20-тапсырма Кіші мектеп оқушысының негізгі іс-әрекеттері: оқыту, ойын, қарым-қатынас, еңбек. Оқу әрекеті – бастауыш мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті. Оқу әрекеті: оқу мотивациясы, оқу жағдайы, оқу тапсырмасы



бет2/9
Дата18.05.2023
өлшемі403,75 Kb.
#94622
1   2   3   4   5   6   7   8   9
I-тарау
Ойын -бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады.Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатьнас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын балалардың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын, А.С.Макаренко өте жақсы көрсетті. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету кандай орын алатын болса,- деп жазды ол, - балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады». Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Мәселен, дәрігер ауру адамды емдегенде өзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігер болып ойнаған баланы алатын болсақ, ол да айналасындағыларды өзінше «емдейді». Бірақ бұл оның жай тілегі мен кызығуынан туған.Ойынның қозғаушы күші -баланыңнақты тілегі мен кызығуы. Еңбек үстінде адамның мақсат пен мотивінің арасында келіспеушілік болуы мумкін. Ойында бұл жағы болмайды. Еңбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы өнім шығуы қажет. Бұл айтылғандар ойыннан талап етілмейді.Бұдан ойынның ешқандай маңызы жоқ деген қорытынды тумайды. Ойын арқылы бала өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап кереді.
Кейбір шетел психологтары ойынды көбінесе санасыз инстинктерге балайды. Мәселен, олардың бірі - жануар төлі мен адам баласының ойынының арасындағы айырмашылықты жоққа шығарса (К. Гросс), екіншілері ойын баланың артық энергиясын сыртқа шығаратын тәсіл дейді (Г.Спенсер), ал үшінші біреулері - ойынды жай рақат табудың бір көзі (К. Бюлер) деп қарайды да, оның негізгі мотиві көрсетілмейді, мұндағы қоғамдық факторлардың рөлін еске алмайды. Орыс марксисі Г.В. Плеханов өз еңбектерінде ойын жөнінде кейбір теорияларды сылап, бала ойынының үлкендер еңбегімен байланысын, оның маңызы тарихи-әлеуметтік сипат алатынын дұрыс көрсетті.
Мектепке түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе бастайды. Мәселен, мектепке дейін тұрмыстық ойындарды (отбасы, дүкенге бару, т.б.) көбірек ойнайтын болса, енді қоғамдық-саяси мәні бар, еңбек процесінің сан алуан жақтарын көрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Мәселен, бірінші сыныптағылар қуыршақтарына, үйдегі кішкентай балаларға сабақ үйрете бастайды, олардың бірі - мұғалімнің, қалғандары оқушының рөлін атқарады. Ойында мектеп өмірінің бейнелеуі екінші сынып балаларында біртіндеп кеми бастайды, оның орнын творчестволық ойындар басады. Енді оқыған кітаптарды,көрген кинолары, үлкендерден естіген әңгімелері баланың ойын мазмұнына кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет