2-сынып Абдрахман Асылбек Өмірі және шығармашылығы абдрахман Асылбек



бет10/21
Дата19.12.2023
өлшемі1,01 Mb.
#141100
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
МНО-МУЙНАНОВА МАДИНАБАНУ-БӘ

3-СЫНЫП ОҚУЛЫҒЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАСЫ
Сәулетті біздің Алматы



Қымбатты қаламыз,
Сымбатты қаламыз.
Қызыға қараңыз,
Туған үй санаңыз.
Құлпырған бақтары,
Нұр тұнған ақ таңы,
Сәулетті біздің Алматы.
Қоршаған таулары,
Жайқалған баулары.
Бұлбұлдар шырқаған,
Субүркек бұрқаған.
Алтын күн аспаны,
Жарқын үн жастары,
Сәулетті біздің Алматы.
Біз әлі баламыз,
Өскенде қараңыз:
Сәнді үйлер саламыз,
Ертегі қаламыз,
Кеңейіп көлемі,
Көркейе береді,
Сәулетті біздің Алматы.



Бұл шығармада сөз өнері ерекше көрсетілген. Алматының табиғатын,тіршілігін оқырманға жеңіл тілмен түсіндіріп берген. Өзінің туған қаласымен мақтаныш сезімі, сол қаланың болашағын көркем суреттеуі, тіпті ертегіге ұқсатып қызықтыруы осы шығарманың әсемдік бейнесі секілді. Осы шығармамен балаларды таныстыра отырып, өз қаласын, ауылын сипаттау беруді сұрасақ,баланың туған елге деген патриоттық сезімі олан әрі күшеюіне сепебкер болады.


3.Несіпбек Айтұлы
ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Несіпбек Айтұлы (туған кездегі есімі — Несіпбек Тұрысбекұлы Айт; 22 қыркүйек 1950, Шәуешек, Тарбағатай аймағы, Шығыс Түркістан — 16 қазан 2023) — қазақ ақыны, аудармашы, журналист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2012).
Өмірбаяны
1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген.
1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында бітірген. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
1974–1984 жылдары «Балдырған» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор, 1984–1994 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1995–1996 жылдары «Ақын» қауымдастығының директоры, 1997–2001 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болып, 2001 жылдан бері Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеген. «Алтын тамыр» журналының бас редакторы болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет