.


Әрбір сыныпқа арналған информатика оқулықтардың мазмұнына тоқталамыз.


7-сыныпта информатиканы оқытудың негізгі мақсаты — оқушыларға ақпаратты өндеу, беру және қолдану үрдістері туралы білімді меңгерту оқу үрдісінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын, алгоритмдік мәдениет пен компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады.


Алгоритмдік мәдениет дегеніміз – алгоритмді құру, түсіну және атқару іскерлігі арқылы бейнеленетін ойлау мәдениеті.


Оқытудың мазмұны — шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға, логикалық-құрылымдық ойлау қабілетін дамытуға, яғни оны қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға және компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін өздерінің кәсіби дайындық деңгейлеріне еркін пайдалана білуге бағытталған.


Информатиканың мамандыққа баулу курсы ретінде оқытуда оқушылардың операциялық жүйемен, PAINT графикалық редакторымен, WORDPAD мәтіндік редакторымен жұмыс жасауды, электрондық поштаны іске қосуды меңгерту сияқты және тағы басқа мәселелер қамтылады.


7-сыныпқа арналған «Информатика» оқулығы 2007 жылы қайтадан өңделіп шығарылды. Бұл оқулықта дәл сол тақырыптар қамтылған. Тек айырмашылығы – ескі оқулықтағы кейбір қазақша нұсқасымен берілген терминдер қайта орысшаға аударылған, кейбір тарауларға деректер қосылса, кейбіріннен, керісінше, материалдар алынып тасталған және суреттер мен кестелер өзгертілген.


1 — бөлім информатиканың теориялық негізгі іргелі ұғымдары – ақпарат, ақпараттық үрдістер ұғымдарына кеңінен түсініктеме беріліп, ақпаратты қабылдау және өңдеу мәселелері жан-жақты қарастырылады. Бұл бөлімде “ақпарат” сөзіне “ақпарат – белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы” деген түсініктеме берілген. Адам ақпаратты сақтай алады, жеткізе алады және өңдей алады. Бұл әрекеттер ақпараттық үрдістер деп аталады. Жаңа кітапта ақпараттық үрдістер сызба түрінде кескінделген. Бұл бөлімнің 2-тақырыбы “Ақпаратты кодтау(таңбалау)” деп аталады. 2003 жылы шыққан оқулықта кодтау – ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсыну деп берілсе, 2007 жылы шыққан оқулықта кодтау – ақпаратты жеткізу үшін оның түрін өзгертеді, яғни оны түрлендіреді. Мысалы, ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазады. Бұл үрдісті кодтау деп атайды деп толықтырылған. Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын код – ASCII, американдық ақпарат алмасудың стандартты коды болып табылады. 2007 жылы шыққан оқулықта да оның кодтау кестесі берілген.


2-бөлім ақпаратты өңдеудің техникалық құралдары – есептеу техникасы, оның даму тарихы, архитектурасы зерттеуге арналған. Бұл тақырып бойынша «Дидактикалық материал. Практикум» құралында әр түрлі кестелік және мәтіндік тапсырмалар берілген. Мысалға «ЭЕМ буындары мен олардың сипаттамалары» кестесін келтіруге болады және оның дұрыс жауаптары мұғалімге арналған оқыту әдістемесінде жазылған.


2003 жылғы кітаптың 3-бөлімінде Windows’98, ал жаңа оқулықта Windows ХР оқытылады және мағлұматтар жаңартылған. Оның мәтіні келесідей: Қазіргі кезде Windows – барлық дербес компьютерлерге арналып кең таралған операциялық жүйе. Windows-тің кең таралуына себеп, оның қолайлығы, түсініктілігі, графикалық интерфейсі, бірнеше программалармен қатар жұмыс жасау мүмкіндігі және жаңа жабдықтардың автоматты түрде бапталуы сияқты ерекше қасиеттерін атауға болады.


PAINT графикалық редакторы 4-бөлімде қарастырылған. Бұл бөлімде программасын іске қосу, сурет салу кезеңдері, редактордың құралдары жайлы өте жақсы жазылған. Сонымен қатар оқушыларға тапсырмалар берілген.


WORDPAD мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама жайлы мағлұмат 5-бөлімде беріледі. Мұнда бағдарламаны іске қосуды, құжат құруды, мәтінді пішімдеу, мәтінге күн мен уақытты кірістіруді және т.б. үйретеді.


6-бөлімде блокнот және калькулятор программалары ұсынылған. Бұл бөлімде блокнот пен калькулятордың мүмкіндіктері, калькулятордың түрлері мен батырмалары суреттерімен түсінікті етіліп жазылған. Сондай-ақ тақырып соңында практикалық тапсырмалар берілген.


8-бөлім компьютерлік желілер деп аталады. 2003 жылы шыққан оқулықта компьютерлік желі – бұл әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды және құрылғыларды бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы деп беріледі. 2007 жылы шыққан оқулықта қор сөзі ресурс, бағдарлама сөзі программа деп аударылып жазылған. Сонымен қатар, ақпарат алмасу, желілік ақпараттық технологиялар сызбалары кескінделген. Одан әрі жалпы желі, электрондық пошта ұғымдары кең көлемде ашылып жазылған.


Сонымен, қорыта келгенде, информатика оқулықтарының мазмұны бойынша салыстыратын болсақ, пәнді оқыту мақсатында бір-біріне жақындықтары байқалады. Бірақ айырмашылықтары да кездеседі. 2007 жылы шыққан оқулықтың 2003 жылы шыққан оқулыққа қарағандағы жетістігі – көптеген тақырыптарға жаңа деректер қосылып, сызбалар сызылған және суреттер көркемделіп салынған. Ал кемшілігі – қазақша терминдер орысша нұсқада берілген. Сондықтан қайсы оқулықпен оқыту керек екендігін таңдау өз қалауларыңызда.


8 сыныпта оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларға ақпаратты өндеу, беру және қолдану үрдістері туралы білімді меңгерту, оқу үрдісінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын, алгоритмдік мәдениет пен компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады.


Оқытудың мазмұны – шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға, логикалық-құрылымдық ойлау қабілетін дамытуға, яғни оны қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға және компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін өздерінің кәсіби дайындық деңгейлеріне еркін пайдалана білуге бағытталған.


8 сыныпқа арналған «Информатика» оқулығы 2008 жылы қайтадан өңделіп шығарылды. Бұл оқулықтың негізгі мазмұны 2004 жылғы басылыммен ұқсас. Айырмашылығы алдыңғы оқулықтағы ұзақ мазмұндар қысқартылып, кейбір екі бөлім біріктіріліп, оқушы практика жүзінде орындайтын ұғымдар көбірек қарастырылған. 2004 жылғы басылымда 13 бөлім болса, 2008 жылғы басылымда 9 бөлімге қысқартылып жазылған.


1-бөлім «Ақпарат және информатика». 2004 жылғы басылымында 3 тақырыпқа бөлініп түсіндірілген. 1-тақырыпта «ақпарат» туралы түсінік берілген. 2-тақырыпта ақпарат және оны басқару туралы жазылған. 3-тақырыпта «Информатика» туралы түсінік берілген. Ал 2008 жылғы басылымында бір тақырып, яғни «Информатиканың негізгі түсініктері» деген атпен ақпарат және информатикаға қысқаша жалпы түсініктеме берілген.


2-бөлім «Компьютердің арифметикалық негіздері». 2004 жылғы басылымында 3 тақырыпқа бөлініп түсініндірілген. 1-тақырып «Санау жүйелері» делініп, санау жүйесі дегеніміз – сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағы деп анықтама берілген. Ондық, екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйелері туралы жазылған. Ал 2008 жылғы басылымның 1-тақырыбы «Сандардың тарихы және санау жүйелері». Онда сандардың шығу тарихы жазылған және санау жүйесі дегеніміз – сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері деп түсіндірілген. Ондық, екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйелері туралы қысқаша анықтама берілген. 2004 жылғы басылымның 2-тақырыбы «Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру» делініп, бүтін және бөлшек сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне ауыстыру ережелері мысалмен түсіндірілген. 2008 жылғы басылымда бұл тақырып «Сандарды позициялық санау жүйесіне көшіру» делініп, онда бүтін және бөлшек сандарды бір санау жүйесінен екіншісіне ауыстыру ережелері қысқаша түсіндірілген. 3-тақырып 2004 жылғы басылымда «Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар» деген атпен беріліп, қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары және ережелері мысалмен түсіндірілген. Ал 2008 жылғы басылымда бұл тақырып «Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар» деген атпен беріліп, қосу және азайту амалы мен ережелері мысалмен түсіндіріп, көбейту, бөлу амалы қысқартылып қалған.


3-бөлім «Компьютердің логикалық негіздері». 2004 жылғы басылымның 1-тақырыбы «Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері» болып, логиканың анықтамасы, түрлері және пікірдің анықтамасы түсіндірілген. 2008 жылғы басылымда бұл тақырып «Логиканың негізгі түсініктері» деген атпен беріліп, пікір және логикаға анықтама беріледі және ойлау, пайымдау әдістері туралы ілімнің пайда болуы мен оған үлес қосқан ғалымдар, логиканың түрлері жазылған. 2-тақырып 2004 жылғы басылымда «Логикалық операциялар» делініп, логикалық көбейту, логикалық қосу және логикалық терістеу түсіндірілген. Сонымен бірге компьютердің логикалық элементтері: және, немесе, емес схемалары, триггер, қосындылауыш, ақиқаттық кестені құру, логикалық есептер деген бірнеше тақырыпшалар қосымша жазылған. Ал 2008 жылғы басылымда бұл тақырып «Логикалық амалдар» деп беріліп, логикалық көбейту, логикалық қосу және логикалық терістеу түсіндірілген, қосымша тақырыптар жазылмаған.


2004 жылғы басылымның 4-бөлімі «Дербес компьютерлер» 3 тақырыпқа бөлініп түсіндірілген. Онда дербес компьютер туралы жалпы мәлімет, оның құрауыштары, дербес компьютерлерді жіктеу жазылған. 5- бөлімі «Компютердің құрылымы және жұмыс істеу принциптері» делініп, онда бір ғана тақырыппен дербес компьютердің құрылымы және оның жұмыс істеу принципі жазылған. Ал 2008 жылғы басылымда бұл 2 бөлім біріктіріліп 4-бөлім «Компьютер және программалық қамтамасыз ету» деп берілген. Онда қазіргі заманғы дербес компьютерлер мен оның құрамдас бөліктерінің түрлері жүйелі түрде суретпен түсіндірілген 2-тақырып және компьютердің негізгі компонентерінің өзара әрекеттесуі — магистраль делініп онда дербес компьютердің жұмыс істеу принциптері жазылған.


2004 жылғы басылымның 6-бөлімі «Операциялық жүйе» 7 тақырыпқа бөлініп жазылған. Операциялық жүйе дегеніміз не?, операциялық жүйелерді жіктеу, Windows тиіпті операциялық жүйелер, Windows-ті баптау, файлдар мен қапшықтарды іздеу, копмьютерлік ақпаратты қорғау, Архивтеу бағдарламалары деген тақырыптар жазылған. Ал 2008 жылғы басылымның 5-бөлімі «Операциялық жүйе» 6 тақырыпқа бөлініп түсіндірілген. Операциялық жүйе дегеніміз не?, операциялық жүйелер топтамасы, операциялық жүйелерді баптау, файлдар мен бумаларды іздеу, компьютерлік вирустардан қорғау, файлдарды архивтеу деген тақырыпта алдыңғы оқулықпен ұқсас мазмұнда жазылған.


2004 жылғы басылымның 7-бөлімі «Мәтіндік, дыбыстық және графикалық ақпараттардың ұсынылуы». Бұл бөлім 2 тақырыпқа бөлініп түсіндіріледі. 1-тақырып «Мәтіндік дәне дыбыстық ақпараттарды ұсыныу», мұнда мәтіндік ақпаратты кодтау және компьютерге дыбыс енгізу жолдары жазылған. 2-тақырып «Графикалық ақпарат туралы түсінік» деп аталып графика және оның түрлері жазылған, сонымен қатар графикалық обьектілермен орындалатын операциялар, түс және палитра, компьютерлік графиканың қолдану салалары деген тақырыпшалар жазылған. Ал 2008 жылғы басылымда мәтіндік және дыбыстық ақпараттардың ұсынылуы қысқартылып, тек графикалық ақпарат туралы жазылған, яғни 6-бөлім «Графикалық ақпараттарды өңдеу технологиясы» деп аталады. Мұнда 2 тақырып жазылған. 1-тақырып «Компьютерлік графика» да компьютерлік графика және оның түрлері жазылған. 2-тақырып «Графикалық редакторлар», мұнда графикалық редактордың анықтамасы, растрлық графикалық редакторлардың бірнеше түрі мен олардың құрылымы туралы қысқаша жазылған.


2004 жылғы басылымның 8-бөлімі «Мәтіндік ақпаратты өңдеу». Бұл бөлім 4 тақырыпқа бөлініп жазылған. Мұнда мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар, мәтін түрлері, мәтіндердің құрылымдық элементтері және мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы тақырыптары жазылған. Ал 2008 жылғы басылымда бұл мазмұн қысқартылған.


2004 жылғы басылымның 9-бөлімі «WORD мәтіндік процессоры». Бұл 6 тақырыпқа бөлініп жазылған. Ал 2008 жылғы басылымның 7-бөлімі «Microsoft Word мәтіндік процессоры» 8 тақырыпқа бөлініп жазылған. Алдыңғы басылымда негізгі түсініктер мен әрекеттер, мәтіндік құжатты пішімдеу, мәтіннің орынын ауыстыру және көшірмелеу, мәтіндік құжатты баспаға шығару, WORD-тың графикалық мүмкіндіктері деген тақырыптар жазылған. Соңғы басылымның негізгі мазмұны алдыңғы басылыммен ұқсас тек тақырыпты кеңейтіп жазған, оған мына тақырыптар кіреді: MS Word-пен танысу, MS Word-қа кіріспе, мәтіндік құжатты редакциялау, мәтіндік құжатты форматтау, мәтін абзацын форматтау, құжат беттерін рәсімдеу, кестелермен жұмыс, суреттермен жұмыс істеу.


2004 жылғы басылымның 10-бөлімі «Компьютердегі кестелік есептеулер». Бұл бөлім 2 тақырыпқа бөлініп жазылған. 1-тақырып «Деректерді кестелік түрде ұсыну». Мұнда кесте, оның құрылымы және электрондық кесте туралы ұғымдар жазылған. 2-тақырып «Электрондық кестелердегі деректерді өңдеу». Мұнда деректердің тиіптері, формула жазу ережелері, кестелік есептеуді компьютерлік өңдеу технологиясы туралы ұғымдар жазылған. Ал 2008 жылғы басылымда бұл мазмұн қысқартылған.


2004 жылғы басылымның 11-бөлімі «EХCEL кестелік процессоры». Бұл 3 тақырыпқа бөлініп жазылған. 1-тақырып «Негізгі түсініктер мен амалдар», 2-тақырып «EХCEL-дегі деректермен жұмыс», 3-тақырып «EХCEL-дің графикалық мүмкіндіктері». Мұнда негізгі анықтамалар және жұмыс істеу принциптері жазылған. 2008 жылғы басылымның 8-бөлімі «Microsoft Excel Кестелік процессор». Мұндағы негізгі мазмұн алдыңғы басылыммен ұқсас тек өзгешелік тақырып кеңейтіліп, нақтыланып жазылған. Мұндағы тақырыптар: MS Excel-мен танысу, MS Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау, формуланы енгізу және көшіру, берілгендерді форматтау, диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау, құжат беттерін рәсімдеу және басу.


2004 жылғы басылымның 12-бөлімі «Деректер базасы». Бұл 2 тақырыпқа бөлініп түсіндірілген. Мұнда деректер базасы ұғымы, оны басқару жүйесі және деректер базасымен орындалатын амалдар жазылған. 13-бөлім «Excel кестелік процессорында дерек базаларымен жұмыс істеу». Бұл 2 тақырыпқа бөлініп түсіндірілген, мұнда MS Excel-дегі деректер базасы ұғымы және өңдеу туралы ұғымдар жазылған. Ал 2008 жылғы басылымда бұл екі бөлім біріктіріліп жазылған. 9-бөлім «Мәліметтер базасының жүйесін басқару». Бұл 3 тақырыпқа бөлініп жазылған. 1-тақырып «MS Excel-дегі мәліметтер базасы», мұнда мәліметтер базасы ұғымы және MS Excel-дегі мәліметтер базасы ұғымы жазылған. 2-тақырып мәліметтерді реттеу мен 3-тақырып мәліметтерді сүзгілеу 2004 жылғы оқулық мазмұнымен ұқсас жазылған.


Сонымен, қорыта келгенде, информатика оқулықтарының мазмұны бойынша салыстыратын болсақ, пәнді оқыту мақсатында бір-біріне мазмұндық жақындықтары байқалады. Бірақ айырмашылықтары да кездеседі. 2008 жылғы басылымның 2004 жылғы басылымға қарағандағы жетістігі – көптеген ұқсас тақырыптар біріктіріліп, тақырып жағынан да, мазмұн жағынан да қысқарып, сызбалар сызылған және суреттер көркемделіп салынған, бұл оқуға жеңілдік тудырады.


9-сынып оқулығында мектеп информатика курсындағы ең маңызды тақырыптар қарастырылады: алгоритмдеу мен бағдарламалау және модельдеу. 2005 жылы шыққан төл оқулығымызға дейінгі оқулықтарда Basic бағдарламалау тілін қарастырылған болатын. Қазіргі уақыттағы қажеттілікке байланысты Pascal бағдарламалау тілін оқыту орта мектептің негізгі курсының мазмұнына кірді және ерекше орын алады.


9-сынып информатика оқулығының мазмұнына тоқталсақ: Алгоритм түсінігі; алгоритмнің түрлері және қасиеттері; Pascal бағдарламалау тілі, меншіктеу операторы, сандық функциялар; сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмде бағдарламалау; графиктік режим, графиктік объектіні бағдарламалау; символдармен жұмыс істеу операторлары; массивтің (жиым) мәні және ол туралы түсінік, бір және көп өлшемді массивтермен жұмыс; модельдеу, модель түсінігі, модельдеу тәсілдері; интернет, интернетте әртүрлі ақпаратты іздеу, электрондық пошта (соңғы тақырып 7-сыныпта алғашқы ұғымдар қарастырылған).


10-11 сыныптарда информатиканы оқытудың оқу бағдарламасы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру бағытында және мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жасақталды.


Информатиканың мамандыққа баулу курсы ретінде оқытуда оқушылардың жаңа ақпараттық технологияның көмегімен қолданбалы программалық құралдарды жасақтау, ақпараттық-логикалық модельдерді құру, деректер қорын өңдеуді, Web-беттерінің дизайнын құру мен ақпараттық технологиямен жұмыс жасауды меңгерту сияқты мәселелер қамтылады.


Оқу бағдарламасының мазмұнына визуальды программалау әдістері, қолданбалы программалық құралдар мен мультимедиалық электрондық оқулықтарды жасақтаудағы программалаудың мүмкіндіктері, деректер қорын өңдеу тәсілдері, Web-беттерінің дизайнын құру алгоритмі және ақпараттық технологияның қолданылуы сияқты тақырыптар енген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет