References
Arnold I.V. Stylistics. Modern English: Textbook for universities. – 4th ed., Rev. and add. – M.:
Flint: Science, 2002. – 384 pp.
Carter R. Vocabulary: Applied Linguistic Perspectives. London: Allen and Unwin, 2011. – 347рр.
Ginsburg R. S. «A course in modern English Lexicology», 2011. – 434pp.
Lakoff G. and M. Johnson. Metaphors We Live By. Chicago: University of Chicago Press, 2012. –
501рр.
Michael McCarthy & Felicity O’Del, (Eds.). English Idioms in use. Cambridge: Cambridge
University Press, 2003. – 289pp.
McCarthy M. Vocabulary. Oxford: Oxford University Press, 2011 – 346рр.
Anthony K.A Comparative Idiom. Retrieved from http://www.ling.upenn.edu/~kroch/omev2-
html/node15.html
УДК 81
,
374
ИДЕОГРАФИЯЛЫҚ ОҚУ СӨЗДІКТЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТІ
Исова Э.А.,
филология ғылымдарының
кандидаты, ҚМПИ,
Қостанай
қ.,
Қазақстан
Аннотация
Ұсынылып отырған мақалада оқу лексикографиясының негізгі туын-
дысы идеографиялық оқу сөздігінің педагогикалық қызметі жəне дидакти-
камен байланысы сөз болады. Сөздікте ғылыми, анықтамалық жəне дидак-
тикалық интенциялар беріледі, сонымен қатар лексикалық бірліктер тақы-
рыптық жəне лексика-семантикалық топтарға топтастырылады. Идео-
графиялық оқу сөздіктерінде дəл осындай педагогикалық қызмет орын ала-
ды. Лексикограф оқырманның тілді өз бетінше меңгеруіне жағдай туғыза-
ды. Ол оқырманмен белгілі бір қашықтықтан, оқу сөздігінің беттерінен тіл-
десіп отырады. Идеографиялық оқу сөздіктердің негізгі мақсаты – белгілі
бір ойды жеткізу үшін сөздерді таңдауға көмектесу.
Аннотация
Данная статья посвящена одной из отраслей учебной лексикографии.
Рассматриваются педагогические функции идеографического словаря и взаи-
мосвязь с дидактикой. В словаре даются научные, определительные и дидак-
тические интенции. Наряду с этим, лексические единицы делятся на тема-
тические и лексико-семантические группы. В учебно-идеографическом слова-
ре выполняются педагогические функции. Лексикограф создает условия
адресанту самостоятельно изучать язык. Он общается с адресантом через
учебный словарь на расстоянии.
ПƏНДЕРДІ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ
МЕТОДИКА И ТЕХНОЛОГИЯ
ЖƏНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ПРЕПОДАВАНИЯ ДИСЦИПЛИН
68
Abstract
Current article is devoted to the study lexicography’s sector. There are
pedagogical functions of ideographic vocabulary in relation with didactics are
considered. In the dictionary are given scientific, definitive and didactic tendency,
along with it lexical units are divided into thematic, lexical and semantic groups.
In the ideographic dictionary pedagogic functions are performed. Lexicographer
makes conditions for addresser to learn the language independently. He communi-
cates in the distance with addresser through the academic dictionary.
Түйін сөздер: оқу сөздігі, сөйлеу, мəтін, адресат, адресант, тіл үйрету.
Ключевые слова: учебный словарь, речь, текст, адресат, адресант, обучение
языку.
Key words: educational dictionary, speech, text, addressee, sender, language
teaching.
1. Кіріспе.
Тілді коммуникативті-прагматикалық тұрғыдан сипаттап, қарым-қатынас лингвисти-
касын қалыптастыру үшін тілді үйрететін пəндер негіз болады. Оның нысаны – сөйлеу, мəтін,
сөйлеуші мен тыңдаушының əлеуметтік жəне психологиялық сипаты, қарым-қатынас жа-
саушылардың əлеуметтік өзгешеліктері, тіл қызмет ететін əлеуметтік сала мен жағдаят. Мұнда
функционалды стилистика, тіл мəдениеті, шешендік өнер, мəтін лингвистикасы, психолингви-
стика, когнитивті лингвистика, əлеуметтік лингвистика, этнолингвистика, паралингвистика т.б.
қарым-қатынас теориясына лингвистикалық прагматика (прагмалингвистика), тілдік актілер
мен сөйлеу этикетін сипаттау, лингвомəдениеттік, лингвоелтанымдық аспект маңызды қызмет
атқарады. Осыған байланысты ғалым М. Балақаев: «Қазақ тілінің мəдениетін арттыра түсу
талаптары алдымен оның коммуникативтік жəне қоғамдық қызметтерін жақсарта түсу
шараларын жүзеге асыруды керек етеді», – деген болатын (М. Балақаев, 1984, 143 б.).
2. Материалдар мен əдістер. Прагмалингвистикада тілде бейнеленген тілдік таңба-
лар адамға бағытталады, сөйленім/мəтінді дайындауда ең қолайлы бірліктер жалпы жағдаят-
ты, адресатты ескеріп, таңдап қолданылады. Адресант мəтін түзуші фактор ретінде мəтінді
қабылдаушы адресатпен, оқырман, тыңдарманмен, интерпретатормен, яғни сөйлесудің бел-
сенді субъектісімен алмасады. Тілді таңбалар жүйесі ретінде сипаттағанмен, ғалымдар ара-
сында сөзді таңба ретінде тануда бірқатар таластар бар. Ф. де Соссюр шындықтың затпен
біртұтас арақатынасын білдіретін сөзді «таңбалаушы» мен «таңбаланушының» бірлігі ретін-
де қарастырады (Ф.де Соссюр, 2004, 272 с.). сөз дыбыстық қабат болғанымен, мағынасы жа-
ғынан алғанда, түсінік болып шығады. Сөздің басты қызметі - дүниетанымды бейнелеу, оны
айқындау. Белгілі бір дəрежеде сөздердің жиынтығы шындықтың бейнесі немесе корреляты
деп есептеуге болады. Алайда тілде бейнеленетін шындық – жекеленген фактілердің қосын-
дысы ғана.
Дүние жайлы біліміміз өскен сайын тіліміздің лексикалық дені жайлы біліміміз де
ұлғая түспек. Осыған байланысты профессор А. Салқынбай: «Əлем бейнесінің бүкіл көрінісі
мен қоғамдық сана қалыптастырған ұғымдарын бейнелейтін тіл – адамзат танымының фено-
мені. Тіл–тек қарым-қатынас құралы ғана емес, адамзат дүниетанымы мен сананы қалыптас-
тырып, дамытуға қызмет ететін күрделі құрылым. Тіл ұлттық мəдениеттің құрамды бөлігінің
бірі болып қана қоймайды
,
бүкіл мəдениет пен танымның негізі саналады. Мəдениет тіл
арқылы жүйеленіп, қалыптасып, дамиды. Тілдің қоғамдағы рөлі қарым-қатынас жасау сипа-
тымен ғана шектелмейді, адам ойының, санасының жетілуі мен дамуына да ықпал етеді» –
дейді (А. Салқынбай, 1999, 309 б.). Жаңа сөздер тілге жай ғана механикалық түрде қосыла
салмай, санамыздағы жүйеге енеді.
3. Талқылау.
Соңғы жылдары тіл үйретуде сөздік құрамды жүйелі түрде меңгертуге көңіл аударыла
бастады. Сол себепті лексиканың тілдік ұйымдасуын бейнелей алатындай, жиі қолданыла-
ПƏНДЕРДІ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ
МЕТОДИКА И ТЕХНОЛОГИЯ
ЖƏНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ПРЕПОДАВАНИЯ ДИСЦИПЛИН
69
тын сөздерді қамтитын сөздіктер түзу қажеттігі туындап отыр. Тілдік (лингвистикалық,
филологиялық) сөздіктер сөздерді тіл бірліктері ретінде қарастырады. Тілдік сөздіктер əдеби
тіл нормаларын жетілдіре түсуге, тұтынушы тілінің жеке-дара алғанда сұлу, мəнерлі де нақ-
тылы болуына ықпал ете алады. Тіл таңбалар жүйесі болғанмен, оймен органикалық бірлікте
қарастырылады. Ойлау шындықтағы танымның динамикалық процесін білдіреді жəне ол ту-
ралы адамның білімін қалыптастырады. Білім – адамның заттар мен құбылыстарды, табиғат
пен қоғам заңдарын ұғынуының жемісі. Білімнің өзі сөзбен шыңдалады. Тіл бірлігі ретінде
қарастырылғанымен, сөзде таңбалық қасиет бар. Қоғамда болып жатқан құбылыстар, өзгеріс-
тер тілде үнемі ізін, таңбасын қалдырып отыратындықтан, тілді тарихпен, этнографиямен
тығыз байланыста зерттеу қажет.
Қазақ тіл білімінде этнолингвистика ғылымының негізін
қалаған ғалым академик Ə. Қайдар: «Кез келген тілдің қоғамда өзара байланысты үш түрлі
қызметі бар. Оның басты қызметі: коммуникативтік, яғни қоғам мүшелерінің өзара қарым-қа-
тынас жасап, бір-бірін түсінуі, пікір алысуы үшін қажетті қызметі. Оның екінші қызметі –
көркем шығарма тіліне тəн, адам баласына тəн образ арқылы ерекше əсер ететін, лəззат сый-
лайтын, эстетикалық қызметі. Тілдің бұл қызметі, əрине, қаламгердің шеберлігіне, сөз саптау
мəдениетіне байланысты. Ал тілдің үшінші бір қызметі ғылыми терминмен айтқанда, акку-
мулятивтік қызметі деп аталады. Яғни ол – тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан
барлық сөз байлығын өз бойына жиып, сақтап, оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел
жеткізіп отыратын игілікті қасиеті. Тіл фактілері мен деректері – тұла бойы тұнып тұрған та-
рих. Сондықтан этностың өткендегі тарихы мен этнографиялық байлығын біз ең алдымен,
содан іздеуіміз керек (Ə. Қайдар, 1985, 19 б.), – деп жазады. Этнос болмысының
ерекшеліктерін зерттейтін ғылымдарды академик Ə. Қайдар екіге бөледі: 1) этнос тіліне
жалпы қатысы бар (мəселен, мəдениеттану), этнография, этнология, өлкетану,
фольклористика, мифология, астрономия, педагогика, дидактика т.б.) ғылымдар; 2) этнос
тілінің тілдік табиғатын айқындауға тікелей қатысты ғылымдар (мəселен, этимология,
диалектология, ономастика, фразеология, паремиология, терминология, лексикография,
социолингвистика, этнолингвистика, психолингвистика т.б.) (Ə. Қайдар, 1985, 12 б.).
4. Нəтижелер.
Кейінгі жылдары қазақ тіл білімінде прагматикалық ұстанымдарды басшылыққа алып
жазылған еңбектер көбейіп келеді. Ғылыми мəтіннің ерекше типі ретіндегі сөздікте прагма-
тика жетекші категория болып саналады. Біріншіден, прагматика, жетекші ерекшеліктердің
бірі ретінде, мəтіннің анықтамасына енеді. Екіншіден, мəтіннің тағы бір маңызды катего-
риясы – мəтіннің тəмамдалымдығы да прагматика арқылы анықталады. Үшіншіден, сөздіктің
прагматикалық бағдарын жасау, анықтау ісі практикалық лексикографиялық қызметтің ең
маңызды элементі, сөздіктің негізгі сипаттамаларын анықтайтын элемент болып табылады.
Сөздіктің прагматикалық бағдарының сипаты өзара байланысты төрт элементпен (сөздіктің
интенциясы, сөздіктің аудиториясы, лексикографияланатын көлем, лексикографияланатын
нысан) байланысты болады. Интенция сөздікке тəн прагматиканың, яғни сөздіктік
прагматиканың жетекші элементі болып табылады. Интенция – латын тілінде «сананың
белгілі бір затқа, ойға, мақсатқа бағытталуы» мəнінде қолданылатын intentio сөзінің негізінде
қалыптасқан терминдік аталым. Бұл жерде сөздіктің концептуалдық негізі, құндылығы,
басты бағдары ұғымдарында қолданылып отыр. Сөздікте ғылыми, анықтамалық жəне ди-
дактикалық интенциялар болады. Сөздіктің құрылымы мəселелеріне арналған жұмыстарды
зерттеудің негізгі бағыты – жүйеден бірлікке қарай жүргізілетін мəтіндік бағыт. Бұл бағыт
бойынша, сөздік ғылыми-дидактикалық мазмұнды мəтін ретінде ұғынылады. Сөздікке тəн
баяндау типінің өзі сөздіктің дидактикалық жанрға жататындығын жəне оның бойында педа-
гогикалық дискурстың барлық негізгі сипаттарының бар екендігін байқатады. Сөздіктегі пе-
дагогикалық дискурс (discours pedagogique) оқулықтардағыдан өзгешелеу болады. Сөздікті
дидактикалық жанрдағы өзге туындылармен жақындастыратын нəрсе – оны түзуші адам мен
оқушы адам арасындағы ерекше сабақтастық. Француз ғалымдары К. Дюбуа мен Ж. Дюбуа
«Лексикографияға кіріспе» деп аталатын еңбегінің «Сөздіктің педагогикалық тілі» атты
ПƏНДЕРДІ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ
МЕТОДИКА И ТЕХНОЛОГИЯ
ЖƏНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ПРЕПОДАВАНИЯ ДИСЦИПЛИН
70
тарауында (Dubois J., Dubois C., 1971, 171 с.) сөздікті дидактикалық жанрдағы туындылар-
дың қатарына жатқызады. Авторлардың пікірі бойынша, сөздік–тілдегі жеке сөздерді қалай
қолдануды үйрететін педагогикалық құрал, сөздіктің тілі адамдардың бір-бірімен күнделікті
сөйлесетін тілі емес. Сөздіктің тілі – педагогикалық тіл. Ол – сарапталған, талданған тіл. Пе-
дагогикалық тілдің түрі болғандықтан, сөздік оқырманды коммуникацияның нақты бір ти-
піне бағдарлап, барша қауым мүшелерінің, яғни «мен», «сен» жəне «ол» арасындағы анық
қарым-қатынастарға бағыттайды. Əрі сөздіктің авторы, əрі коммуникация субъектісі болып
табылатын лексикограф пікірлесушілер (оқырмандар) тарапынан өзіне қойылатын сауалдар-
ға бағдар ұстайды. Сауалдарға жауап бере отырып, лексикограф коммуникациядағы айқын
субъект рөлінде көрінбейді, коммуникацияның ұжымдық субъектісі (қоғам) атынан сөйлей-
тін байланыстырушы, аралық бейне рөлінде көрінеді. Яғни лексикограф қоғам тарапынан
жүзеге асырылатын ұжымдық айтылымның болжалды субъектісіне айналады. Оқырмандар
өздерін идеалды түрдегі сөйлеуші субъект ретіндегі лексикографпен бірге, бір бүтін санай-
ды. Ал берілетін жауаптар нақты мəдени қауымдастық атынан айтылатын соңғы ақиқат бо-
лып табылады. Сөздіктен алынатын білік, білім оқырмандардың мəтіндерді түсінуге кедергі
келтірген кемістіктерінің орнын толтыруға көмектеседі. Ол норманың кепілі ретіндегі лекси-
кографтың білігі мен жекелеген оқырмандардың толымсыз білігі арасындағы алшақтықты
жояды (А.С. Ахманова, 1957, 290 с.). Демек, лексикографиялық хабарламаның табиғаты да
ұстаздың педагогикалық хабарламасының табиғатымен бірдей. Сөздік нұсқау жасайды.
Мұның өзі сөздіктегі деректерді осылайша қолданудың қажеттігін байқатады. Сөздік – анық-
тамалық құрал болғандықтан, айтылымдарының заңды күші бар, олар беретін анықтамалары
құқықтық əлеуетті мəтін түзеді. Ұжымның пікірін білдіруші ретіндегі лексикограф шын мə-
нінде сенімхаты бар заңдастырушы болып табылады.
Оқу лексикографиясының негізгі туындысы ретіндегі оқу сөздіктерінде дəл осындай
педагогикалық қызмет орын алады. Лексикограф оқырманның тілді өз бетінше меңгеруіне
жағдай туғызады. Ол оқырманмен белгілі бір қашықтықтан, оқу сөздігінің беттерінен тілде-
сіп отырады. Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытар болсақ, кез келген сөздіктің ең
əуелі дидактикалық туынды, яғни оқытуға, үйретуге арналған туынды болып табылатынды-
ғына көз жеткіземіз.
Дидактикалық элемент сөздіктің бəрінде де бар (В.В. Виноградов, 1977, 312 с.). Алай-
да ол сөздіктің түрлі типтерінде əрқилы көрінеді. Яғни, сөздіктердегі дидактикалық элемент-
тің ашық, айқын көрінім дəрежесі əртүрлі болады. Əрине, ғылыми зерттеулерге қажетті ма-
териал даярлайтын таза лингвистикалық салалық сөздіктерде (этимологиялық, жиілік т.б.
сөздіктер) сирек көрініс табады. Мұндай сөздіктерде міндеттеуші, белгілеуші элемент өте аз
дəрежеде, ақпараттық сипаттағы материал басым дəрежеде көрінеді. Тілдегі сөздіктің ең не-
гізгі, орталық типі – түсіндірме сөздік. Түсіндірме сөздіктерде дидактикалық интенция
айқын байқалады. Ол сөздіктің құрылымындағы элементтердің барлығында да, сөзді сұрып-
тап алып, түсіндірме жасаудан бастап, шартты белгілер жүйесіне дейін – бастан-аяқ көрініс
береді. Тілді үйрету, жүйелеу, тілдегі сөздерге анықтама беру, нормалау қызметтері, яғни
оқыту, жүйелеу, анықтамалық, нормалау қызметтері – барлық тілдік сипаттамалардағы жал-
пыға ортақ дидактикалық қызмет түрлері болып табылады. Лексикография теориясында сөз-
дік түрлерін анықтау мəселесі маңызды орын алып келеді. Бұл орайда Л.В. Щербаның сөз-
діктерді жіктеуі бөлек. Ғалым сөздіктерді:
академиялық үлгідегі сөздік – анықтама-сөздік;
энциклопедиялық сөздік – жалпы сөздік;
тезаурус – қарапайым сөздік;
қарапайым сөздік – идеологиялық сөздік;
түсіндірме сөздік – аударма сөздік;
тарихи емес сөздік – тарихи сөздік түрінде өзара қарама-қарсы қоя отырып жіктейді
(Л.В. Щерба, 1974, 428 с.).
Келтірілген антитезалардың ішіндегі қарапайым сөздік – идеологиялық сөздік жұбы
ПƏНДЕРДІ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ
МЕТОДИКА И ТЕХНОЛОГИЯ
ЖƏНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ПРЕПОДАВАНИЯ ДИСЦИПЛИН
71
зерттеуімізде сөз болып отырған идеографиялық сөздікке қатысты. Бұл жерде ғалым қара-
пайым сөздік түрлерінде сөздік бірліктердің əліпбилік ретпен берілетініне, ал идеологиялық
сөздіктерде семантикалық жүйе бойынша, тақырыптық топтамалар түрінде берілетініне
ерекше назар аударады. Лексикография теориясы бойынша жазылған бұл еңбектегі бірінші
антитезада (академиялық сөздік – анықтамалық сөздік) келтірілген тұжырымдардан акаде-
миялық сөздік пен анықтамалық сөздіктің əрі ғылыми, əрі нормативті сөздік болып табыла-
тындығын аңғаруға болады. Демек, бұл екеуі де тілді үйрету ісінде оқулық пен сөздіктің
міндетін бірегей түрде атқаратын оқу құралы болып табылады.
Р. Түсіпқалиева «Қазақ лексикографиясы: екі тілді шағын сөздіктердің құрылымы»
атты еңбегінде лексикограф-ғалым А.Е. Супрунның тілді үйрету мақсатында жасалатын сөз-
діктердің жіктемеде ерекше орын алуын қолдап, академик Л.В. Щербаның дихотомиялық
жіктемесіне қосалқы топ ретінде қосуды ұсынатындығы туралы жаза келіп, ғалымның өз та-
рапынан жалпы сөздік – оқу сөздігі түріндегі жетінші дихотомиялық жұпты ұсынғанын айта-
ды (Р . Түсіпқалиева, 2007, 15–16 бб.). Автор бұл ұсынысты қолдайды. Соңғы 20–30 жылда
қарқынды дамып келе жатқан оқу лексикографиясының жетістіктерін, оқу сөздіктерінің мəні
мен маңызын мойындай отырып, біз де өз тарапымыздан бұл ұсынысты мақұлдаймыз.
Сөздіктерді топтастыруда сөздің жүйелі сипаттары (сөз бен сөйлеу, сөз бен оның
қолданылатын ортасы, сөз бен елтаным, сөз бен грамматикалық жүйе, сөз бен жазу, сөз бен
лексика-фразеологиялық жүйе, сөз бен оның мағынасы) толық ескерілуі тиіс. Нақты тіл
үйренім сөздік түзу үшін жалпы лексикографияда осындай үлгідегі сөздіктердің маңызы
ерекше. Сөздің қолданысы бірқатар факторларға байланысты болады. Атап айтқанда: 1. Се-
мантикалық, яғни сөздің мəн-мағынасы. 2. Коммуникативті, сөздің қай салада, стильде, сөй-
леу жағдаятында қолданылатыны т.с.с. (Н.М. Шанский, 1990).
Лексикалық бірліктердің лексика-семантикалық қатынасын сөз еткенде, тілден тыс
факторларымен қатар ұғымдар тіл бірліктері, сөздердің парадигмалық қатары арқылы беріле-
тіндіктен, тілдің ішкі жүйелілігі де ескерілуі тиіс. Яғни тілді үйреніп, тілүйренім сөздік
құрастыру үшін сөздердің тақырыптық жəне лексика-семантикалық байланыстарының маңы-
зы зор. Сол себепті қазақ тілін үйретуде мағынадан тұлғаға қарайғы функционалды-семан-
тикалық бағыт пен тілдік бірліктердің семантикалық жүйелілігі принциптеріне, идеография-
лық оқу сөздіктер түзуге ерекше назар аудару қажет. Мұндай идеографиялық оқу сөздіктер-
дің негізгі мақсаты – белгілі бір ойды жеткізу үшін сөздерді таңдауға көмектесу (З.Н. Левит,
1979).
5. Қорытынды.
Осыған орай идеологиялық сөздіктерде сөздік бірліктер семантикалық жүйе бойынша,
тақырыптық топтамалар түрінде берілетіндіктен бастауыш мектептің екінші сынып оқушы-
ларына арналған идеографиялық оқу сөздіктерін құрастыру үшін үлкен төрт тақырыптық
топ анықталады. Олар: табиғат, жануарлар əлемі, өсімдіктер əлемі, адам. Аталған тақырып-
тық топ өз ішінен əртүрлі лексика-семантикалық топтарға жіктеліп беріледі. Мысалы өсім-
діктер əлемі өз ішінен тағы да 1. Өсімдік құрылысы. 2. Өсімдіктің өсу жағдайы. 3. Өсімдік
түрлері сияқты лексика-семантикалық топтарға бөлініп, əр қайсысына сөздер лексикалық
мағынасының жақындығына қарай топтастырылады. Өсімдіктер құрылысы тамыр, сабақ,
жапырақ т.б. тұратындығы дүниетану пəнінің бағдарламасына сəйкес оқытылады. Осы дү-
ниетану пəнінен алған танымдық білімін идеографиялық оқу сөздіктеріннің көмегімен то-
лықтырып, кеңейте түсуге болады. Мұнда бастауыш сынып оқушыларына төмендегіндей ди-
дактикалық дағдыны меңгерту басшылыққа алынады, ескеріледі. Солардың бірі - баланың
шығармашылық қабілетін дамыту. Онда мынандай жұмыс түрлері мəнерлеп оқуға жатты-
ғу, мəтіндерді дұрыс, саналы түсініп оқу, шапшаң оқу, байланыстырып сөйлеу, тілін дамыту,
мəтінмен жұмыс істей білу, грамматикалық мағлұматтарды меңгерту, сөйлем құрастыра алу,
дыбыс, əріптермен жұмыс, сөз, орфография, есте сақтап жатқа жазу, көркем жазу, шығарма-
шылықпен жазу т.б. жазуға байланысты жұмыс түрлері орындалады. Сөздікте бұл төменде-
гіндей көрініс табады. Өсімдіктің өсу жағдайы; жарық – освещение, топырақ – земля, ауа –
ПƏНДЕРДІ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ
МЕТОДИКА И ТЕХНОЛОГИЯ
ЖƏНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ПРЕПОДАВАНИЯ ДИСЦИПЛИН
72
воздух, су – вода, жылу – тепло. Жарық – қараңғы емес, жарқыраған, ашық. (ҚТТС, 274 б).
Топырақ – жердің үстіңгі жұмсақ қабаты. (ҚТТС, 812 б). Ауа – жан-жануар мен өсімдіктің
тіршілік етуіне өте қажетті, түссіз, иіссіз зат. (ҚТТС, 70 б). Жылу – күннен оттан бөлінетін
қызу. (ҚТТС, 330 б ). Су – өзен көл т.б. құрайтын мөлдір сұйық зат. (ҚТТС, 744 б).
Ақ жылан аяғы да, көзі де жоқ,
Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ,
Тоқтамай қысы-жазы жүре берер,
Бір сəтке аялдайтын жері де жоқ. (су)
Сөздікте біріншіден сөздердің орыс, ағылшын тіліндегі аудармасы, екіншіден түсін-
дірмелі сөздіктен анықтамасы берілсе, үшіншіден тіл дамыту мақсатында, адресант жас ерек-
шелігіне сəйкес тілдік материалдармен толықтырылады. Атап айтатын болсақ, жұмбақ,
жаңылтпаш, мақал-мəтел, төрт шумақ өлең т.б. беруге болады.
Əдебиет тізімі
Балақаев М. Қазақ əдеби тілі жəне оның нормалары. – Алматы: Ғылым, 1984. – 184 б.
Қайдар Ə. Этнолингвистика // Білім жəне еңбек. – 1985. – №10. –18. – 26 б.
Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 309 б.
Түсіпқалиева Р. Қазақ лексикографиясы: екітілді шағын сөздіктердің құрылымы: фил. ғыл.
канд. автореф. – Алматы, 2007. – 24 б.
Ахманова А.С. Очерки по общей и русской лексикологии. – М.: Госучпедгиз, 1957.
Виноградов В.В. Лексикология и лексикография: Избр.труды. – М.: Наука, 1977.
Левит З.Н. Лексикология французского языка: Для ин-тов и фак. иностр.яз. – М.: Высшая шк.,
1979. – 160 с.
Ф. де Соссюр. Курс общей лингвистики. – М.: Едиториал. УРСС, 2004. – 272 с.
Шанский Н.М. Учебный словарь античных имен в русской поэзии. – Ашхабад: Магарыф,
1990.
Щерба Л.В. Языковая система и речевая деятельность. – Л.: Наука, 1974.
Dubois J., Dubois C. Introduction a la lexicographie. – 1971.
ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ
НАУЧНЫЕ РАБОТЫ
ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ
МОЛОДЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ
73
Достарыңызбен бөлісу: |