2020 ж. қаңтар, №1 (57) Журнал 2005 ж. қаңтардан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет11/18
Дата04.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#89859
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
2.Ғ. МҮСІРЕПОВТІҢ «ҰЛПАН» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СТИЛЬДІК ҚЫЗМЕТІ

Ат ізін салмау – қатынаспады, хабарласпады [6].  
Төрт түлік малдың ішінде қазақ халқы ерекше құрмет тұтатыны – жылқы малы. Қазақта 
жүйрік аттардың бітімін суреттеу арқылы жасалған, жылқы малында болатын құбылыстарды 
білдіретін, жылқы мен адамның ара қатынасын білдіретін фраземалар кездеседі [7]. 
6. – Өзің жоқта үйіңе кіріп алып, жағамыз жайлау, төбеміз қыстау, отырмыз жайла-
нып [5].
Жағасы жайлау, төбесі қыстау – мол өмір, уайым-қайғысыз тіршілік, жайбарақат 
күйде күн кешу [6].  
Қазақ халқы адамның жағымды жəне жағымсыз мінез-құлықтарын табиғаттың алуан 
түрлі құбылыстары мен қоршаған ортаға баламалай отырып сипаттама беріп отырған, 
берілген мысалда да жазушы табиғат құбылысын қосып, адамның жағдайын суреттеп тұр.
7. – Артеке, Ұлпанжан сіздің мал-жанға қарар қолыңыз қысқалығын айтқаны бар 
еді [5].
Қолы қысқа – кедей, жарлы, қалтасы жұқа [6].
Қол соматизмі берілген мысалда ҚТФС дегі ашылған мағынасына сəйкес қолданыл-
ған, яғни қорасындағы мал-жанның жоқтығын, кедейлігін көрсетіп тұр. 
8. Кəрі Каспий қара көк көзін ашты, 
Терекке жылы жүзбен амандасты [5]. 
Жылы жүз – жайдарлы, мінезі жайлы [6].
Раушагүл Авакова өзінің «Фразеология теориясында» жүз соматизміне тоқталады. Жүзі 
жылы деген тіркес бір көрген адамға қарап отырып берілген баға деген анықтама береді [7]. 
9. Еменалының түн ішінде келіп Мүсірептің үйіне бүлік салғаны осының салдары еді 
[5]. 


ТЕОРИЯЛЫҚ ЖƏНЕ 
ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ И 
САРАПТАМАЛЫҚ-ШОЛУ ЗЕРТТЕУЛЕР 
ОБЗОРНО-АНАЛИТИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ 
15 
Бүлік салған – жанжал шығарып, лаң салды, шырық бұзды, жанжал туды, ұрыс-
керіске айналды [6].
Автор шығарма тілінде бүлік салған тіркесінің орнына жанжал шығарды деп қолдан-
ған болса, сөйлем тілі аса бейнелі болмас еді. Сөйлемде қолданыс тапқан фразеологизм 
ҚТФС-де көрсетілген мағынасына орай жұмсалып тұр. 
10. – Ойдағыңды құдай өзі айдап əкелсе кім қарсы болар дейсің [5].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет