2-тақырып. Әлеуметтану теорияларына кіріспе



бет5/12
Дата10.10.2022
өлшемі37,65 Kb.
#42242
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
2 ëåêöèÿ ìàòåðèàëäàðû

Макс Вебер
Неміс экономисі, тарихшысы жэне философы Макс Вебер(1864-1920) әлеуметтік зерттеулердің, оның ішінде дін, бюрократия және саясат сияқты үғымдардың теориялық негізін қалыпгастырды.
Вебердің ғылымға қосқан негізгі үш үлесі бар: ол әлеуметтік іс-әрекеттердің субъективті мағыналарын ашты, экономикалық себептерден гөрі әлеуметгік себептерге, ал әлеуметтік проблемаларды зерттеуде объективтілікке сүйену қажеттігін алға тартты.
Вебер мінез-құлықтың үлгілерін білу оның мағынасын түсінуден маңызды емес деп санайды. Мысалы, Вебер өткен ғасырдан бері ажырасудың мағынасы қаншалықты өзгергенін түсіну де ажырасу санының қаншалықты өзгергенін түсіну сияқты маңызды деп есептейді.
Вебердің адам әрекеттерінің субъективті мәнін зерттеген еңбектері діннен бастап иммиграцияға дейінгі алуан түрлі тақырыптағы көптеген ғылыми жүмыстарға негіз болды. Вебер «экономист» мамандығын меңгерген, оның еңбектерінің көп бөлігі экономикалық және әлеуметтік проблемалардың өзара әрекеттесуіне қатысты болды. Ол Маркстың «барлық әлеуметтік қагынастарды экономикалық факторлар айқындайды» деген идеясын қабылдамады. «ГІротестанттық этика және капитализм рухы» деп аталатын еңбегінде Вебер әлеуметтік және діни құндылықтардың экономикалық жүйелерге әсерін көрсетуге тырысты. Оның негізгі тұжырымы - алғашқы протестантизмнің діни құндылықтары (өзін-өзі тәртіпке келтіру, үнемдеу және жеке ерекшеліктер) қазіргі экономикалық жүйеге негіз болды.
Вебердің ықпалды идеяларының бірі - әлеуметтану белгілі бір құндылыққа тәуелді болмауы керек. Вебер әлеуметтану «қандай болуы керек екенін анықтауға емес, қазіргі мәнін анықтаута мүдделі болуы тиіс» деген пікір білдірді. Вебердің сөзі заманауи әлеуметтанушылар ұсынған стандартты ғылыми көзқарастың негізін қалыптасгырды. Кедейлік пен нәсілдік теңсіздікті зерттеуге моральдық қорлауға ұшырау да түрткі болуы мүмкін, бірақ объективті фактілерді жан-жақты зерттеу үшін бұл сезімдерді шетке жиыстырып қойған дұрыс.
М. Вебер көзқарасы тұрғысынан ой жүгіртіп, сараласақ, әлеуметтану ең алдымен адамның немесе адамдар топтарының мінез құлкын және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс. Алайда, олардың кез келген мінез-құлқы мен қызметі әлеуметтанудың зерттеу пәні бола алмайды. Оның пәні, біріншіден, адамның және адам топтарының, мақсаты және оған жетудің құралдары, екіншіден, басқа субъектілерге бағытталған, яғни өз әрекеттерінің оларға тигізген ықпалын және олардың бұған жауап реакциясын есепке алуын қарастырады. Егер де әрекет өзге адамдар тарапынан жауап реакция алуы есептелмесе, айталық, машиналар немесе табиғат тарапынан болатын жауапты Вебер әлеуметтік деп санауга болмайды дейді. Сонымен бірге еліктеу әрекеті де әлеуметтік әрекет қатарына жатпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет