3-СЫНЫП ОҚУЛЫҒЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАСЫ
Жақсы мен жаман өлеңі
Қайыр күтпе баладан Өз мысығын сабаған
Кім алдаса анасын, Оған қалай нанарсың.
«екі» болса алғаны, бала ұятқа қалғаны.
Ойнап жүріп жыласа, орынды емес бұл аса.
Келсе сөзі анайы, мақтамас бұл баланы,
Жала жапқан басқаға, барып тұрған масқара.
Добын қимас ойнауға, ұят сараң болғанда
Кім мақтанса көбірек, жасайды мінез жөні жоқ.
Ерінсе қол жуғанға, Нассың дейміз мұндайда.
Мұнша уақыт санарлық, Бар екен ғой жамандық.
Бәрі жақсы баланың, Беске оқиды сабағын.
Айналайын баладан, көгершінді аяған.
Адал болса досына, азаматың осында.
Ойнатса кім інісін, мақұлдаймыз мұнысын.
Әділ болсаң ойында, Жақсы мінез оның да.
Күтсе бала әжесін, Жақсы дейміз дәл осың.
Өскен бала ауылда, Ойнар аттың жалында.
Өзі түйме қадаса, Мұндай бала тамаша.
Уәдесін сақтаған, Баланы жұрт мақтаған.
Болады әрі санауға, Жақсылық көп қалайда.
Бұл өлеңнің мақсаты Жақсыдан үйреніп жаманнан жиренуге, жақсы мен жаманды ажырата алуға, өмірге қажетін таңдай білуге бағыттау. Адам бойында жақсы - жаман қасиеттер болады. - Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір - біріне деген сыйластығы артады. Сондай - ақ адам бойында жаман теріс, қасиеттерде болады. Осы өлең арқылы ақыннаң жеткізгісі келіп отырғаны, бойыңдағы жаман қасиеттерді сыртқа шығармай,тек жақсылық жолына, ізгілікке қызмет ету керек. Жақсы болсаң барлыға мақтайды,қолдайды. Ал егер жаман ,тентек болып, үлкендердің тілін алмасаң, онда ккөпшіліктің алдында ұятқа қаласың.
2.Абдрахман Асылбек
ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Абдрахман Асылбек 1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. ҚазПИдің тарихфилология факультетін бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болған. Аспирантурада оқыған, облыстық газетте, республикалық Қазақ радиосында, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызмет жасаған. Сондайақ, «Жазушы», «Жалын» баспаларында, Қазақстан Жазушылар одағындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында, Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық бөлімшесінде, республикалық «Әділет», «Мәдениет», «Заң», «Көзқарас» газеттерінде қызмет істеген. «Заңгер» журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, ҚР Бас Прокуратурасының «Құқықтық Қазақстан» газетінің Бас редакторы болған, қазіргі кезде осы газетте бас редактордың орынбасары.1955 жылы «Бейбітшілік бақшасы», «Жауды аяған жаралы» сияқты тырнақалды шығармалары басылған. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген.
Содан бергі уақытта 31 жыр кітабын шығарды. Лирика, ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен де айналысып келеді. Көптеген байқаулардың жеңімпазы, жүлдегері.
Шығармалары: Жапырақтар. Өлеңдер А., ҚМКӘБ, 1961; Қиял қиясында. Аңыздар. А., ҚМКӘБ, 1963; Алтын дән. Ертегі А., «Жазушы», 1967; Алатау аясында. Ертегіпоэма. А., «Жазушы», 1969; Ғажап бала. Аңыздар, ертегілер. А., «Жазушы», 1969; Балам туралы баллада. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; Әлемге үні тараған. Балладалар. А., «Жазушы», 1971; Көкорай көктем. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Түрлітүрлі бала бар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Туысыңды таптың ба? Сатиралық өлеңдер. А., «Жалын», 1976; Светофор сыры. Өлеңдер. А., «Мектеп», 1977; Алтын арай. Өлеңдер, ертегілер. А., «Жалын», 1980; Ерден атайдың ертегілері. Ертегілер. А., «Мектеп», 1980; Достық балладасы. Балладалар. А., «Жазушы», 1981; Байқа, балақай. Өлеңдер. Әңгімелер. А., «Мектеп», 1982; Бәйшешектер. Ертегілер. А., «Мектеп», 1984; Хантау қойнауында. Деректі повесть. А., «Қайнар», 1982; Ақ тілек. Өлеңдер, жұмбақтар, ертегілер. А., «Жалын», 1985; За тучами – солнце. Сказки. А., «Жалын», 1986; Сауысқанның сәлемі. Сықақтар, мысалдар. А., «Жазушы», 1986; Сыйқырлы сыбызғы. Ертегілер. А.,1988; Ақ моншақты аруым. Әндер. А., «Өнер», 1995; Шапағат шуағы. Өмірдерек. А., «Қайнар», 1997; Балбұлақ. Өлеңдер, ертегілер. А., «Рауан», 2000; Айдай сұлу аруым. Әндер. А., «Әуен», 2001; Әнші бала. Әндер. А., «Әуен», 2002; Сүйеді екем. Әндер. А., «Әуен», 2003, Биназар батыр. А., «Мария» 2004; Байғозы батыр. А., «Мерей», 2005; Құранға құрмет. А., «Асыл», 2007; И.А.Крылов. Мысалдар. «Аударма», 2008.
2018 жылы 19 қазанда Алматы қаласында дүние салған.
Достарыңызбен бөлісу: |