Қорытындылай келе,мен жүргізген диагностика бойынша 6 және 8 жастағы баланың зейін көлемі,тұрақтылығы анықталды.6 жастағы баланың жасаған тапсырмаларға кеткен уақытын бірге қосқанда 59 секундты құрады.Яғни,бағалау критерийі бойынша 2-деңгейді көрсетіп тұр.Бұл деген жақсы көрсеткіш,яғни бала ақпараттарды тез қабылдап,қатемен жұмыс жасай алады.
Ал 8 жастағы баланың уақыты 42 секундты құрады.1 деңгейлі бала жадында үлкен сандық қатарды сақтай алады және шаршамайды.Және де бұл балаларға тапсырма орындалғаннан кейін сұрақтар қойылды.Олар еш қиналмастан сұрақтарға оңай жауап бере алды.
Қорытынды Қазіргі қоғамда адам түрлі іс-әрекеттермен айналысады. Олардың барлық түрлерін нақты адамға қатысты топтастыру мүмкін емес. Дегенмен барлық адамдарға ортақ негізгі қызмет түрлерін ажыратуға болады. Олар ойын, оқу,еңбек әрекеттері.Ойын өзінің табиғатына қарай бала тұлғасын қалыптастыратын тарихи қаланған әлеуметтік механизм және әдіс болып табылады.Л.С.Выготский,А.Н.Леонтьев,Д.Б.Эльконин және басқада ғалымдардың еңбектерінен ойынның адамның даму барысында маңыздылығын көруге болады. Қазіргі уақытта балалар ойынының теориясы саласында ғылыми тұрғыдан қарастырылатын көптеген зерттеу жұмыстары бар. Авторлардың бірі ойынды адам өмірімен тығыз байланысты құбылыс ретінде қарастырады, Спенсер, Холл, Гросс басқалары ойынның психологиялық астары мен оның бала дамуындағы маңызына назар аударады.Ал Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев,А.В.Запорожец ,Д.Б.Эльконин мектебінің бір қатар зерттеушілері ойынның баланың жалпы психикалық дамуына, жекелеп алғанда, оның ерікті мінез-құлқының мотивациялық-қажеттіліктік, танымдық саласына тигізетін елеулі маңызын көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Қ.Жарықбаев “Психология”,1993.290-298б,7-тарау.
А.Қ.Егенисова “Психологияны оқыту әдістемесі”,2018.
Бейсенбекова Г.Б. “Кіші жастағы оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы”,2012.74-75б.
Асылханова М.А. “Психология”,2008.