20-тапсырма Кіші мектеп оқушысының негізгі іс-әрекеттері: оқыту, ойын, қарым-қатынас, еңбек. Оқу әрекеті – бастауыш мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті. Оқу әрекеті: оқу мотивациясы, оқу жағдайы, оқу тапсырмасы



бет4/9
Дата18.05.2023
өлшемі403,75 Kb.
#94622
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
20 билет Еркен Әсемай

Қарым-қатынас - ол басқа адам, субъект, дербес тұлға ретіндегі қарым-қатынас бойынша серіктес. Коммуникативті іс-әрекеттің құрылымды компоненттерінің мазмұнды толықтырылуы барысында коммуникативті ерекшелік анықтамасы ерекше маңызды болды. Адам басқалармен қарым-қатынас арқылы өз-өзіне қатынасын реттей және өзін-өзі тани алады. Пән ретінде қарым-қатынас басқа адамға бағытталғандықтан, ол басқа да іс-әрекеттерге қарағанда оған белгілі бір қарым-қатынасты қалыптастыру және тануға мүмкіндік береді.
Сынып мұғалімінің коммуникативті-ұйымдастырушылық іс-әрекеті оқушылармен қарым-қатынас стилінің келесі түрімен сипатталады:
І. Авторитарлық (императивтік) стиль мұғалімнің оқушыларға өз еркін зорлап міндеттеп және оған өздерінің инициативаларын көрсетуге мүмкіндік бермеуімен сипатталады. Оқушылар үшін мұғалім беделді адам екенін пайдаланып, ол олармен қарым-қатынасында тәрбие ықпалының тәсілі ретінде бұйрық, сөгіс беру, қорқыту және жазалау, жиі дауыс көтеруді қолданады.
ІІ. Демократиялық стиль мұғалімнің оқушымен өзара қарым-қатынасындағы талап қоюшылық пен тілектестік қатынасын сипаттайды, сонымен қатар оқу және оқудан тыс әртүрлі іс-әрекетке белсенділігін ынталандыру мен ықпал ету әдісі ретінде сендіруді қолданады. Мұндай қарым-қатынас стилі бар сынып мұғалімі төзімділігімен, педагогикалық тактісімен, жоғары эмоционалды тұрақтылығымен, оқушыларды фамилиясымен сирек атауымен және сирек дауыс көтеруімен ерекшеленеді.
ІІІ. Либералды стильдің басқалардан айырмашылығы: мұғалім көбінесе өзінің міндеттерін орындауға формалды түрде қарайды, оқушыларға толық еркіндік береді, олардың тәртіпті бұзушылығына еш мән бермейді және осылайша сынып ұжымында жағымды қарым-қатынас орнатуға тырысады.

II-тарау
Оқу - іс-әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті оқу.Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, тәжірибесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым-білім жүйелерін меңгереді,сөйтіп өзін практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру - ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет