20-тапсырма Кіші мектеп оқушысының негізгі іс-әрекеттері: оқыту, ойын, қарым-қатынас, еңбек. Оқу әрекеті – бастауыш мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті. Оқу әрекеті: оқу мотивациясы, оқу жағдайы, оқу тапсырмасы



бет5/9
Дата18.05.2023
өлшемі403,75 Kb.
#94622
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
20 билет Еркен Әсемай

Психолог П.Я. Гальперин (1902-1988) өзінің “Ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптасу”теориясында бала мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әрекеттерді (затты ұстап көру, тұрқын, көлемін ажырату, шамамен өлшеу, т.б.) пайдаланады, сосын оның бейнесін елестетеді. Содан соң дауыстап және іштен айта алатын болады, сөйтіп сыртқы заттық әрекеті біртіндеп ішкі ой әрекетіне айналады дейді.Баланың білім меңгеруі, мұғалімнің сабақ оқытуы екеуі де «инемен құдық қазғандай» аса қиын нәрсе. Мәселен, мұғалім балаға бұрыннан таныс нәрсені ығыр қылып айта берсе, онда ақыл ой керенаулығын, рухани жиренушілікті туғызуы мүмкін.Сондықтан ұстаз әр уақытта оқушының рухани тілектерін ұдайы қанағаттандырып, оның табиғатты, өмірді, адамдар еңбегін білуге құштарлығын дамытуы қажет. Балалардың ақыл- ойын дұрыс дамыту үшін оқытуды тым жеңілдетудің де қажеті жоқ. Баланың ойына жеткілікті азық беретін оқу ғана қарқынды дамытуға септік тигізе алады. Мәселен, 1 сыныптың мұғалімі балаларға 9 санының екі және жетіден, алты және үштен құралатындығын айтып: «9 саны тағы да қандай сандардан құралады?»- деп сұраса, олар: «Төрт пен бестен»,- деп жауап береді. «Тоғыз- дан төртті азайтсақ, неше қалады?», «Тоғыздан бесті азайтсақ ше?», «Сендер нені анғарасыңдар?» деп мұғалім ой сала сөйлейді. Балалар «Қосындыдан бірінші қосылғышты шегерсек, онда екінші қосылғыш шығады»,- дейді. Мұғалім тағы да ойын жалғастырып: «Екінші қосылғышты шегерсек қайтеді?»-десе, <<Онда бірінші қосылғыш шығады»,-дейді бір оқушы. «Олай болса; қосындыдан қосылғыштардың біреуін шегерсек»,-деп мұғалім сөзін сабақтай бергенде, «екіншісі шығады» деп бала сойлемді аяқтайды. Міне, оқушының ойлау белсенділігінің осылай дамуы, білім мен дағдыға қанығуыдың негізі осылай қаланады, ол шамалардың арақатынасы мен амалдарды терең түсінетін болады. Бұл жай бізге арифметиканың аясынан шығып, бірінші сыныптын бағдарламасына геометрия мен алгебраның элементтерін кіргізуге мүмкіндік беріп отыр. Осының арқасында шәкірттер заттар мен фактілерді саралап, салыстырып, әр құбылыстың неден туындайтынын, яғни оның себебін іздестіретін болады, олар сұраққа жай жауап беріп қана қоймай, өздері де сұрақ қоя біліп, оны өз бетінше шеше білуге машықтанады. Мәселен, бірінші сыныптағылар үшін Д.Б.Эльконин құрастырған әліппеде осы жағдай қатты ескерілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет