2020 ж. қаңтар, №1 (57) Журнал 2005 ж. қаңтардан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата04.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#89859
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Материалдар мен əдістер 
Бұл мақаланы жазу барысында ең алдымен жалпы теориялық əдіс қолданылды. Фра-
зеологизмдердің шығу этимологиясы мен дереккөздері, қалай қалыптасқаны мен дамуы, тео-


ҚМПИ ЖАРШЫСЫ №1 (57), 2020 
ВЕСТНИК КГПИ №1 (57), 2020 
ISSN 2310-3353 
ISSN 2310-3353
14 
риялық тұрғыдан зерттеген ғалымдар жайлы қаралды. Осының барлығы мақалада баяндау 
əдісі арқылы рет-ретімен жүйеленді. Сонымен қоса, терілген мысалдар лексикалық талдау 
арқылы толықтырылды. Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы фразеологизмдер жан-жақты 
зерттеліп, лексикология саласында алатын орны қолданған əдістер бойынша талданды. 
3, 4 Нəтижелер мен талқылау 
Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романындағы фразеологизмдердің қолданысы: 
1. Мұндай ит өмірден енді не күтіп жатырмын? [5]. 
Ит өмір – қорлықпен өткен тұрмыс, қорлық, итше ырылдасқан тірлік [6]. 
Бұл фразеологизм зооморфтық фразеологизмге жатады. Ит – жеті қазынаның бірі 
саналатыны белгілі. Түркі тілдерінің көпшілігінде, соның ішінде қазақ тіліндегі ит – құс – 
қасқыр жəне бөрі сөздерінің орнына қолданылған табу [7]. 
2. Қалмақ басқырдың аулы деуге аузы қалай барады екен? Өз басыңа келтірсін! [5]. 
Өз басына келтірді – біреуге істегені өз алдынан шықты [6].
Бас соматизмі VIII ғасырдағы көне түркі ескерткіштерінде, көне ұйғыр, қыпшақ жəне 
оғыз ескерткіштерінде, қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік кездеседі [7]. 
3. Бет алысың дұрыс, шырағым!.. – деп Есеней мəз болып қалды [5]. 
Бет алыс – бағыты, бара жатқан жағы [6]. 
Бұл сөйлемдегі тіркес алған бағытын, таңдаған жолын дұрыс, бастаған жолы жаман 
емес мағынасында қолданылып тұр. 
4. Қыздың көз қиығына қарай тұрып, қызға арнай айтты [6].
Көз қиығына – бетіне тіктеп қарап қырындап қарады [7]. 
Көз соматизмімен жасалған фраземалар саны басқа соматикалық тіркестермен салыс-
тырғанда басымырақ екен. М. Ержановтың «Адамның сыртқы бейнесін сипаттайтын сөздер-
дің лексика-семантикалық топтары» атты кандидаттық диссертациясында көздің 123 түрін 
сипаттайтын соматикалық тіркестерді көрсеткен [7]. 
5. Есеней ішінен қияметтік қарыздар адамының үйіне ат ізін салмағалы он үш жыл 
өткенін есіне алды [5]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет