2. орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық актілері


Информатика сабағына қойылатын талаптар. Сабақ жоспарын жасау



бет8/13
Дата10.06.2023
өлшемі134,56 Kb.
#100391
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
иоә

9.Информатика сабағына қойылатын талаптар. Сабақ жоспарын жасау.


Информатика сабағына қойылатын талаптар:

  • пән мазмұны оқу бағдарламасына, күнтізбелік-такырыптық жоспарға сай жасалу қажет;

  • сабақта дидактикалық принциптер ескерілуі керек;

- сабақ тақырыбына сай мектеп оқулығы мен әдістемелік әдебиеттер, дидактикалық материалдар, қолданбалы және ашық программалар қолданылуы қажет;
- сабақтың білімділік, дамытушылық, практикалық, тәрбиелік мақсаттары, сабақтың түрі, өту әдісі алдын ала айқындалуы қажет;
- тақырыптарды бір-бірімен байланыстыру үшін қаңдай материалдар ұсыну керек екенін алдын-ала ойластырған жөн; оны бекіту әдістерін, оқушыға білім беру мен бағалаудың, іскерлік пен дағды қалыптастырудың жолдарын алдын ала ойластыру қажет;
- тапсырма беруде оның мазмұны мен көлемінің оқушыға лайық болуына назар аудару керек. Үйге берілетін тапсырмаға міндетті түрде нұсқау беру қажет.
- сабақтың кезеңдері мен оның дидактикалық құрылымының және сабақтың мақсаты мен оқыту әдістерінің арасындағы байланыстар міндетті түрде ескеру қажет.


Сабақ жоспарын жасау
Мұғалім окушының оку-танымдық іс-әрекетін басқаратыны белгілі. Сондықтан сабақты жоспарлаған кезде оқу материалының мазмұнын толық қамту, мақсатқа жету мүмкіндіктерін есепке алу ескерілу керек
Бұдан кейін сабақ жоспарын жасау кезінде сабақтың кезеңдері мен оның дидактикалық құрылымының және сабақтың мақсаты мен оқыту әдістерінің арасындағы байланыстар міндетті түрде ескеріледі.
Сабақ жоспары - мұғалім үшін міндетті құжаттардың бірі. Оны жасап сабақ өтуге даярлану мүғалімнен шығармашылық жұмысты талап етеді. Себебі, шығармашылықсыз мүғалімнің шеберлігі де болмайды.
Олай болса, мүғалім сабақты жоспарлағанда, оны жоғарыда аталған дидактикалық мақсаттарына сәйкес тиімді ұйымдастыруды ойластыруы қажет.


10.Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны, құрылымы
Орта білім берудің тиімді әрі маңызды көрсеткіштерінің бірі мектептегі білім беру әрекетінің қызметін, дамуын, оқушыларға және олардың нәтижелеріне әсер ететіндігін көрсететін білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланысты.
Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштердің бірі орта білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму жағдайын, білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады.
Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама деңгейіне соншалықты байланысты. Сондай-ақ, критерийлер негізінде бағалау жүйесін енгізу, жоғары ойлау деңгей дағдыларына қатысты бағалау критерийлерін анықтау, мұғалімдерді даярлау, білім берудің әр кезеңінде ұлттық стандартталған тестілеу өткізу, мәліметтерді сенімді жинақтау, тиімді жүйе құру және т.б. Бұл ретте өткізілген бағалаудың нәтижелерін тиімді қолдану қажеттілігі ескертіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет