2-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығына арналған әдістемелік құрал



бет6/17
Дата29.03.2023
өлшемі387,24 Kb.
#77206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Сөз таптары


Коммуникативтік тілдік қарым – қатынасты нәтижелі жолға қоюдың ең тиімді жолы грамматикалық тақырыптарды жүйелі түрде оқыту болып та- былады. Оқушы сөйлеу барысында сөздің өзгеруін грамматиканы меңгеру арқылы түсінеді. Сол себепте қазақ тілінің грамматикасын оқушыларға ең оңай түсінікті оқыту жолдары көзделеді.
Оқушыларды грамматикалық анықтамаларды жатқа үйретіп айтқыз- бай, оның практикалық жағына көп мән беру керек. Грамматика барлық тілдік қарым – қатынастың негізі болып табылады. Яғни грамматика тұрғы- сында бір-бірімен дұрыс байланыспаған сөздер нақты ойды түсінікті етіп жеткізе алмайды.
Мысалы, «Айша мектепке автобуспен келді» деген сөйлемді олар бол- са, жеке – жеке (Айша, мектеп, автобус, келу) сияқты сөздерден тұрады. Осы грамматикалық заңдылыққа түспеуі ойды жеткізбей тұр. Сондықтан, оқушы өз ойын дұрыс екінші адамға жеткізу үшін белгілі грамматикалық ережелерді меңгеруі тиіс. Лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тақырытардың келісті жұптастырылуы көп нәтиже береді.
Мысалы, «Отбасы» лексикалық тақырыбы мен «Зат есім» грамматика- лық тақырыбы.


кім?, кімдер?
«Үй жануарлар» лексикалық тақырыбы мен «Зат есім» грамматикалық тақырыбы.
Сиыр
Ат не?, нелер?
Ешкі
«Менің заттарым» лексикалық тақырыбы мен «Зат есімнің тәуелдік жалғаулары» атты грамматикалық тақырып.
Менің қалам + ым, сөмке + м Сенің қалам + ың, сөмке + ң Сіздің қалам + ыңыз, сөмке + ңіз Оның қалам + ы, сөмке + сі
«Біздің мектеп» лексикалық тақырыбы мен «Реттік сан есімдер» грам- матикалық тақырыбы.
бір + інші
Мен екі + нші қатарда отырамын. үш + інші


Бір + інші
Екі + нші бала
Алты + ншы Тоғыз + ыншы
«Адам, Адамның дене мүшелері» лексикалық тақырыбы мен «Дара және күрделі етістіктер» атты грамматикалық тақырыптар.
отыр көріп тұр
тұр адам жүр жазып отыр адам ойнап жүр жатыр алып жатыр
«Уақыт» лексикалық тақырыбы мен «Есептік сан есімдер» граммати- калық тақырып.
Бір жылда неше? ай, күн бар?
Бір айда қанша? апта, күн бар? Сағат неше?


Неше? адам бар? мезгіл болды?
дәптер сатып алдың?


«Қалада» лексикалық тақырыбы мен «Сұраулық шылаулар» атты грам- матикалық тақырып.
қала ма? қалам ба? автобус па? көше ме? дүкен бе? ескерткіш пе?
«Азық түліктер» лексикалық тақырыбы және «мен, бен, пен» жалғау- лықтары грамматикалық тақырып.
нан ет, сағыз алма, сүт балмұздақ айран мен қымыз, тұз бен ұн, қант пен шай
бал май, сәбіз қияр, кәмпит талқан

«Менің үйім» лексикалық тақырыбы және «Көмекші есімдер» грамма- тикалық тақырып.


үстінде ішінде
үйдің артынды алдында астында

Осы сияқты ұқсас тақырыптардың бір – бірімен жұптасуы тіл үйретуде өз септігін тигізеді. Сөйлеу үшін бұлардың бірінсіз бірінің мәні болмайды. Жаттығудың түрлері бойынша кешенді жаттығулар, сөзбен жаттығу, тірке- спен жаттығу, сөйлеммен жаттығу, мәтінмен жаттығу болып бөлінетін түр- лері арқылы оқушылармен жүйелі жұмыстар жүргізуі қажет.


Грамматикалық тақырыптарды меңгертуге сөз таптарының және сөй- лем мүшелерінің бір – бірімен байланысыуымен, орын тәртібін тиянақты түрде түсіндіру.
Мысалы, Окушы бес қызыл шар алды. Сонда зат есім бірінші орында, екінші орында сан есім, үшінші орында сын есім, бесінші орында етістік екеніне оқушының санасына мысалдар арқылы жеткізу керек.
Мысалы, сөз тіркесіндегі сөздердің орны.

    1. – сан есім

    2. зат есім екі алма




  1. – сан есім

  2. – сын есім үш қызыл алма

  3. зат есім




  1. – зат есім

  2. – етістік бала ойнады

Қорыта айтқанда, тіл үйрету барысында грамматикалық материалда жеке оқытылмай, сөздің формасымен, мағынасымен. Қолдану орында- рымен үйлестіре оқытылғанда ғана жұмыс нәтижелі болмақ.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет