2. орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық актілері


Информатика пәнінен олимпиадаға дайындау



бет12/13
Дата10.06.2023
өлшемі134,56 Kb.
#100391
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
иоә

Информатика пәнінен олимпиадаға дайындау
Факультативтік сабақтармен тығыз байланысты сыныптан тыс қосымша жұмыстардың бір түрі информатика пәні бойынша өтетін олимпиада. Олимпиада білімді оқушыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылғанымен, оның басты мақсаты – аса қабілетті және даярлығы күшті екі-үш оқушыны табу ғана емес, мектеп оқушыларының басым көпшілігінің информатика пәніне деген ынта-ықыласын арттыру.
Оқушыларды олимпиадаға дайындау барысында олимпиадалық есептерді талдаған дұрыс. Себебі, мұндай талдау оқушылардың олимпиадалық есептердің түрлерімен таныс болып, оны шығарудағы өз күшіне деген сенімін арттырады.
Информатикадан олимпиада – оқушыны информатикалық білім алуға ынталандыратын, оның ойының дамуына себеп болатын жарыс болып есептеледі. Информатика олимпиадасы мектепшілік, аудандық немесе қалалық, обылыстық, республикалық, халыхаралық деңгейлерге бөлінеді.
Мектепте өткізілетін олимпиаданы екі кезең бойынша жүргізеді. Бірінші кезеңде барлық үлгеретін оқушылар қатысады. Бұл кезеңнен жоғары көрсеткішке ие болған оқушылар келесі кезеңдегі олимпиадаға жіберіледі. Екінші кезеңде қиындығы жоғары тапсырмалар ұсынылады. Осы кезеңнің жеңімпаздары келесі деңгейдегі олимпиадаға жіберіледі.


Информатика пәнінен үйірме ұйымдастыру
Мектептегі сыныптан тыс қосымша жұмыстардың негізгі түрлерінің бірі – үйірме жұмысы. Информатика үйірмесіне информатика пәнінің мұғалімі жетекшілік етеді. Үйірмеде сабақ тақырыптарын таңдап алуға толық еркіндік бар. Мысалы, үйірмеде ғылыми-көпшілік журналдарына шыққан материалдарды талдау, ақпараттық технологияның жетістіктерін, жаңалықтарын баяндау, т.б. мәселелер айтылады. Үйірме жұмысының сыныптағы сабақтардан айырмашылығы үйірме сабақтарыңа оқушылардың қатысуы міндетті емес және оқушылардың білімін бағалау қажет емес, сынақ өткізілмейді.
Үйірмеге қатысатын оқушылар саны 20-25 және оған ерікті түрде қатысуға болады. Үйірменің алғашқы мәжілісінде үйірменің бағытына сай аты таңдалып, төрағасы сайланады.
Үйірменің жарты жылдыққа немесе бір жылға арналған мәжіліс жоспары талқыланып, информатика пәнінің әдістемелік кеңесінің келісімімен мектеп директоры бекітеді. Үйірме мүшелері қабырға газеттерін үнемі шығарып отырады. Үйірме айына 2 реттен кем болмауы тиіс және пікір алмасу, ой бөлісу бағытында ұйымдастырылғаны тиімді.
Үйірмеге қатысушылар жаңа ақпараттық технологияның жетістіктерін пайдаланады, түрлі салалар бойынша баяндамалар жасайды, барлық оқушылар үшін қорытынды конференциялар өткізеді, танымдық ойындар, викториналық сұрақтар, тақырыптық кештер, т.б. ұйымдастырады. Үйірме жұмысының бағыты бойынша мәлімет беретін қабырға газеттері мен плакаттар шығарады, экскурсиялар ұйымдастырады, ғалымдармен кездесулер ұйымдастырады, олимпиада қорытындыларын жариялайды.
Үйірме сабақтарында информатикалық ойындар, сайыстар, көңілді-тапқырлар жарысы, информатикалық викториналар, т.б. өткізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет