2-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығына арналған әдістемелік құрал


-сыныпқа арналған әдістемелік ойындар



бет8/17
Дата29.03.2023
өлшемі387,24 Kb.
#77206
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау Қазақ тілі

2-сыныпқа арналған әдістемелік ойындар


Екінші сыныпта қазақ тілін оқып үйрету барысында ойындардың ала- тын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зей- інін арттырады. Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік материал- дарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормалар- ды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің дикторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеу- ге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында оқушының адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.
Қазақ тілі сабақтарында рөлдік ойындардың маңызы зор. Ойын оқушылардың сол орындалатын іс-әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады.
Ойындарды төмендегі мақсатта пайдалануға болады. Олар:

  1. Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға, жазуға жаттықты- руға;

  2. Оқушылардың тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамытуға;

  3. Жағдаяттар турғызып, іс-әрекеттер арқылы сөйлетіп үйренуге.

Белгілі педагог А.С. Макаренко баланың ойын үстінде түрлі таным түсініктері, қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын атап көрсеткен. Сабақта ойналатын дидактикалық ойындардың пайдасы өте зор. Ол ойындарды тақырып бойынша өзгертіп тұруға ыңғайлы болады. Ойынның мақсаты, шарты оқушыларға түсіндіріледі.

«Араларға көмек» ойыны


Ойынның мақсаты: Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыла- рын қалыптастыру.
Ойынның шарты: Тақтаға араның ұясындағы балға келе жатқан аюдың сүреті ілінеді. Аюдың балға келе жатқандығын ескертуге күзетші ара басқа
араларға кетеді. Оқушыларға тақырыпқа байланысты грамматикалық тапсырмалар беріледі.

  1. Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрау.

  2. Түбір мен қосымшаны айыру.

  3. Сұраулық шылауларды дұрыс жалғау.

  4. Көптік жалғауын дұрыс жалғау

  5. Реттік сан есімдердің жұрнағын табу

  6. Жалғауларды табу.

«Түйені жетектеу» ойыны
Ойынның мақсаты: Оқушылардың тақырыпты қандай дәрежеде түсін- гендерін білу және жұмыс істеуге дағдыландыру. Бұл тапсырманы жазба- ша орындауға болады.
Ойынның шарты: Мұғалімнің үстеліне түйенің макеті қойылады. Кім- де-кім жаттығудағы сөздерді көшіріп жазып, түбірін тауып, астын сызса және бірінші болып тапсырмасын дұрыс орындаған бала түйенің жібін алып жетектейді.
Ойындарды қажеттісін іріктеп ала білу ұстаз шеберлігіне байланысты. 2-сыныпта сөздік ойындардың алатын орны ерекше. Сондықтан әр
сабақта сөздік ойындарын қолдануға болады. Сондай ойындардың бірі
«Керекті сөзді тауып айт». Оқушыларға ойын тәртібі түсіндіріледі. Кейін ойын бастаушы тақырыпты атап сол тақырыпта өтілген жаңа сөздерді ай- туды талап етеді. Ойын бастаушы тақырып сайын басқа оқушылармен ауы- стырылып отырады. Сөздік ойынын «Сиқырлы қоржын» деп атап, сынып оқушыларынын екі топқа бөліп, қоржыннан алынған сөздердің санына байланысты ұпай жинатып, жарыс түрінде де өткізуге болады.
Қазақ тіліне және дыбыстарды өткен соң «Бір әріпке бес жауап» ойы- нын ұсынуға болады. Бұл ойын баланың қисынды ойлау қабілетін, тездік- ке, шапшаңдыққа баулиды.
Мысалы, [ә] дыбысына:

  1. Қыздың аты –

  2. Ұлдың аты -

  3. Оқулықтың аты –

  4. Үй құсы – [Ү] дыбысына

  1. Баланың аты -

  2. Түн құсы –

  3. Сан атауы –

  4. Кішкентай үй –

  5. Үй құсы –

[Ұ] дыбысына жаңылтпаш айтып үйреніңіз
Ұлытауда ұларлар бар, Ұларды ұстар ұландар бар. [П] дыбысына
Піскен пісте
Піс те, жерге түспе.
[Ф] дыбысына өлең жаттап алыңыз Футбол тойы – қызық той,
Февраль – ақпан айы ғой. Фарида – актер апайың, Фариза апай – ақын ғой.
Сабақта өткізілетін грамматикалық ойындардың өзіндік ерекшелігі бар. Грамматикалық анықтамаларды меңгеруге тақта алдында жұмыс істе- уге немесе жарыс түрінде тақырыпты бекітуге қолайлы.
Кім? Кімдер?
Не? Нелер?
Осы ойын барысында көптік жалғауды дұрыс жалғай білуге дағдысы қалыптасады. Сол сияқты реттік сан есімдердің жұрнақтарын меңгеруге тақтаға сандар жазып, білімдерін тексеруге қолайлы.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
Әрі жұрнақтарын бөліп, астын сыздырып, оқушының санасына берік қалыптастыру үшін өте тиімді ойын.
Сөзжұмбақ ойыны да балалардың ой-өрісін өсіруге, іздемпаздыққа ба- улиды.

    1. Әріп сөзжұмбағы




      1. гусь

      2. заяц

      3. волк

      4. арбуз

      5. стена

      6. ласточка

      7. гвоздика

      8. скворец


    1. Буын сөзжұмбағы

    2. Жемістер сөзжұмбағы

виноград яблоко урюк груша вишня слив




    1. Суреттер бойыншы сөзжұмбақ





    1. Сандар сөзжұмбағы




























































































































1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Бастауыш сыныптарда сергіту сәтін де ойынға айналдырып өткізуге бо- лады. Балаларды сабақта жалықтырып алмас үшін сабақ ортасында қозға- лыстар жасап, орындарынан тұрғызып, әр түрлі қимылдар жасау оқушы- ларға өте ұнайды.


Мына төмендегі сергітулерді алсақ.



  1. Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық. Бір отырып, бір тұрып, Бір отырып, бір тұрып, Демімізді алайық.




  1. Бір, екі, үш деп, Орнымыздан тұрамыз. Аққу болып ұшамыз.

Төрт,бес, алты, жеті, сегіз деп Қайта келіп қонамыз.



  1. Ұзын мұртты құмрысқа, Келе жатыр жұмысқа. Допты қойып алдына, Оң жағына қарады.

Сол жағына қарады. Үлкен тау деп ойлады.
Қорыта келсек, ойын арқылы оқыту оқушылардың жүйкесіне салмақ салмай, қызықтыра, ұғындыра оқыта үйретуді ұйымдастыру әр ұстаздың шеберлігіне, шығармашылығына байланысты болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет