2-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығына арналған әдістемелік құрал



бет5/17
Дата29.03.2023
өлшемі387,24 Kb.
#77206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау Қазақ тілі

Фонетиканы оқыту


Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде дыбыс жүйесін терең мең- герту басты мәселе. Қазақ тіліне тән дыбыстарды оқушы жете меңгермей- інше, ол сауатты оқу мен жазу дағдысын игере алмайды. Сондықтан тілдік норманы (айтылу, жазылу) бастауыш сыныптардан бастап өз дәрежесінде үйрету қажет. Қазақ тілінің дыбыстық құрамындағы ерекше дыбыстар- ды айту дағдысы оқушыда жоқ. Демек, оны меңгерту – бірінші мәселе. Оқушыны дыбыстық жүйемен ғана таныстырып қоймай, ол дыбыстардың сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде дұрыс айтылуына жаттықтыру қажет.
Қазақ тілінде сингармонизм заңының алатын орны ерекше. Оқушының жеке сөздерді дұрыс оқып, сауатты жазуын бір жүйеге, қалыпқа келтіретін осы заң болып табылады. Мысалы, бұл заңдылықты оқушыларға практика жүзінде меңгерту. Ол үшін жуан дауысты дыбыстарды ([а],[о],[ұ],[ы]) және жіңішке дауысты дыбыстарды ([ә],[ө],[і],[ү],[е]) меңгертіп алу керек. Ол сөзде бірінші буындағы дауысты дыбыс жіңішке болса, келесі буындағы дауысты дыбыстар да жіңішке болуы мүмкін. Мысалы, дәп-тер, күн-де-лік, үй-рек, мек-теп, т.б. сол сияқты бірінші буындағы дауысты дыбыс жуан болса, кейінгі буындағы дауысты дыбыс та жуан болады деп түсіндіріледі. Мысалы, ба-ла-лар, о-рын-дық, қар-быз, құс-тар, қол-дар, т.б.
Сол сияқты оқушылар «кітап», «мұғалім» деген сөздердің айтылуы мен жазылуының өзгеше болуын сұрауы мүмкін. Ол сөздердің басқа тілден (араб) енгендігін түсіндіріп кету керек. Әрі бұл сөздерге жалғаулар соңғы буындағы дыбыстарға байланысты жалғанатындығын да ескерту керек.
Қазақ тіліндегі [о] дыбысының өзгертілмей сол қалпында оқылуын да бастауыш сыныптардан бастап оқушылардың санасына мысалдар арқылы жете түсіндіруге болады. Егер де түсіндірілмесе, сөздің мағынасы өзгеріп, сөйлеушінің айтайын деген ойы түсініксіз болып қалады. Мысалы: «Отан»,
«Оспан», «от», «ол» деудің орнына, орыс тілді оқушылар «Атан», «Аспан»,
«ат», «ал» деп оқуы мүмкін. Сондықтан бұл жағдайда да жүйелі, қалыпты жұмыс жасау оқылым әрекетіне көп септігін тигізеді.
Қазақ тіліне ғана тән [ө] дыбысын орыс тіліндегі [о] дыбысымен және [е] дыбыстарымен салыстырып, жасалу, айтылу жолдарын жете түсіндіру- ге болады. Әр түрлі фонетикалық жаттығулар жасату да әбден мүмкін.
Мұғалім сабақта дыбыстардың жасалуына ғана мән берсе, сөйлеуді үйрету өз жайына қалады. Сондықтан мүғалім дыбыстардың ерекшелік- терін сөз ішінде, буын құрамында, сөйлем арасында меңгерте отырып, тіл үйретудің жинақтық әдісін пайдаланған жөн.
Дыбыстарды үйретуде буын не сөз ішінен фонеманы бөліп алып, оның айтылу ерекшеліктерін түсіндіру ұтымды болуын тәжірибеден көруге бола- ды. Мысалы, мұғалім көп деген сөзді тақтаға жазып, неше әріп немесе ды- быс барын оқушылардан сұрайды. Оқушылар «к», «ө», «п» деп жауап бе- реді. Ал таныс емес дыбыс қайсы десе, әрине «ө» дыбысы дейді. Мұғалім енді осы дыбыстың жасалу жолын түсіндіріп, бірнеше сөз арқылы фонети- калық жаттығу жасайды. Мысалы, көз, көл, өзен, төрт, көпір, көбелек, өгіз, өрік,көше, бөлу,өлең, көрші, көмір, Өмірбек.
Енді [ө] дыбысы бар сөздерді буынға бөліп оқыту да пайдалы екенін естен шығармау керек. Мысалы: кө-пір, кө-бе-лек, кө-ше, көр-ші, кө-мір, Ө-мір-бек, т.б. дыбыстарды сыныпта әр түрлі формада айтқызу нәтижелі болады.
Олар: 1. Хормен айтқызу.

  1. Жұппен айтқызу.

  2. Жеке айтқызу.

Оқушыларға хормен айтқызу жеке оқушының дыбысты қате айтамын деп жасқануынан, ұялуынан сақтайды. Барлық оқушылар бірге айтқан кез- де дыбыс жақсы, анық естіледі.
Жұппен айтқан кезде оқушылар бір-бірінің қатесін түзейді, дұрыс айту дағдысын игереді. Олар бір-біріне қажетті көмекті қысылмай береді.
Хормен, жұппен дыбысты бірнеше рет қайталап үйренген соң, оқушы- лардың дыбысты жеке меңгеруін тексеруге қолайлы болады. Осындай жұ- мыстардан кейін оқушыларға бір әріпке бес жауап, сөзжұмбақ тапсырма- ларын орындатуға болады.

[Ө] дыбысына



  1. Баланың аты –

  2. Ағын су –

  3. Төрт түлік атауы -

  4. Өлеңнің аттры –

  5. Жемістің атауы –

Кө буынынан басталатын сөздер жазыңыз.

1 2 3 4 5 6

  1. Глаз

  2. Улица

  3. Мост

  4. Овощь

  5. Бабочка

  6. Голубь

Дыбысты меңгеруге арналған жаттығулар өткізу жақсы нәтиже береді. Осы [ө] дыбысын жазба жұмысымен де қайталап, жазылуын, айтылуын бекітуге болады. Осы мақсатта төмендегі сөйлемдерді қолдану ыңғайлы.

  1. Өркен мен Өмірсерік көп өрік көрді.

  2. Көп сөз – көмір.

  3. Төрттен төртті азайтсаң, нөл болды.

  4. Көпірден төрт өгіз өтті.

  5. Өмірбек төрт өлең айтты.

  6. Өзен мен көлде су өте көп.

  7. Көз – адамның көркі.

  8. Көрші төрт көбелек ұстады.

Осындай әр түрлі жаттығулар арқылы дыбысты меңгерту жұмыстарын жалғастыруға әбден болады. Ол мұғалімнің жеке шеберлігіне де тікелей байланысты.
Фонетика дағдыларын игеру әдістері әр түрлі формада сабақ сайын қайталанып, жетілдіріп отырылуы қажет. Яғни тіл үйренуде фонетикалық дағдылардың алатын орны өте маңызды. Оқушылар фонетика дағдылар-
ды дұрыс игермей, айтылу және жазылу формаларын айырмай, тілдік қа- тынасты нәтижелі жүзеге асыра алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет