2. орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық актілері



бет13/13
Дата10.06.2023
өлшемі134,56 Kb.
#100391
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
иоә

Информатикалық ойындар. «Ойын» сөзін өз мағынасында қолдансақ кейбір адамдарға ол ермек сияқты көрінеді. Шын мәнінде дүниетанымдық, білімділік мәні бар, білім жарысындағы ойындар шығармашылық әрекетті талап етеді.
Оқушыларға білім мен тәрбие берудегі ойынның ролі мен маңызын педагогтар жоғары бағалайды. Балалар үшін ойын-өмір, еңбек және өзара бір-бірімен араласу құралы. Ойын әрбір пәннің тәрбие жұмысындағы ерекше білім бөлігі болуға тиіс, сонымен қатар онда көпшілік қатысатын ойындарға ерекше көңіл бөлінуі керек.
Оқушылардың бос уақытын мазмұнды етіп пайдалануға танымдық ойындарды таңдап алудың мәні өте зор. Танымдық ойындар сабақта және сабақтан тыс көпшілік оқушылар қатысатын жұмыстардың бір түрі. Танымдық ойындарды оқушылар қызығатындай етіп насихаттау керек. Сонда ғана мұндай ойындар оқушылардың белсенді іс-әрекетіне айналып, дүниені танып білу құралы бола алады. Танымдық ойындардың маңызы кейде басқарушыға тікелей байланысты.
Информатикалық жарыстар бірнеше (параллель, қатар) сыныптардан немесе бір сыныптағы бірнеше топтан құралған 2-3 командалар арасындағы жарыс. Бұл жарысқа дайындық жұмысы 2-3 апта бұрын басталуы керек. Командалар құрылып, олардың жетекшісі тағайындалады, белгісі (эмблемасы) жасалады, әртүрлі бағыттағы үй тапсырмалары беріледі. Олардың орындалуы тексеріледі.
Информатикалық жарыстардың үлгі бағдарламасы:
1. Командалардың сәлемдесуі.
2. Алдын-ала шағын сұрақ-жауап, т.б. жарыс.
3. Үй тапсырмасы.
4. Жетекшілер жарысы.
5. Суретшілер жарысы.
6. Информатикалық мазмұнды (сюжетті) өлең құрастыру.
7. Тапсырмалар алмасу.
8. Қорытындылау.
Информатикалық сайыстар. Информатикада сабақ уақытынан тыс оқушылармен жүргізілетін көпшілік жұмыстардың бір түрі - сайыстар. Сайыстар өткізудегі негізгі мақсат - оқушылардың бағдарлама көлемінде алған білімін тереңдету, іскерліктерін, дағдыларын қалыптастыру, информатика ғылымына деген қызығушылықтарын арттыру және оқушылардың сабақтан бос уақыттарын тиімді өткізулерін қамтамасыз ету.
Сайыстың тақырыбын таңдап алу оқу-тәрбие бағдарламасының жалпы және нақты мақсаттарына сүйенеді.
Сайысты дайындаудан бұрын оны қалай өткізу жөнінде жоспар жасалады, сайыстың тақырыбы белгіленеді, сайысты жүргізетін дауыс ырғақтары жақсы, сөзі анық жүргізушілер (оқушылар) таңдап алынады.
Сайыс басталар алдында бірқатар ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Сайыс өткізілстін бөлме алдын-ала жабдықталып, безендіріледі. Тақтаға көрнекі түрде информатикаға қатысты плакаттар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, тәрбиелік мәні бар ұлағатты сөздерді пайдалануға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет