2-тақырып. Әлеуметтану теорияларына кіріспе


Әлеуметтік әрекетті М. Вебер типтерге бөледі: 1) ұтымды-мақсатты әрекет



бет6/12
Дата10.10.2022
өлшемі37,65 Kb.
#42242
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Әлеуметтік әрекетті М. Вебер типтерге бөледі: 1) ұтымды-мақсатты әрекет. Бұл әрекет субъектінің саналы түрде алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылуымен сипатталады. Осы әрекетті іске асыру барысында басқа адамдар мен заттар құралдар ретінде қолданылады; 2) құнды-ұтымды әрекет - белгілі бір абсолюттік құндылыққа (этикалық, эстетикалық, діни, т.б.) саналы түрде жетуге бағытталған әрекет; 3) аффекті әрекет, - ол субъектінің, көңіл-күйі мен сезімінен туындайды; 4) дәстүрлі әрекет, бұл қалыптасқан әдет-дағды арқылы іске асатын әрекеттің түрі1.
Дегенмен де, М. Вебер осы типтердің шартты екенін мойындаған, әлеуметтік әрекеттерді зерттегенде көп жағдайда аралас мотивтерді басшылыққа алған, себебі кез келген адамның әрекеті мотивтен туындайды. Нәтижесінде әрекет субъективтік мағынаға ие болады.
Сөйтіп, М. Вебер әрекеттің мотивін, мақсатын ұғынуды әлеуметтік зерттеудің бірден-бір міндеті деп түсіндіреді.
Өйткені қоғамдық қатынастар жеке адамдардың өзара әрекетінің нәтижесінен құралады. Әлеуметтік әрекеттер, Вебердің айтуынша, адамның немесе адам топтарының саналы пайымдалған өзара әрекет жүйесін, осыдан келіп олар түсінін) әлеуметтану деп аталатын түсіну пәнін құрайды.
Мәселенің мәні мынада: егер де адамның әрекеті ойластырылған және іштей бірнәрсеге бағытталған болса, онда әлеуметтанушы бұл әрекеттердің мазмұнымен қатар, олардың басқа адамдар үшін қандай салдарлары болуы мүмкін екендігін көре білуі тиіс. Субъектінің осы қызметтегі мотиві, басшылыққа алған рухани құндылықтары есепке алынады. Басқаша сөзбен айтқанда, әлеуметтік әрекет субъектінің рухани дүниесінің мазмұнын пайымдап, түсіну қажет. Осы рөлде әлеуметтану түсінуші ретінде қарастырылады.
М. Вебер «түсінуші әлеуметтану» тұжырымдамасын жасап дамытты, оның міндеттеріне: біріншіден, адамдардың өз талаптарына ұмтылуы қандай ойластырылған әрекеттер арқылы іске асатынын және қандай дәрежеде, қандай себептермен бұларды олардың жүзеге асыра алатынын немесе асыра алмауын ұрынып, түсіндіру; екіншісінен, әлеуметтанушыға түсінікті болған олардың талаптарының салдарлары басқа адамдардың мінез-құлқына қалай әсер ететінін ұғындыру негізге алынды.
М. Вебер өзінің түсінуші әлеуметтануында құндылықтар проблемаларынан, соның ішінде мораль, саясат, эстетика, діни құндылықтар мәселелерінен айналып өте алмады. Бұл жерде әңгіме аталмыш құндылықтар жөніндегі субъектінің саналы түрдегі түсінігі туралы болып отыр. өйткені олар субъектінің қызметі мен мінез-құлқының мазмұнын және бағытын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет