2-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығына арналған әдістемелік құрал



бет7/17
Дата29.03.2023
өлшемі387,24 Kb.
#77206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау Қазақ тілі

Тіл дамыту


Тіл дамыту – тіл үйретудегі қарым – қатынас құралын іске асыру . Оқушының тілін дамыту лексикалық және грамматикалық тұлғаларды меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдаларын қалыптастыру, сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әрекетке жетелеу болып табылады. Оны төмендегі сызбадан байқауға болады.


Сөз сөз тіркесі сөйлем мәтін
Мұндай көзқарасты « Әдіс ойындарын» қолданып, бастауыш сынып мұғалімдері тиімділігін өз еңбектерінде дәлелдеп жүр. Осы тұрғыда ғалым Коучинг әдісін пайдалануға болады.
Мысалы, бір жақсы білетін оқушыға сөйлемді айтқызып, қалғандары сол оқушыдан үйренсін.
Мысалы; Шырын.
Тәтті шырын.
Тәтті шырын алдым. Мен тәтті шырын алдым.
Мен тәтті шырынды дүкеннен алдым.
Мысалы; Дәптер.
Екі дәптер.
Екі дәптер сатып алды.
Сен екі дәптер сатып алдың ба? Сен қай дүкеннен сатып алдың?
Мұндай әдістерімен сөйлем құратуды I , II және III жақта үйреткені тиімді болмақ.
Сөз, сөз тіркесі, сөйлем – байланыстары сөйлеудің бастапқы алғы шарттары. Сөйлеу үшін жеткілікті, белсеңді қоры болу керек, әрі байланы- стырып сөйлем құрау заңдылықтарын меңгеру керек.
Байланыстырып сөйлеудің заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, әр сабақта практикалық түрінде меңгертіп, мыйында қалуына қа- лыптастыру қажет.
Демек, фонетика, лексика, грамматика, синтаксис деп тілдік тұлғалар оқытылмайды.Оларды тек кім?, не?, неше?, нешінші?, қалай?, қандай?
,ма? ме? ба? бе? па? пе? -лар, -лер, -дар, -дер,– тар, -тер деп түсіндіру тиімді болады. Яғни тілдік нұсқаулар таныстырылып, үйретіледі. Әрі олар- ды қолдану жолдары меңгертіледі.
Тілдесім әрекетіне жету үшін жеткілікті сөздік қор болуы да маңызды. Сөздік қоры мол адам өз ойын екінші адамға жеткізуде қиындық ту-
дырмайды. Сондықтан оқушының сөздік қорын байытуға үлкен мән беру керек.
Сөздік қордың белгілі бір жүйемен жүргізілуі, оның әр тоқсан сайын, жыл сайын артып отырылуы көзделеді. Оқушы әр сабақ сайын сөздік қо- рын, еске түсіріп отырса, бірнеше жаңа сөзден қосып үйренеуі өте жақсы болар еді. Жаңа оқыған сөздерін ауызша және жазбаша жұмыс түрлерін- де пайдаланып отырса, оқушының санасына берік қалыптастырса ғана ол белсенді сөздік қорына енеді.
Ал оқушы сөздік қорын тілдік қарым-қатынаста пайдалана алмаса, ол тіл біледі деп есептеуге болмайды. Сол себепте оқушыларды жаттықтыру
жұмысы басты орынға қойылады. Адам ойын ауызша және жазбаша түрін- де жеткізеді. Сол себепті оқушының тілі ауызша және жазбаша дамиды.
Байланыстыра сөйлеудің заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, практикалық жолдарымен сөйлеуде қолданту, жаттықтыру, қалып- тасыру – тіл дамытудың негізгі түп қызығы деп айтуға болады. Сондықтан тіл дамыту тілдік нұсқауларымен біріктіріле оқытылады.
Демек, тіл дамыту сөздік қорды нәтижелі қолданып, сөздерді бір- бірімен орынды байланыстырып сөйлем, грамматикалық тұлғаларды сау- атты пайдалану болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет