2-тақырып. Әлеуметтану теорияларына кіріспе


К. Маркс Спенсермен қатар әлеуметтанудың ғылым болып дамуына зор үлес қосқан К. Маркс



бет7/12
Дата10.10.2022
өлшемі37,65 Kb.
#42242
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
К. Маркс
Спенсермен қатар әлеуметтанудың ғылым болып дамуына зор үлес қосқан К. Маркс(1818-1883).
К. Маркс ілімінің негізі тарихты материалистік тұрғыдан түсіну (“барлық тарих – таптар тартысы”), экономикалық және әлеуметтік детерминизм. Ол өз тұсындағы капитализмді терең зерттеді. Соған сәйкес ол капитализм оған дейінгі өндірістік жүйеден түбірінен өзгеше деп қорытты. Капитализмді зерттей отырып, Маркс тапқа анықтама берді. Оның көзқарасы бойынша капитализмнің орнына тапсыз социалистік қоғам орнауы керек, таптың жойылуына байланысты қоғамда барлық теңсіздік жойылуы керек.
Материалдық қажеттілік (мұқтаждық.) пен мүдделер адамдардың мінез-құлқына, қызметіне, олардың ниетіне, психологиялық көңіл-күйіне, идеялар мен теорияларға себепші болады.
Басқаша айтсақ, қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі әлеуметтік топтардың түрлі жағдайы олардың әр алуан материалдық мүдделеріне себепші болады, сөйтіп, ол өндірістік және басқа да қызметтің, қуаты есебінде байқалады.
Тарихты материалистік тұрғыдан түсінуге сәйкес материалдық игіліктерді өндірудің маңызы да арта түсті. Сол арқылы адамдар өздерінің алуан түрлі материалдық, және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандырады. Сайып келгенде, материалдық өмірдің өндіріс тәсілдері өмірдің жалпы, әлеуметтік, саяси және рухани процестерін қамтамсыз етеді. Ол әр түрлі дәрежеде қоғам омірінінің аталмыш салаларының дамуына ықпал етеді. Бұл тұрғыдан алғанда өндіріс тәсілі қоғамның өмір сүруі мен дамуының материалдық негізі болады.
Өндіріс тәсілі өзінің негізі жағынан өндіргіш күштер мен өндіруші қатынастарын біріктіруші ретінде көрінеді. Өндіргіш күштерге ең алдымен білімі, дағдысы және өнеркәсіптік қызмет тәжірибесі бар адамдар, сонымен қатар олардың өндірісте қолданатын еңбек құралдары мен заттары, өндірістік гимарат, энергия көздері, транспорт және т.б. жатады. Өндірістік қатынастар - бұл адамдардың өндірістік қызмет процесі барысында қалыптасатын, ең алдымен олардың өндіріс кұралдарымен қатынастары. Өндіріс кұралдарының кімнің меншігінде болуына байланысты, өндіріс процесінде әрқилы адамдар әр түрлі орындарға ие болады, айталық, біреулер өндірістің иелері болса, басқалары - жалдамалы еңбеккерлер. Өндірістік қатынастар сондай-ақ, еңбек бөлінісі мен өндіріс кұралдарына меншіктік қатынастардың негізінде болатын адамдардың қызметтерін өзгертулерінен де көрінеді, жүзеге асады.
Тұжырымдай айтар болсақ, өндірістік қатынастар - бұл өндірілген қоғамдық шешімдерді бөлу, оларды айырбастау және тұтыну арқылы жүзеге асатын адамдардың қатынастары. Бұл қатынастардың мазмұнын, түптеп келгенде, өндіріс құралдарына меншіктік қатынастар анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет