2-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығына арналған әдістемелік құрал



бет9/17
Дата29.03.2023
өлшемі387,24 Kb.
#77206
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Дидактикалық ойындар


«Ойын бала үшін ойын емес, білім мен тәрбие негізін қалайтын басты құрал» – деген екен әрі жазушы, әрі ұстаз Ыбырай Алтынсарин.


Мектеп жасына дейінгі балалардың жан – жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын баланың барлық қабілетінің, тілінің дамуына, айнала- сындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне, құрбылармен жақында- суына көмектеседі. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен – бірі ептілікті үйренеді.
Сондай – ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның ізденім- паздық, тапқырлық қабілетін оятады, жеке қасиеттерін қалыптастырады. Ойын кезінде бала айналадағы құбылысты өзінше түсініп, бейнелейді, өзінің күш-жігерін, сезімін білдіруге мүмкіндік тауып, айналадағы қор- шаған ортамен қарым-қатынасын нығайтып, адамдардың күнделікті іс – әрекетіне көңіл бөліп, араласа алады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Ұсынылған ойындардың мақсаты:


Балалардың ой – өрісін, тіл байлығын дамыту, заттарды белгілері бой- ынша тану, түйсіну, зерттеп салыстыру қабілетін ұштап, сөздік қорын мо- лайту; ізденімпаздық, тапқырлық, байқағыштық, шығармашылық қабілет- терін ояту, қырағылығын, зеректілігін, тапқырлығын, ептілігін арттырып, сезімталдыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қайталай ғой



  • Ойыншы бір жемістің атауын атайды

  • Екінші оны қайталап, тағы бір жемістің атауын қосады

  • Үшінші екуін де қайталап, тағы бір жемістің атауын қосады Мысалы:

  • алма

  • алма, алмұрт

  • алма, алмұрт, шие

Осылайша 7-8 балаға шейін ойынға қатысуға болады. Бұл ойын бала- лардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Өтілетін тақырыптар- дың барлығында пайдалануға тиім.

Дыбысқа сөз ойла


Бұл ойынды қазақ тілінде дыбыстарға байланысты жүргізуге болады. Берілген дыбысқа оқушылар сөздер ойлап айтуға тиісті. Ойынды ауызша да жазбаша түрде өткізуге болады. Сыныптағы оқушыларды топқа бөліп ойнатса да жақсы.
Мысалы:

    • әтеш, әке, әсем, әкім, әкел, ...

    • бала, балапан, балқарағай, балық, бүлдірген, ...

Жүргізілетін ойын тапқырлықты, жылдамдылықты дамытады. Әрі оқушының сөздік қорын байытады.

Суреттерді құрастыр


Талдау және біріктіру қабілетін, кеңістік ара қатынастарының заң- дылықтарын құру, үлгіні көшіру іскерлігін дамыту. Шарты: Балаларға кез-келген кесілген суреттер таратылады да, осы суреттерден бүтін суреттер құрастыру керектілігі түсіндіріледі. Әр түрлі суреттер: жемістердің,көкөні- стердің немесе ойыншықтардың суреттері. Құрап болған соң, аттарын атау, сол сөздермен сөйлем құрау.

Эстафета
Ойынның мақсаты: Балалардың тілін және сөздік қорын жетілдіру. Ертегі кейіпкерлер туралы түсініктерін кеңейту.


Ойын барысы: жүргізуші қолында эстафеталық – таяқша болады. Жүр- гізуші бір ертегі кейіпкерінің атын айтып, қолындағы таяқшаны қасындағы балаға береді. Таяқшаны алған бала сол ертегі кейіпкерлерінің іс – әрекет қимылына байланысты сөз айтып, келесі балаға тездетіп таяқшаны беруі тиіс. Жүргізуші қолына таяқша қайтып келгенде, ол жаңа сөздер айтып, басқа балаға беріп бастайды. Мысалы: «ит» сөзі – үреді, жүгіреді, үй күзе- теді т. б. «мысық» сөзі – ойнайды, тышқан аулайды т. б.

Қандай дыбыс


Дидактикалық міндеті: дауысты және дауыссыз дыбыстырды айыру біліктілігін дамыту; дыбыстарды белгілер арқылы көрсетуді үйрету.
Құралдар: дауысты және дауыссыз дыбыстардың карточкалары.
Мұғалім түрлі дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтады, ал бала- лар керекті карточкаларды көрсетеді. Ойынды қайталағанда дыбыстарды жабық көздермен естуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет