Адам әрекетінің басты сипаты – символдарды қолдану. Дж.Мид әлеуметтік әрекеттің екі формасын немесе екі сатысын ажыратады: ишараттың (ымның) көмегімен адамның қарым-қатынас жасау сатысы; жанама қарым-қатынас жасаудың символдық сатысы.
Ишараттың «ым» арқылы қарым-қатынас жасау әрекеттің қысқартылған түрі секілді сипатталады, жекелеген ишараттардан әрекетті толық қалпына келтіруге болады. Мінез-құлықты үйлестіру функциясын өз құзырына алған мұндай түрдегі ишараттар тілдің кейпі сияқты болып көрінеді.
Символдық жанама өзара әрекеттер, яғни, ең алдымен, тілдің көмегімен болатын өзара әрекеттердің сипатталуы былайша жүзеге асады: а) кез-келген индивидпен қарым-қатынаста бірдей реакцияны тудырады; б) өзін басқа адамның орнына қойдырады; в) өзіне басқа адамның көзімен қарайды.
Символдық жанама өзара әрекеттің пайда болуын Дж.Мид функционалдық арқылы түсіндіреді, яғни адамдарда сенімді түрдегі инстинктердің болмауы салдарынан олардың мінез-құлықтарын үйлестіру қажеттігі тұрғысынан ұғындырады және антропологиялық, яғни адамның символдарды жасау және қолдану қабілетімен түсіндіреді.
Маңызды символдар, егер де бұлар топтардың игілігіне айналса ғана өздерінің үйлестіруші функциясын орындай алады. «Ана», «Әке», «жақсы», «жаман» және т.б. ұғымдар өзінің естілуімен және ерекше маңыздылығымен топтардың игілігі болып табылады, одан жеке адам осы маңыздылықтарды алады. Адамның қоғам мүшесі болуы – оның топтық әрекеттің үлгілері мен нормаларын меңгеру деңгейіне байланысты. «Маңызды символ» ұғымы ең алдымен тілге қатысты айтылған, соны білдіреді. Қарым-қатынастағы әріптестер ешқашан да бірдей тілде сөйлемейді. Соның салдарынан көбіне-көп бірін-бірі түсінбейтін немесе өте түсіністік жағдайлар пайда болады, бұл өзара әрекеттің бұзылуына әкеліп соғады. Мұндай бұзуларды (бұрмалаулар) метакоммуникациялардың көмегімен түзетуге болады, яғни әріптестер қарым-қатынастар орнату процесінде қолданған ұғымдарының мәнін салыстырмалы және ортақ маңыздылық жүйесі арқылы жүзеге асыруы керек. Бұдан шығатын қорытынды: адам объектілерге қатысты қызметті өзі мән берген маңыздылықтардың негізінде іске асырады; маңыздылықтың өзі әлеуметтік өзара әрекеттің жемісі болып табылады; маңыздылықтар өздеріне түсіндірмелер мен жаңа анықтамалар беру арқылы пайда болады және өзгереді. Дж. Мидтің пікірінше, қоғам - адамдардың жиынтығы, сондықтан да индивид адамдармен өзара әрекет ету қарым-қатынасын орнатқан және өзін-өзі түсіну арқылы, өз әрекетін жоспарлағанда кімнің ұстанымын, кімнің көзқарасын негіз етіп алу керектігін қарастырады, пайдалысын қолдайды. Қоғамның пайда болуын Дж. Мид, түптеп келгенде, физиологиялық себептер арқылы, яғни белгілі бір қажеттіліктердің (мұқтаждықтардың) пайда болуы және соларды қанағаттандыру, ең алдымен, тамаққа және өмірді жалғастыру қажеттіліктерін қанағаттандыру қажеттіліктерінің пайда болуы арқылы түсіндіреді. Индивид физиологиялық жағынан өзін қанағаттандырғанымен, қалай болғанда да басқа адамдармен байланыс орнатады, соларға тәуелді болады.
Нақтылы және идеалды қоғамның өмірін сипаттаған Дж. Мид оларды өзара әрекеттің кең көлемі мен сапасы арқылы қарастырады. Идеалдық қоғам нормалардың бәріне ортақ болуы және коммуникация процесіне бүкіл адамзаттың араласуы арқылы сипатталады. Идеалдық қоғамның пайда болуының алғышарттарын ол дүниежүзілік шаруашылықтар байланысының кеңеюінің, мемлекеттер арасындағы саяси одақтардың қалыптасуының, діннің әмбебаптығының кеңеюінің нәтижесі деп тұжырымдады. Сонымен қатар Дж. Мид әлеуметтік шиеленістердің конструктивтік рөлін, соның ішінде еңбек пен капитал арасындағы шиеленісті атап көрсетті, еңбек пен капиталдың шиеленісі барысында үндері шықпай, беделден айырылған, қоғам әлі мойындамаған және өзінің таптығын қалпына келтіру үшін күресуші қанаушылар тобы қайтадан даусын көтере бастады. Сөйтіп, коммуникацияға тартылған әлеуметтік субъектілердің шеңбері кеңейді және осы жаңа диалогтың нәтижесі қоғамды қайта құруы мүмкін.
11 Гайденко П.П., Давыдов Ю.Н. История и рациональность. М.: Политиздат, 1991. С. 72.