ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Жұмағалиев Қайрат (16.9.1937 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Орда ауданын Бесқұдықа.) - ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚазҰУ- ды бітірген (1959). 1959 - 84 жылдар "Жазушы" баспасында кіші редактор, редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1985 - 92 жылы Қазақтелерадио көмитеттінде аға редактор, комментатор, редакция меңгерушісі, бас редактор, 1992 - 96 жылдары Қазақстан Парламенті Сенатының аударма-редакциялық бөлімінде сектор меңгерушісі, кеңесші. Қазір "Сарыарқа" журналында редактор қызметін атқарады. Алғашқы өлеңдер жинағы "Тұңғыш" 1964 жылы жарық көрген. Бір қатар шығармалары орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылған және ағылшын, француз, араб, неміс, қытай, хинди, испан, поляк, болгар тілдеріне жеке өлендері аударылған. Француз, моңғол ақын-жазушыларының романдарын қазақ тіліне аударған. Ақын өлеңдеріне ән жазылған. Белорусь Республика Құрмет грамотасымен, Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, "Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін", "Еңбектегі ерлігі үшін" медальдарымен, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының Грамоталарымен марапатталған.
1959 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген.
1959 — 1984 жылдары «Жазушы» баспасында кіші редактор, редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып істеген.
1985—1992 жылдары Қазақ республикалық теледидарында аға редактор, бас редактор.
1993 — 1996 жылдары Қазақстан республикасы Парламенті Сенатының аударма-редакциялық бөлімінде сектор меңгерушісі, кеңесші болған. Қазір «Сарыарқа» журналында редактор.
«Ақырғы матч», «Беймаза бақыт», «Шам шаһарында», «Самардың сарша тамызы», «Дос құшағы» поэмалары, «Құрақ көрпе», «Хатшепсут», «Батыр туралы баллада», «Журналист» балладалары, балаларға арналған «Таба нан», «Жампоз», «Кәмпит туралы баллада», «Соқыр қыран» сияқты дастан, балладалары жарық көрген.
Гомердің «Илиада» поэмасын, Еврипидтің «Медея», «Троя арулары», «Елена» трагедияларын, Әл-Мааридің, Ш.Руставелидің, Физулидің, Низамидің, Пушкиннің, Лермонтовтың, Маяковскийдің, Есениннің, Хикметтің, Блоктың, Тувимнің, Мұса Жәлелдің, Светловтың, Лукониннің, Ғафур Ғүламның, С.Наровчатовтың, Р.Рождественскийдің, Р.Казакованың шығармаларын ана тілімізге аударған. А.Дюманың «Граф Монте-Кристо» романын (Ә.Жүмабаевпен бірге), моңғол жазушысы Л.Тудэвтің «Тау тасқыны» романын, француз ақыны Беранженің шығармаларын, қырғыз эпосы «Манасты» қазақ тіліне тәржімалаған.[1]
Ақын өлеңдеріне жазылған әндер бар. Балаларға арналған көптеген ән мәтіндерінің авторы.
Мәскеуде «Степная дорога», «Целомудрие» («Советский писатель»), Алматыда«Раздолье», «Подарок малышам» атты кітаптары орыс тілінде жарық көрді. Шығармалары ТМД өздерінің тілдерінде, сондай-ақ ағылшын, француз, араб, неміс, қытай, хинди, испан, поляк, болгар тіздеріне аударылған.
Достарыңызбен бөлісу: |