2. Жекелеген мектептер мен бағыттардың пайда болуы (О.Конт, Э.Дюркгейм, Г.Спенсер)
О. Конт Ол қоғамдық өмір құбылыстарын тарихи және жүйелік аспектілерінде біліп тануға талпыныс жасады. Конт негізгі еңбектеріне алты томдық «Позитивты философия курсы»(1830-1842), «Позитивты саясаттың жүйесі, немесе адамзат дінін орнататын трактат» (1851-1854) және т.б. Конт пікірінше, әлеуметтану жаратылыстану ғылымына сай, әлеуметтік құбылыстарды эмпирикалық және аналитикалық түрде зерттеу және фактілер негізделу қажеттілігін түсіндірді. Бұл әлеуметтанудың ауызша, абстрактылы талдаудан алшақтап, «позитивты», яғни қоғамдық өмір мәселелерін қолайлы шешу қабілеті деп тұжырымдады.
Осы негізде Огюст Конт әлеуметтану қоғам туралы кез келген мәселеде нақты фактілерге негізделуі керек және әлеуметтанулық құбылыстарды жаратылыстану ғылымы сияқты тәжірибелік және аналитикалық тұрғыда зерттеу қажет деп жариялады. Бұл әлеуметтанудың қияли, абстрактылық құрылымынан ауысып, тәжірибелік ғылым болуына мүмкіндік жасады. О.Конт қоғам туралы пайдалы тәжірибелі ғылым жасауды қажет дей отырып, оның пәнін фундаменталдық заң деп есептеп, тіпті әлеуметтануды әлеуметтік физика деп те атады.
Сондықтан да, әлеуметтануда әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамика концепцияның негізін салды.
Әлеуметтік статика қоғамды, оның барлық элементтерін тұрақты және тепе-теңдік жағдайында зерттейді де және әлеуметтік үндестік (гормония) заңын негізгі деп есептейді.
Ал әлеуметтік динамика қоғамдық дамуды бір дәрежеден екіншіге өту жағдайында зерттейді. О.Конт Әлеуметтанулық зерттеудің негізгі заңын бақылау және эксперимент деп тұжырымдады. О.Конт ғалымдар ұсынысын нақтылы тәжірбиелік тексеруден өткізу қажет деген тезисті көтерді. Сондықтан да, Конт философиясы “позитивизм”деген атақ алды.
О. Конттың ойынша, позитивтік ғылым дінді алмастырып, қоғамды ұйымдастырушы негізгі күшке айналуы тиіс. Ол өзінің тарихи миссиясын болашақтың «Ғылыми Библиясын» жасауға балап, ғылымды адамзат баласының өмір сүру формаларының шыңына көтермекші болды.
О.Конттың жұмысы Әлеуметтанудың одан әрі дамуына үлкен орын алды. Оны “Әлеуметтанудың атасы” деп атау кездейсоқ емес, ол оған ат және бағдарлама берді.
О. Конттың жұмыстарында нақтылы тәжірибелік зерттеуге өтуге алғышарттар бар. Ол (Дюркгейм және Парсонстың) Әлеуметтанулық ойдың одан әрі дамуына маңызды әсер етті. Әлеуметтанудың дамуына зор әсер еткен оның әлеуметтік фактілерді таңдау, сатқындық қияли қатынастан бас тарту керек деп қарау идеясы.
Конттың әлеуметтік тұжырымдамасы бойынша, қоғамды ақыл-сана, идея басқарады. Осы негізде ол қоғамның дамуын адамдардың интелектуалды ақыл-ойының 3 кезеңі теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.